Материалдар / Ерен ағашының құпиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерен ағашының құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2023
359
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А лматы облысы,

Іле ауданы, «№12 орта мектеп» МКМ

















Жоба тақырыбы: «Ерен ағашының құпиясы»

Секция: химия, биология













Жетекшісі: Э.Б. Усербаева

Бастауыш сынып мұғалімі



Орындаған: Ержан Айзере

3 сынып оқушысы



2022-2023 оқу жылы


Аннотация

2022-2023 оқу жылы


Зерттеудің өзектілігі

Қазақстан Республикасының Шарын өзені бойындағы геологиялық замандардан сақталған, табиғи ескерткіш атына ие болған, өткен дәуірдің өсімдіктер әлемін сипаттайтын реликті ерен ағашының құпияларын зерттей келе, соғды ерен ағашының құпиясын жеткізуді жөн санап отырмын.


Зерттеу мақсаты:

Ерен ағашының тарихын, құпияларын зерттеу, ағаш тұқымы арқылы жасанды өсімдік бірлестігінде және үй жағдайында өсіру.


Зерттеу міндеттері:


  • Керекті мәліметтерді жинап, сұрыптау;

  • Ерен ағашының ерекшеліктерін анықтау;

  • Жасанды өсімдік бірлестігінде және үй жағдайында өсіруді үйрену;

  • Еліміздің «Қызыл кітабына» енген өсімдіктерді біліп, қорғай білуді насихаттау


Зерттеу әдісі:

Жүйелеу, сипаттау, әңгімелеу, суреттеу, талдау жасау,жиналған мәліметтерді салыстыру, мектеп кітапханасына тіркелу, интернет желісінен ақпараттар іздеу, тәжірибе жасау, алынған мәліметтер негізінде қорытындылау.







Мазмұны

І. Кіріспе бөлім..............................................................................................4- бет

ІІ. Негізгі бөлім.........................................................................................5-12- бет

  1. Ерен тоғайының тарихы....................................................................6- 7-бет

  2. Ерен тоғайдағы «Ақсақал ағаш»......................................................7-8-бет

  3. Ерен ағашының түрлері...................................................................8-10-бет

  4. Соғды ерен ағашының қасиеті.....................................................11-12- бет

ІІІ. Зерттеу бөлімі................................................................................12-13- бет

IV. Қорытынды бөлім................................................................................14- бет

V.Пайдаланған әдебиеттер......................................................................15- бет























І.Кіріспе

Қазақстанның жер жәннаты Жетісуда, Шарын шатқалында құдіретті табиғат жаратқан жауһарлардың бірегейі – «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумақтарында орналасқан «Ерен тоғайы» бар. Бұл Алматы облысының күретамыры іспетті Іле өзенінің бойындағы өлкеміздің бойтұмары саналатын жаратылыстың ерекше құбылысы.

«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлқтарын қалпына келтіру және оларды сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 23- ақпанда № 213 бұйрығымен құылған. Алғашында оның аумағы 93150 гектар болатын. 2009 жылы парк аумағы кеңейтіліп, мемлекеттік жер қоры есебінен 32900 гетар жер беріліп, қазіргі таңда жалпы аумағы 127050 гектарды құрайды. Паркке өзінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты республикалық маңызы бар табиғатты қорғау және ғылыми жұмыстар жүргізілетін мекеме мәртебесі берілген. Бұл [1]

«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» демекші, Қазақстан Республикасының әрбір бір саналы азаматы, ата- абабамыздан мирас болып қалған ұлан байтақ жеріміздің тамаша табиғатын қорғау, сақтау, қадірлеу міндетіміз екенін естен шығармауымыз керек. Сонымен қатар, болашақ ұрпаққа аманат ету парызымыз.Табиғат –жалпы адам баласының ортақ қазынасы.Өсімдіктер, жануарлар, таңғажайып құбылыстар, көркем көрністер табиғаттың бір бөлшегі. Әр адамның дүниеге келгені, алғаш «Ана» дегені, тәи- тәй басып жүргені, оқу оқып, білімге жол ашқаны –табиғат анамыздың дархан пейілі мен мейірі емес пе? Өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаның ауасын таза сақтау үшін табиғатымызды жасыл желекке орау міндетіміз деп ойлаймыз.

