Материалдар / Ересектер тобына арналған дамыту - түзету тренингтік сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ересектер тобына арналған дамыту - түзету тренингтік сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектер тобына арналған дамыту - түзету тренингтік сабақ Мақсаты: Балалардың мимика, қол – қимылын дамыту, эмоциямен таныстыру, қуаныш эмоциясының түсінігін беру, балаларды бір-бірімен жақындату. Жоспар: 1. Сабақты бастау рәсімі: «Сүйкімді жануар» 2. Көзіңді жұм да, допты ал! 3. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы 4. Эмоциялар 5. Рефлексия
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2022
239
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересектер тобына арналған

дамыту - түзету тренингтік сабақ.


1 сабақ

Мақсат: Балалардың мимика, қол – қимылын дамыту, эмоциямен таныстыру, қуаныш эмоциясының түсінігін беру, балаларды бір-бірімен жақындату.


Жоспар: 1. Сабақты бастау рәсімі: «Сүйкімді жануар»

2. Көзіңді жұм да, допты ал!

3. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы

4. Эмоциялар

5. Рефлексия


  1. «Сүйкімді жануар»

Балалар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады.

  • Балалар, біз үлкен сүйкімді жануармыз,- деп жүргізуші бастайды.

Балалар жүргізушінің артынан қайталайды.

  • Жануардың дем алғанын тыңдайықшы, - деп бір-бірінің дем алғанын тыңдап, терең демалады.

  • Ал, енді жүрегінің соққанын тыңдайық: бір қадам алға - тук-тук, бір қадам артқа – тук-тук. Біздің жануарымыз өте мейірімді, сүйкімді. Ол күннің сәулесінен алған жылулылықты бойына жинап, жақсы көңіл-күймен жүреді.

Жарайсыңдар, балалар!


  1. Көзіңді жұмда, допты ал! жаттығуы

Балалар шеңбер құрып отырады. Кезек – кезекпен бір – біріне тез-тез допты беріп отырады. Ойын сайыс түрінде өтеді. Жаттығып болған соң, жаттығуды күрделендіруге болады: балалар көздерін жұмып ойнайды.


  1. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы.

Балалар шеңбер құрып отырады. Балалар жүргізушінің сөзін, қол - қимылымен, мимикасын қайталау керек.


Екі аю отырды, Балалар отырады

Жұқа – жұқа бұтақта.

Біреуі газет оқыды, Қолдарын алға созып, газет оқыған болады

Екіншісі нан жазды. Нанды жазады

Бір,екі; бір, екі; бір, екі,

Екеуі ұнға құлап түсті. Құлап түседі.


«Төмен», «биік», «мен», «ол», «осы жерде», «сен» деген сөздерді, балалар сөзбен айтпай, қол-қимылмен көрсету керек

  1. Эмоциялармен танысу.

Балалар, сендер бір күнде әртүрлі көңіл - күйде бола аласыңдар ма? Кейде қуанасыңдар, ренжеп қаласыңдар, солай ма? Осы әртүрлі көңіл – күйімізді эмоция дейміз. Қуанғанда қуаныш эмоциясына бөленеміз, ашуланғанда – ашу эмоциясына, эмоцияның көптеген түрі бар: ашу, реніш, қайғы, қуаныш... Ал, енді балалар айтыңдаршы сендер қай кезде қуанасыңдар? (Балалардың жауабы).


  1. Рефлексия.

  • Балалар, біз бүгін қандай жаттығулар орындадық, қандай жаттығу ұнады? Қандай эмоцияларды үйрендіңдер?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!