Материалдар / Ереуілтөбе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ереуілтөбе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ереуіл төбе туралы мәліметтер. осы өлке туралы мәлімет алуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
670
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Ереуілтөбе - Кеген ауданы Қарқара жайлауындағы тарихи орын. 19-ғасыр аяғы, 20 ғасырдың басында атақты Қарқара жөрмеңкесі өтіп жүрген жайлаудың кіндік тұсындағы төбе. 1916 жылы 11-шілдеде осы төбеде бас қосқан Албан руының игі жақсылары патша өкіметінің ескерге адам алу туралы жарлығына қарсы шығын, көтеріліс жасауға пөтуаласады. Жетісу облыс жандарм басқармасының архив құжаттарында осы үлкен жиынға Пржевальск (Қарақол), Верный, Қапал уездерінің өкілдері және ұйғырлардың Кетпен, Ақсу-Шарын болыстарынан адамдар қатысқаны ерекше атап көрсетілген (ОМА, Жандарм басқармасының қоры, 6-іс, 78-81-6.). Осы жиында ортаға тасталған: "Берсек — бала өледі, бермесек — шал өледі. Бала өлгенше, шал өлсін" деген бір ауыз сөз Қарқара (Албан) ұлт-азаттық көтерілісінің ұранына айналған.

1926 жылы күзінде мемлекеттік қайраткерлері О.Жандосов, Ы.Көшкінов, Ә.Жүнісов, т.б. ұйымдастыруымен Қарқара (Албан) көтерілісінің 10 жылдығы аталып өтіп, бұрын Көктөбе, Айттөбе делініп келген төбені Ереуілтөбе деп атау туралы ұсыныс қабылданды. Жиналған қалың жұртшылық төбе басына тас үйіп, қазақ театрының негізін қалаушы Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұловтың өнерін тамашалаған. Ә.Қашаубаев пен И.Байзақов өн мен жыр төгілткен. 1986 жылы Ереуілтөбеде көтерілістің 70 жылдығы аталын өтіп, көрнекті ескерткіш белгі өрнатынды, төбе қасына арнайы музей салынды.























Негізгі бөлім.


Қарқара. Аспантаудың «басы – қыс, етегі – жаз» осы атырабы туралы айтқанда бірден ғұлама ғалым, жиһанкез-саяхатшы Шоқан Уәлиханов ойға оралады. Кезінде мұнда бір емес, бірнеше рет болған ұлы ғалымның осында өшпес рухы мен өлмес белгілері жатыр. Ежелгі Қарқара елінің тұрмыс-тіршілігі, сұлу табиғаты Шоқан жазған еңбектер мен салған суреттерде жақсы бейнеленген. Мұндағы Мыңжылқы тауының бір асуын бүгінге дейін осындағы жұрт «Шоқан асқан» деп атап жүр. Бұл тарихи өлкеге Шоқан алғаш Ұлы жүз қазақтары мен Алатау округінің приставы, полковник М.Хоментовский ұйымдастырған Ыстықкөл экспедициясының құрамында 1856 жылы келген. Саяхатшы-ғалым осында өзен мен бастау-бұлақтардың молдығын, жайылымдық жерлердің шұрай­лылығын, аң мен құстың жыртылып-айырылатынын сүйсіне суреттейді. Қарқара өңірі ежелден-ақ төрт түлік малға толы. «Аясы аз ғана Қарқара жазығы иін тірескен малдан бет-жүзін көрсетпейді. Қаптап басқан тұяқтан қабырғасы қайысып тұншыққандай», – деп жазады осы өңірді 1927 жылы көзімен көрген заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Қилы заман» повесінде. Тоғыз жолдың торабы болған сұлу өлкеге Ресейдің Еділ мен Ертіс бойындағы қалаларынан, Орта Азиядағы Хиуа, Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Құлжа, Қашқа­риядан келген сауда­герлердің таңғалмағаны жоқ шығар.

Қарқара жазығы – албан руының құт-берекелі жайлауы, кешегі бабаларымыздың азаттық жолындағы қаны тамған жер. Бүгін де қуат-күшін жоймай, құлпырып, өткеннен сыр бермей тұр. Қарқара жазығында не көп, төбелер көп. Тау етегіндегі мидай жазыққа осы тақиядай дөңгелек обалардың өз бетімен пайда болмағандығы, адам қолымен жасалғандығы айдай ақиқат. Ел аузында олар туралы әртүрлі әңгімелер мен аңыздар бар. Жаугершілік заманда қазақтар жауына қарсы шабар алдында әр әскерге бірден тас алғызып, үйгізіп, сол тас үйіктің көлеміне қарай қолының санын білген. Жорықтан оралғанда соның қатарына қайта тас үйгізіп, шығынын анықтап, өлгендерге бағыштап құран оқыған десе­ді. Қарауыл қарайтын төбе мақсатында да тас жинаған деп  айтады. Бүгінде олардың үстіне шөп шығып, шым басып кеткен. Қарқарада болғандар осы төбелерге бір шықпай кетпейді. Обалардың үстінен атақты жайлау тым әсем болып көрінеді. Батыр бабаларымыздың жиналып бас қосқан жері сол төбелердің біреуі екені белгілі. Бірақ, оның дәл қайсысы екенін кезінде ешкім дәл тауып бере алмады.

Елдік пен ерліктің белгісі – Ереуілтөбе. Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір батырлар бастаған қазақтар 1916 жылы патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы көтерілген; осы көтерілісті басамыз деп патша әскері қазақтарды сай-сайдан қуалап жүріп атқан; атарға оғын аяп асқан, екі қабат әйелдің қарнын жарып, ішіндегі баласын алып шапқан; топтап апарып киіз үйге қамап қойып сыртынан өртеген; сол қырғыннан Қарқараның қызғалдағы қан сасыған, бүлдіргені қан татыған …

Осы көтерілісте шейіт болған батыр ата­лары­мызға және нақақтан қырылған балалар мен аналарға арнап 1926 жылы Ораз Жан­досов, Ыдырыс Көшкінов, Әубәкір Жү­нісовтер бастап, Қазақ драма театрының іргетасын қалаған Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Қанабек Байсейітов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Күләш Бай­сейітова, Әміре Қашаубаев, Иса Бай­зақов­ қоштап, жәрмеңкеге жиналған бү­кіл елді ұйымдастырып, қазақтардың ше­шім шығарар, ант қабылдар төрі, кешегі көтері­ліс­тің ордасы болған Айттөбеге шығыс ж­ағын­дағы Желқарқара арнасынан тас тасып үйіп, оны намысты көтерілістің құрметіне, бас­қаша айтқанда, азаттық үшін айқастың қадірі мен қасиетіне арнап Ереуілтөбе деп атаған.

Осы Ереуілтөбе содан кейін басқарушы және атқарушы орындар тарапынан елеусіз қалған. Олай болуының басты себебі, қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты еді: 1929-1931 жылдардағы колхо­здастыру және кәмпеске; 1932-1934 жыл­дардағы аштық; 1937-1938 жыл­дар­дағы сталиндік-голощекиндік қуғын-сүргін; 1941-45 жылдардағы Отан соғысы; 1945-54 жылдардағы соғыс зардаптарын жою науқаны; 1954 жылғы жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру ісі; 1955 жылдан 1962 жылға дейін кешегі қу­ғын-сүргіндерден шетелге босқандардың Отанына қайта оралғандарын орналастыру, қайта қоныстандыру шаралары; 1974 жылы тың игерудің 20 жылдығын атап өту және соған байланысты тағы да тың жер­лерді жырту науқаны ел басындағыларға ес жи­дыртпағаны анық.

Кең жазықтың төрінде жатқан төбенің айналасы әу баста айналдыра орылған. Шы­ғы­сын­да ортасына қарай кіретін жол қалды­рыл­ған. Төбенің үсті ой, шығысқа қарай жы­рылған. («Әу баста төбесінен кіретін тесік болған, соны қазып ішіндегі заттарын тонаған» дегенді айтушылар әлі күнге өз айтқандарына сенеді) Төбенің бетінде, бөктерінде, етегінде Желқарқара аңғарынан әкелінген тастар жыпырлап жатыр. Ең басына шығып айналаңа қарасаң, бүкіл Қарқара алабы алақаныңдағыдай көрінеді. Мұндай биік төбелер Иірсу алабында да, Шалкөде жайлауында да (Қатартөбелер), Кеген жазығында да бар. Мұның ерекшелігі солардан да биікте орналасқандығында.

Зерттеушілердің біразы мұны «сақ қорғаны», кейбірі «ғұндардан қалған бейіт», кейінгілер Үйсінтөбе дап атайды. Осы Үйсінтөбені кейін Қарқара қазақтары Айттөбе дап атап кеткен. Бұлай аталуын ауызша тарих әртүрлі жорамалдайды. Біріншісінде: «бұл төбеде және оның айналасында Айт» деген ру басы және оның елі отырғандықтан» дейді. Екіншісінде: «осы төбеде Айт деген арғы бабамыз және оның ең жақын туыстары жерленгендіктен» делінеді.Үшіншісінде: Қарқара алабын жайлаған қазақтар елдік мұрат, ұрпақ мүддесіне қатысты келелі жиын, алқалы мәжілісін осы төбеде ғана жасаған. Әркім айтатын ойын осы төбенің басына шығып айтатын болған. Сондықтан да «Айттөбе» аталған дейді. Төртіншісінде: «Айт деген сөздің мағынасы той, мереке, мейрам дегенді де білдіреді. Бабаларымыз ондай думандарын осы төбеде, соның айналасында өткізетін болған. Сондықтан ол төбе «Айттөбе» аталған дейді.

Қарқара көтерілісі – үш жүз жылға ұласқан патшалық империяның отарлау бұғауын тас-талқан еткен, жазықсыз жандарды, бейбіт тұрғындарды қырып-жою шараларын үздіксіз жүргізген патшалық Ресей әрекетінің саяси астарын ашып берген, қазақ халқына патшалық Ресей тарапынан жүргізілген геноцидті айғақтаған ұлы оқиға. Ол осындай мәнімен де бағалы. Сонымен бірге, Қарқара көтерілісі – қазақ халқының ұлт ұрпағының келешегі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ынтымағын паш еткен саналы әрекеттер нәтижесі, азаттыққа ұмтылған ата-бабаларымыздың ұлы ерлігінің куәсі, Ереуілтөбе осындай қасиетті де киелі істерге қойылған, тарихи тағылымы бар ескерткіш.

Археолог ғалымдар келіп зерттеу жұмыстарын жүргізгенде бұл төбеде біздің заманымыздан бұрынғы VI-VII ғасырға тән белгілер де және біздің заманымыздың II-V ғасырларына тән нышандар да бар көрінеді.

1926 жылы қазақтардың ескерткіш қалдыру әдісін еске ала тұрып, сонау көне замандардан жалғасқан ұлы сабақтастық болған екен. Байырғы бабаларымыз төбенің үстіне тас үйген екен. Кешегі ХХ ғасыр басындағы аталарымыз да төбенің үстіне тас үйген. Жәрмеңкеге келген қазақтың кәрі-жасы қалмай, бәрі жабыла жақын жердегі өзен аңғарынан жаяулап та, атпен де, арбамен де, дорбамен де тас тасып әкеліп үйген. Бұл – қадірлі орынға тас үю дәстүрі халықтың тарихи жадында ежелден сақталғандығының айғағы. Ондай дәстүр санадан санаға, яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған. Демек, Қарқара алабындағы қазіргі тұрғындар ежелгі тұрғындардың тұқымы үзілмеген ұрпағы деп айтуға болады.


Бұл сурет Қарқара көтерілісінің 100 жылдығы мерекесі қарсаңында ашылған Ереуіл төбе басындағы бабалар рухына арналған ескерткіш.

Қорытынды


Ел рухын көтерген ескерткіш

Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның  тағдырын,

Домбыраңның пернесінен  іздедім.

 

Іздедім де, сәттерімде түңілген,

Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем.

Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем,

Тарихыңды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым, сенің ана тіліңмен.

 

Ақиық ақын Мұқағалидың айтқаны ай­на-қатесіз келген күн болды. Сыр ашпай жат­қан құла түзден, сыр бүгіп жатқан тау-тас­тағы ізден бір кездері талауға түскен тағ­дырымызды танып, жүз жыл бұрын қазақ ұл­тының қасіретіне куә болған даланың арада ғасыр өткенде  ерлік пен елдіктің, даналық пен дар­қан­дықтың қасиетті мекеніне айналғанын көрдік.

Ереуілтөбе – ұрпақтар тағдыры тоғысқан өңір. Осындағы езілген халықтың орыс империясының отаршылдық саясатына деген ыза-кегінің ақтарылған жері. Ескерткіш – тарихи мұра, ел бірлігінің, тұтас­тығының, бейбіт өмірдің символы. Ол қазақ хал­қының атамекені үшін намыс күшімен патша өкіметіне қарсы тұрған жанқиярлық ерлігінің көрінісі Қарқара көтерілісі бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұнық бастау­ы, азаттығымыздың аңсаған туы. Сол байрақты туымыз әлем көгінде желбірей берсін дегеннен өзге тілек жоқ.

Ел ішінде «Он алтының ойраны» атанып, ақ патшаның «Июнь жарлығы» шыққанға дейін иісі қазақтың берекесі мен бірлігінің арқауы болып, Қар­қара жәрмеңкесі болған өңір­де ұлт-азаттық көтерілі­сі­нің 100 жылдығы кең кө­лем­де аталып өтті. Ел тәуел­сіз­ді­гі­нің 25 жыл­­­дығы аясында өш­кені­мізді қайта жағып, өткені­мізді жаңа­ша таныту мақса­тында Кеген ауданындағы (бұрынғы Райымбек ауданы құрамындағы кезінде) әй­гілі Қар­қара жайлауында «Та­рихқа тағзым» атты руха­ни-мәдени мереке өтті.  

Сонымен, Ереуілтөбенің тарихы ежелгі дәуірлерге жетеледі. Демек, оның мәні мен маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Ендеше, осы ескерткіштің халықаралық мәртебесін асқақтатып, ұрпақтар қастерлеп өтетін тарихи мәні жоғары, рухани құны өлшеусіз жәдігерге айналуына күш салуымыз керек. Бұл іс мемлекеттік деңгейде шешіліп жатса қанеки!







Пайдаланылған әдебиеттер


  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Ереуілтөбе

  2. https://egemen.kz/article/ereuiltobe

  3. http://egemen.kz/?p=35440

авторлардың жазба жинақтарынан құрастырылған.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!