Болашақ ұрпақтың білім мен тәрбиесіне жоғары жауапкершілікті жүктеген,  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің  “Мектептегі эко білім мен тәрбие” деген сұхбатындағы, “балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйрету аса маңызды. Экологиялық тәрбие жауапкершілік, адамгершілік және ізгілік деген ұғымды қамтиды –деген өзекті идеясы бізге де ой салды.

Мен де, өз елімнің тамаша табиғатын, баға жетпес байлықтарын көріп, біліп өсіп келе жатқан ұрпақпын. Сондықтан да, өсімдіктер әлеміндегі ерекше қасиеті бар соғды ерен ағашының құпиясы қандай екенін білгім келді.































ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Ерен тоғайның тарихы

Бұл Ерен шоқтоғайы Орта Азия мен Қазақстан аумағында ғана сақталған бірден- бір құнды табиғат ескерткіші болғандықтан, 1964 жылы 19- науырызда бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 144-Р қаулысымен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші деп жарияланып, қорғауға алынды.

Деректерге сүйенсек Ерен тоғайы Жетісу жерінде неоген кезеңінен (Бұдан 23-1,6 млн жылдар бұрынғы уақыт аралығы) сақталып қалған табиғаттың таңғажайып сыйы. Тоғай Алматы облысындағы Іле өзенінің сол жақ саласы, Шарын өзенінің ортанғы ағысында, «Сарытоғай» елді мекенінде орналасқан. Бұл тоғайда өте сирек кездесетін, реликті (Реликт (лат. relіctum — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер кіред) [2] ағаштың үш түрі өседі. Олар: Іле жидесі, Іле бөріқарақаты және соғды ерені. Ұзақ уақыт бойы, бір табиғат жағдайында соғды еренімен бірге тораңғы және терек табиғи бірлестік болып өседі. Тораңғы соғды еренімен бірге палеоген кезеңінен бері сақталып өсіп келе жатыр және сирек кездесетін ағаш түрі ретінде екеуі де еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жергілікті халықтың айтуы бойынша, бұл тоғай бұрындары жасыл желекті, өте көрікті, ит тұмсығы өтпейтін қалың орман болған дейді. Осындай табиғаттың ерекше сыйы Ерен тоғайының бүгінгі таңдағы ахуалы халық пен экологтарды қатты алаңдатып отыр. Тоғайдың ағаштары сиреп, қурап бара жатқандығына Шарын өзенінің суының тартылуы себеп болып отыр. Өйткені, 2012 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданындағы «Мойнақ» су электр станциясы іске қосылғаннан кейін Шарын өзенінің су мөлшері азайған. Келеңсіз экологиялық жағдайдың әсерінен 1,5 гектардан аса Ерен тоғайының құрғап, қурап, жойылып кетуіне әкеліп соқтырған.

Қазіргі таңда Ерен тоғайының экологиялық жағдайы, соның ішінде антропогендік факторлардың қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты құзырлы мемлекеттік мекемелердің қатысуымен ерекше қорғауға алынған аймақ болып болып табылады.

«Ерен тоғайы» - ғылыми-экскурсиялық маңызға ие. Сондай-ақ, тоғайдағы аңшылық үй 1972 жылы салынған. Сонымен қатар, тоғайда демалыс үйлері бар. Қазіргі уақытта еліміздің түпкір-түпкірінен және басқа да шет мемлекеттерден саяхатшылар мен демалушылар келіп, Ерен тоғайын тамашалайды. [2]

Еліміздің алтын алқасы сияқты табиғи ерекше ескерткіш болған Ерен тоғайын болашақ ұрпаққа жасыл- желегімен, тал- терегімен, жайқалып құлпырған күйінде жеткізу бәріміздің парызымыз деп ойлаймын.

2.2. Ерен тоғайдағы «Ақсақал ағаш»

Тоғайда бірінші және екінші терессада өсетін ерен ағаштары бар. Бірінші терассада табиғи түрде өсетін ерен ағаштары бой көтерген. Ал екінші терассада соғды ерені тұрақты суару арқылы жасанды өсімдік бірлестігінде қолдан өсіріледі. Ондағы мақсат –әлемде өте сирек кездесетін ерен тоғайын табиғи түрде сақтап қалу. Бұл жұмыстар өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары жүзеге асырылған. Жасанды бірлестіктегі сол ерен ағаштары бүгінде бір – бірімен бой таластыра өсіп, өзінің сымбаттылығымен де орман тыныштығының сақшысы болып тұрғандай әсер қалдырады. [2]

Шарын ерен тоғайында екі- үш ғасыр жасаған, жеті- сегіз адамның құшағы әрең жететін алып «Ақсақал ағаш» атанған ерен ағашын кездестіресің. Олар арнайы қоршаумен қоршалып, қорғауға алынған. Ұлттық парктің өзгеше бір символына айналған бұл соғды ерені өзінің ұзақ жасайтындығымен де ерекшеленеді. Ғалым мамандардың деректеріне қарағанда, өніп шықанына 30 жылдай болған соғды еренінің биіктігі 25-30 метрге дейін жетеді. Ұзақ жасайтындығы соншалық, ол үш ғасырдан астам уақыт бойы жапырақ жайып, табиғи реңкін жоғалтпайды. Оның бұтақ жайу кезеңі 40-60 жылға созылады, тамыр жүйесі аса қуатты болып келеді. Тамыры топырақ қабатынан өтіп, жер асты суына дейін жетеді. Орманның негізгі тегі таза соғды ерені болып табылады. Оның фитоценозы орманның 35 пайызын құрайды.Фитоценоз –бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз -өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі. Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар.Соғды еренімен сексеуіл, жыңғыл,тораңғы басқада өсімдіктер әлемі бірлесіп, жылдың төрт маусымындада төңеректі ерекше бір көрініске бөлейді. [5]

2.3. Ерен ағашының түрлері

Ерен ағашы –зәйтүн тұқымдасына жатады. Оның орысша атауы «ясень». Ғылыми атауы- (Fraxinus) фраксинус. Өте ылғал сүйгіш өсімдік.Бұл ағаштар өзен жағасына жақын өседі. Ағаштың діңі темір сияқты өте қатты, ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Ерте замандарда ерен ағашын көпір, су диірмендерін т.б салуға пайдаланған. Діңін темір орнына көпір құрылыстарында су ішіндегі тіреуіштер үшін қолданған. Себебі, ол суда ұзақ уақыт бойы шірімей тұрады.

Ерен ағашының 60-қа жуық түрі бар. Бұл жапырақты ағаштар немесе көп сабақты бұталар, олардың биіктігі 5-тен 45 м-ге дейін өзгереді, түзу діңі бар. Жас ағаштардың қабығы жасылдау, күлді немесе ашық қоңыр түсті, қартайған сайын қарайып, жарылып кетеді. Тәжі ұзартылған жұмыртқа тәрізді, кең дөңгелек, қалың, салыстырмалы түрде сирек кездесетін жас бұтақтары бар, олардың ұштары дерлік тігінен жоғары қарай өседі.

Көптеген халықтардың сенімінде ерен ағашы өткен мен болашақты біріктіруге көмектесетін қайта туылу мен жаңару ағашы болып табылады. Дүние жүзі халықтарының көптеген аңыздар мен мифтерінде алғашқы адамдардың пайда болуы ерен ағашымен байланысты екені айтылады, олардың кейбіреулері ерен ағашынан адамдар ойылған десе, кейбіреулері алғашқы адамдар ерен ағашында пайда болды дейді.

