Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ересек топ құжаттары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2023 - 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : ЖШС “Ashura-DS”
Топ: ересек “ Балдырған”
Балалардың жасы: 4 жастағы.
Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы, 2023-2024 оқу жылы.
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты |
Қыргүйек |
Дене шынықтыру |
Маман жоспарымен. |
Сөйлеуді дамыту |
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру; - балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу; - баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау; - балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру. Сөздік қор. Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану. Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір). Байланыстырып сөйлеу. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. |
|
Көркем әдебиет |
- Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту; - баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау; - балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну; - балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту. Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу. |
|
Қазақ тілі |
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру; - Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту; - баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау; - балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту. Тілдік дамытушы орта. Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Сөздік қор. Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру. Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету. Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету, үлгі бойынша жай, жайылма сөйлемдер құра білуге үйрету. Өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру. |
|
Математика негіздері |
- заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; - танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу; - сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; - сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету; - эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту; - тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Жиын. Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу. |
|
Сурет салу |
- түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту; - өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту. Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бірбіріне арақатынасын беру. |
|
Жапсыру |
- өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту; - өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру; - қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту. Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту. |
|
Мүсіндеу |
- өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту; - өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркемэстетикалық талғамды дамыту. Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету. |
|
Музыка |
Маман жоспарымен. |
|
Құрастыру |
- түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту; - өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту; - балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру. Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру. |
|
Қоршаған ортамен танысу |
- ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту; - отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу; - құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу; - туған өлкеге, өзінің еліне және оның тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу; - тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту; - танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру; - табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру; - қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтау. Бала, оның отбасы, үй. Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір-қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру. Заттық әлем. Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру. Байланыс және қозғалыс құралдары. Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын таза ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгеруіне ықпал ету. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру ережелері. Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2023 - 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : ЖШС “Ashura-DS”
Топ: ересек “ Балдырған”
Балалардың жасы: 4 жастағы.
Жоспардың құрылу кезеңі: қазан айы, 2023-2024 оқу жылы.
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты |
Қазан |
Дене шынықтыру |
Маман жоспарымен. |
Сөйлеуді дамыту |
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру; - балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу; - баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау; - балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру. Сөздік қор. Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану. Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір). Байланыстырып сөйлеу. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. |
|
700 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |