|
Қыркүйек
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі
қимылдар:
Жүру. Өкшемен, аяқтың сыртқы
қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға),
сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып,
бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын
үйлестіру.
Тепе-теңдікті
сақтау. Сызықтардың арасымен
(арақашықтығы 15 см) жүру, сызықтардың, арқанның, тақтайдың,
гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру. Қолды екі жаққа
созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу. Қырлы,
көлбеу тақтай бойымен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жүру. Қолдарды
әртүрлі қалыпта ұстап, еденнен 20 – 25 см жоғары қойылған сатының
таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6
доп арқылы кезекпен) аттап өту;
|
|
Сөйлеуді дамыту және көркем
әдебиет
|
Сөйлеудің дыбыстық
мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды
дұрыс айту дағдыларын бекіту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық
айтуды үйрету.
Сөздік
қор.
Балалардың сөздік қорын
адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен,
заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен
байыту.
Келесі дағдыларды
қалыптастыру:
1) тұрмыстық заттар және
қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын
қалыптастыру;
Тілдің грамматикалық
құрылымы.
Келесі дағдыларды
жетілдіру:
1) байланыстырып
сөйлеу;
2) жануарлар және олардың
төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі
тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде
қолдану;
Оқу,
әңгімелеу.
Көркем шығармаларды
эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы
көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және
жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме,
ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету; әдеби
шығармаларда бейнеленген қоғамдық өмір, табиғат, қоршаған орта
оқиғалары, Қазақстан халқының өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері
туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) театрландырылған әрекет
дағдыларын дамыту:
-түрлі мәтіндерді дыбыстағанда
дұрыс тыныс алу;
3) адамгершілік нормалары
туралы түсінік
Келесі дағдыларды
қалыптастыру:
-
ересектермен және құрдастарымен
қарым-қатынас;
|
|
Қазақ
тілі
|
Тілдік дамытушы
орта.
Айналасындағы өзін қоршаған
ортадан тыс заттар мен құбылыстар,
оқиғалар туралы ақпараттарды
алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру. Ұжымдық әңгімеге
қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге, бейнелеу
құралдарын қолдана отырып, еркін ойындарда және сахналық
қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін
жеткізуге, сөйлесу барысында әңгімелесушінің назарын өзіне аудару
үшін интонациямен сөйлеу мәнерін өз бетінше қолдануға, түрлі
балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін
түсіндіруге және дәлелдеуге баулу.
Байланыстыра сөйлеу тілін
дамыту:
сурет бойынша әңгіме
құрастыруға үйрету, сөздік қорын байыту. Ойын арқылы қарым-қатынас
дағдыларын дамыту. Есту, көру, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Қазақ
тілінде таза, дұрыс сөйлеп үйрету. 4-5 сөзден тұратын
сөйлем айту; сөйлем сөздерін бір-бірімен үйлестіру; құрдастарымен
және ересектермен диалог жүргізу; тақырыпты сипаттай
білу; антонимдерді түсіну (ақ-қара,
үлкен-кішкентай). (Балабақша, үй, есік, терезе, дүкен, емхана,
сабын, су, кір, таза, билейік, ән
айтамыз)
Ойыншықтарды қазақша дұрыс
атауға үйрету. Сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуге
жаттықтыру. Өткен сөздерді бекіту. Ойыншықты таза ұстауға
тәрбиелеу. (Сылдырмақ, қонжық, сұр, қоңыр, жолақ, ойнаймыз,
санаймыз, жинаймыз)
Сөйлеудің дыбыстық
мәдениеті.
Бөбекжайда жұмыс істейтін
мамандықтармен таныстыру; сөйлем құрастыру мүмкіндігін дамыту;
«Мынау кім?» «Мынау не?» «Не істейді?» «Қандай?» деген сұрақтардың
мағынасын түсіндіру.
«Ә», «Ү», «Ы» , «Ұ»
дыбыстарының айтылуын үйрету. (Тәрбиеші, күтуші, аспазшы,
меңгеруші, жақсы, жұмыс істейді)
Отбасының барлық
мүшелеріне деген құрметті тәрбиелеу. Қазақ тіліне тән «Ә», «І»,
«Ғ», «Ң» дыбыстарын дұрыс атау. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер
құрастыруға үйрету. (Әже, ата, әке, ана, іні, сіңлі, туыс, екеу,
үшеу, мейрімді)
|
|
Қоршаған ортамен
таныстыру
|
Бала, оның отбасы, үйі:
Баланың «Мен» бейнесін
қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау,
оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, онымен санасу, жеке басын
құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы
түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін,
мен ересек боламын»).
Заттық
әлем
Балаларды заттық әлеммен
таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын
маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді
жетілдіру.
Қоршаған орта заттары, олардың
қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін
кеңейту.
|
|
Құрастыру
Сурет
салу
Мүсіндеу
Жапсыру
|
Құрылыс материалдарынан
құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана
отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді
көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін
ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок және т.б.) және атау, оларды
сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өзбетінше ойдан
құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің
кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар
ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне
ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою,
құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін
сақтау.
Ұжымдық құрастыруға
қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар
арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану,
командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын құрылысты
талдау.
|
|
Заттық сурет
салу.
Балалардың дербес тәжірибелік
әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен,
қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен
сурет салудың техникасын жетілдіру.
Келесі біліктерді
қалыптастыру:
әртүрлі бағыттағы тура
сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді
үйрету.
Сюжеттік сурет
салу:
қоршаған ортаның әсемдігіне,
өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың
ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын
қалыптастыру.
Сәндік сурет
салу.
Келесі дағдыларды
қалыптастыру:
қазақ халқының және
басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру
барысында эстетикалық қабылдауын дамыту
|