Ерен тұқымының қазіргі таралу аймағы негізінен Солтүстік жарты шармен шектелген. Ереннің кейбір түрлері тропиктік ормандарға енеді. Палеонтологиялық қазба деректері дәлелдегендей, мұздық дәуірде ылғалды және жылы климат кезеңінде ерен ағашы Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада кеңінен таралған. Ереннің Еуропада 10 түрі, Африкада бір түрі, Солтүстік және Орталық Америкада 16 түрі кездеседі. Азияда ерен тұқымының 50-ге жуық түрі өседі. Кәдімгі ерен ағашының ең кең ауқымы және экономикалық маңызы бар. Азияда манчжур ерені кеңінен таралған және әртүрлі салаларда қолданылады [3]

Ерен ағашың бінешеуіне тоқталып, сипаттама бере кетейік.

  • Кәдімгі ерен (Fraxinus excelsior) - биіктігі 40 м және диаметрі 1,7 м жетеді, доға тәрізді иілген бұтақтары бар. Бұл ағаштың өмір сүру ұзақтығы 150-350 жыл.

  • Маньчжур ерені (Fraxinus mandshurica) қарапайым еренге көп жағынан ұқсас. Маньчжур ерені – бірінші шамадағы ағаш, биіктігі 25 м, диаметрі 1,5 м жетеді. Діңі түзу болып өседі.Бұл Қиыр Шығыстың оңтүстігіндегі кең таралған ағаш түрлерінің бірі. Қабығы жас ағаштарда да жұқа болады жасына қарай түсі сұрдан қара сұрға дейін өзгереді. Өскіндер мен жас бұтақтары қою сары немесе қоңыр түсті болып келеді. Ол тез өседі, кесілгеннен кейін оның тамырынан өркендер жақсы жаңарады, бұл қабілет 120-130 жылға дейін сақталады. 400 жылға дейін өмір сүреді.

  • Сумахолист ерені (Fraxinus сoriariaefolia) кәдімгі еренге жақын түрі. Одан жапырақтың тығыз жүнділігімен ерекшеленеді. Сумахолист ерен ағаштары 25 м биіктікке жетеді.Өркендері ақшыл сұр түсті, барқыт тәрізді, бүршіктері қара, түкті. Сәуірде гүлдейді, жемістер тамызда піседі. Кавказда таралған, төменгі және орта тау белдеулерінің ормандарында сирек кездеседі.

  • Өткір жемісті ерен (Fraxinus oxycarpa) өте өзгермелі түр, қарапайым еренге жақын, оны ажырату қиын. Қырымда, Жерорта теңізінде, Кавказда, Балқан түбегінде, Кіші Азияда және Иранда таралған. 1815 жылы енгізілген. Биіктігі 20-30 м және диаметрі 1,3 м болады, 350 жылға дейін өмір сүреді. Бұтақтары жасыл-сұр немесе ашық сарғыш, бүршіктері қоңыр түсті болады.

  • Жіңішке жапырақты ерен (Fraxinus angustifolia) – сәндік, жинақы жарық сүйгіш өсімдік, ағаш биіктігі 20 м жетеді, кейде бұта болып өседі. Қырымда, Жерорта теңізінде, Иранда таралған. 1800 жылы өсіруге енгізілген. Жас өскіндер жасыл, жылтыр, қара бүршіктерболады. Суыққа төзімділігі төмен. Мамырда гүлдейді, жемістер тамызда піседі.

  • Поярковой ерені (Fraxinus pojarkoviana) – жіңішке жапырақты еренге жақын түрі, одан ұзын. Днепр аймақтарында, Балқан түбегінде таралған.

  • Саңырауқұлақ ерені (Fraxinus pallisae) жүнді өркендерімен және түкті жапырақтарымен ерекшеленеді. Ағаш 30 м биіктікке жетеді.Өркендері қоңыр, бүршіктері қоңыр немесе қою қоңыр болады.

  • Сирия ерені (Fraxinus syriaca) – биіктігі 10-15 м-ге жететін, Өскіндері сұр-қоңыр, қалың, бүршіктері қоңыр немесе қара-қоңыр, қысқа өсінді. Отаны – Орталық Азия, Таяу Шығыс. Жарық сүйгіш мезофит, суыққа төзімділігі төмен, құрғақшылыққа өте төзімді, топырақтың тұздылығына төзеді. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді, жемістер маусымда піседі. 1880 жылы өсіруге енгізілді.

  • Соғды ерені (Fraxinus sogdiana) - Жарық сүйгіш гигромезофит, орташа суыққа төзімді. Соғды ерені маусым айында гүлдейді. Өсімдік тамыз айында жеміс береді. Отаны – Қазақстан, Орта Азия. Жайылымдарда дара немесе жапырақты ормандарда топтасып өседі. Маусым айында гүлдейді, жемістер тамыз-қыркүйек айларында піседі. Ресейге 1890 жылы енгізілген. [6]

2.4. Соғды ерен ағашының қасиеті

Зертеуімізде соғды ереніне кеңірек тоқталамыз. Соғды еренінің Отаны –Қазақстан . Соғды ерені Қазақстаннан басқа тек АҚШ- тың Невада штатындағы «Гранд» шатқалында өсетін, жойылып бара жатқан, қорғауды қажет ететін түрі. Зәйтүндер тұқымдасына жатады. Оны ғылыми тілде «Соғды ерені» (Fraxinus sogdi) деп атайды.Ағаштың діңі темір сияқты қатты. Оны балтамен ұзынынан шауып сындыру мүмкін емес, тек көлденеңінен аралап кесуге болады.

Физикалық-механикалық сипаттамалары бойынша ол емен ағашына жақын, сондықтан оларды қолдану аймақтары ұқсас. Ерен ағашының қаттылығы, серпімділігі, беріктігі оны спорттық құрал-жабдықтарды (теннис ракеткалары, шаңғылар, хоккей таяқтары және т.б.) және басқа бұйымдарды өндіруде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Ағаштың әдемі құрылымы бар, сондықтан ол қаптау, әрлеу материалы ретінде пайдаланылады, мысалы, паркет тақталарын өндіру үшін. Ерен ағашын қолмен де, әртүрлі құралдардың көмегімен де өңдеуге болады, бу күйінде ол бук ағашы сияқты иіледі. Ерен ағашы әлсіз қышқылдарға төзімді, бірақ қоршаған ортаның әсеріне жеткілікті төзімді емес, ол жермен байланыста зақымдалады. Ерен ағашын сыңдыру қиын болғандықтан, ол ашық ауада қолданылатын өнімдер үшін сирек қолданылады. Белгілі бір өңдеуден кейін ерен ағашы қызыл ағашқа ұқсайды және балама ретінде сәндік және әрлеу жұмыстарында қолданылуы мүмкін. Түрлі сәндік қолөнер жасау үшін таңқаларлық әдемі ағаш құрылымы бар ерен бұталары қолданылады. Ерен фанерлері әртүрлі сипаттағы әрлеу жұмыстарына сұранысқа ие, мысалы, жиһаздар мен музыкалық аспаптарды, автомобильдер мен автокөліктердің интерьерін әрлеу кезінде. [3]

Кәдімгі ерен жапырақтарының құрамында таниндер, эфир майлары, аскорбин қышқылы және т.б. С витамині, алма қышқылы және т.б. бар. Осының барлығы еренді бағалы дәрілік шикізаттың көзіне айналдырады, ерен жапырақтарынан қабынуға қарсы препараттар жасалады және ішкі және сыртқы қолдану үшін гемостатикалық сипатта болады. Ереннің қабығы бояғыштар мен таниндерді алу үшін қолданылады. Жазда әлі жұмсақ болған кезде жиналған жас ерен жемістерді тұздауға және дәмдеуіш ретінде жеуге болады. Жапырақтары, өркендері және жас бұтақтары жаңа және құрғақ күйінде мал оңай жейді.

Ерен орман шаруашылығында, әсіресе қорғаныш және мелиоративтік орман өсіруде, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Ол газдың ластануына және ауа түтініне орташа төзімді, топырақтың тығыздалуына жол бермейді. Әдемі, ашық, бау-бақша және саябақ құру кезінде абаттандыруда таптырмас ағаш. Ерен ағашынан жалғыз екпелер де, топтар да, тұтас аллеялар да жасалуы мүмкін.



























ІІІ. Зерттеу бөлімі

Зерттеу жұмысымның мақсаты негізгінде Ерен ағашының тарихын біліп, құпияларын анықтап, ағаш тұқымы арқылы жасанды өсімдік бірлестігінде және үй жағдайында өсіруді қолға алдым.

1-тәжірибе.

Ерен ағашы тұқымы арқылы көбейеді. Гүлдері 2-3 гүлден тұрады. Жапырақ ұзындығы 2- 7см, ені 1-5 см болады. Тұқымы 2-5 см жіңішке болады.

2-тәжірибе. Егу алгаритмі.

Соғды еренінің тұқымын наурыз айында далаға және үй жағдайында бақша топырағына отырғыздым . Мамыр айында көктеп шықты. Жаздай күтіп, баптадым. Үй жағдайында отырғызылған ағаш шілде айында бейімделуге тұрақсыз болды. Терезе алдында тұрып, жапырақтары күнге күйіп кетті. Далаға бақша ішіне шығарып, су құйып күтімді тоқтатпадым. Ол қайта жапырақ жайды.

Ауа, су, жер – бізді қоршаған орта. Бүгінде олардың жағдайы апатты деп бағаланады, планета экологиялық дағдарысты бастан кешуде. Сол себепті, мен еліміздің экологиялық мәселесіне осы зерттеу барысында өз үлесімді қосқым келді. Қазақ халқында «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақал бар. Соның негізінде, Ерен тоғайында өсетін соғды ерен ағашын тұқымы арқылы жасанды табиғи бірлестік ортасында өсіруді мақсат еттім.













ІҮ. Қорытынды бөлім

Зерттеу барысында мен мақсатымыма жеттім деп есептеймін, өйткені мен Ерен ағашының түрлерімен таныстым және де, сыныптастарымды «Ерен тоғайы», ерен ағашымен таныстырып, соғды ерен ағашын жасанды табиғи бірлестікте өсіруді қалға алдым.

Қазіргі таңда елімізде ауаның, қоршаған ортаның ластануы, өндіріс орындарынан, көліктерден т.б.бөлінетін зиянды түтіндердің мөлшерден тыс көп екендігі туралы экологтар дабыл қағуда. Ауаны тазартатын бірден- бір көмекшіміз өсімдіктер екені бәрімәзге аян. Сондықтан, табиғатты қорғау әрбір адамның парызы деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысы барысында мен «Ерен тоғайы» тарихымен таныстым. Ерен ағашының түрлерімен, олардың қолдану аясын білдім. Соғды ерен ағашын тұқымы арқылы жасанды өсімдік бірлестігінде және үй жағдайында өсірдім. Қойған мақсатыма жеттіп, болашақта осы өсірген ағашымды жергілікті жерге бейімделіп кетуіне өз үлесімді қосып, бақылау жұмыстарын тоқтатпай әрі қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмын.





















Ү. Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Ана тілі» газеті 15 Мамыр, 2014

  2. «EGEMEN QAZAQSTAN» газеті 22 шілде 2019

  3. https://lesprominform.ru/journals/104

  4. «Жетісу» газеті 14.07.2019

  5. Informburo.kz. 1970872022

  6. https://zoo.fandom.com/ru/wiki







1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!