Материалдар / Еркін түсу үдеуін анықтау

Еркін түсу үдеуін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж студенттері мен оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
936
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 зертханалық сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы



Еркін түсу үдеуін анықтау

Курс, топ



1 курс Гк-01

Модульдің атауы/пән



ЖБП 11 Физика

Оқытушы



Кабзолданова Алия Сайлаубаевна

Мерзімі



16.03.2021

Сабақтың типі



Зертханалық сабақ

Сабақтың оқу мақсаттары



Математикалық маятниктің көмегімен Жердегі еркін түсу үдеуін анықтау, алынған мәнді нақты мәнмен – 9,8 м/с2 салыстыру.

Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктерді анықтайды және қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері



Білу және түсіну:

Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.

Қолдану: Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс формулаларын есеп шығаруда қолдана алады

Зерттеу дағдылары және талдау:

Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды.

Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: алған нәтижесін түсіндіреді және қорытынды жасайды

Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет

  1. Кронгарт Б.А., Кем В.И. Қойшыбаев Н. Физика 10 /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағытындағы сыныбына арналған оқулық /. Алматы : Мектеп:,

  2. Тұяқбаев С., Насохова Ш., Кронгарт Б., Кем В., Загайнова В. Физика 11 /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағытындағы сыныбына арналған оқулық /. Алматы : Мектеп:,

  3. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық, Р. Башарұлы, Қ. Шүнкеев, Л. Мясникова, Н. Жантурина и др.

  4. Мякишев Г.Я. , Буховцев Б.Б. Физика 10 /Орта мектептің сыныбына арналған оқулық/ Алматы : Мектеп:

  5. Дондукова Р.А. Руководство по проведению лабораторных работ по физике. –М.: Высш.школа .,1984Физика . Вселенная /Перевод с английского языка под. Ред. А.С. Ахматова. –М: Наука,1973ж.

Әдiстемелiк нұсқаулық, презентация зертхана №9, зертханалық штатив, қысқыш, екі жұқа жазық пластиналар (қысқышта жіпті ұстап тұру үшін), созылмайтын жіңішке жіп, секундомер, өлшеуіш таспа (метрлік сызғыш).

Пәнаралық байланыстар


Математика, геология, геофизика


Сабақтың барысы


Жоспарланған мерзімдер


Жоспарланған әрекеттер


Ресурстар


0-2 мин.

Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады

1.Сәлемдесу.

2.Түгендеу.

3.Топтың сабаққа дайындығы.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстыру.



Сабақтың басталуы

10 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Білу және түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз

  1. Тербеліс – … периодты қайталанып отыратын қозғалыс.

  2. Тербеліс жиілігі бұл… бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны

  3. Механикалық тербелістер ..... бірдей уақыт аралықтардан кейін  дәл немесе жуықтап дәл қайталанатын денелердің қозғалысы

  4. Серіппелі маятник жиілігі формуласы...

  5. Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді? (маятниктің ұзындығы l жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне).


Дескриптор:

  1. Берілген сұрақтардың анықтамасын біледі

  2. Серіппелі маятник жиілігі– формуласын біледі.

  3. Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді екенін айтады.

10 балл

Активити – ойша есептеу

1.Дененің тербеліс жиілігі 2000Гц. Тербеліс периоды неге тең?

2.Дененің тербеліс периоды 10-2с. Тербеліс жиілігі неге тең?

3. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын анықтаңдар


Дескриптор:

  1. Тербеліс периодын формулаға қойып мәнін табады, өлшем бірлігін біледі.

  2. Тербеліс жиілігі неге тең екенін айтады, өлшем бірлігін біледі

  3. Тербелістің периодын анықтап, өлшем бірлігін айтады.


20 балл

Сәйкестендіру тесті

Сәйкес келетін жұптарды табыңыз.


Дескриптор:

  1. Формуланы және өлшем бірдіктерді сәйкесендіре біледі

  2. Периодтың өлшем бірлігін, тербеліс жиілігінің өлшем бірлігін біледі.

  3. Тапсырманы толық орындайды


10 балл

Зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы НҰСҚАУЛЫҚ.

  1. Сақ және тәртіпті болыңдар, оқытушының айтқанын бұлжытпай орындаңдар.

  2. Жұмысты істер алдында, жұмыстың барысымен танысыңдар.

  3. Оқытушының рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.

  4. Компьютерді қосып, ақаулықтың жоқ екеніне көз жеткізу.

  5. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек. Жұмыс үстеліндегі құрал-жабдықтарды оқытушының нұсқауына сай орналастырыңдар.

  6. Жұмыс үстелінің үстінен зертханалық жұмысқа керексіз заттарды алып тастаңдар.

  7. Құрал-жабдықтардың құлап немесе ауытқып кету қауіпінен сақ болыңдар.





Презентация – 9



































https://learningapps.org/17564617




Сабақтың ортасы

23 минут

Қолдану

ІІ. Қысқаша теориялық мағлұмат

Денелердің еркін түсу үдеуі деп ауа кедергісі болмағанда денелердің Жерге түсуін айтады. XVI ғасырдың аяғында итальян ғалымы Г.Галилей тәжірибелік жолмен сол заманға сай уақыт дәлдігімен ауа болмағанда барлық денелер Жерге бірқалыпты үдемелі түсетінін және барлық денелердің үдеулері бірдей болатынын анықтады. Осыдан 2000 жыл бұрын Аристотельден бастап ғылымда ауыр денелер жеңіл денелерге қарағанда Жерге жылдамырақ түсетіні ұйғарылды. Денелердің Жерге түсетін үдеуі еркін түсу үдеуі деп аталады. Еркін түсу үдеуінің векторы g символымен белгіленеді. Оның бағыты вертикаль төмен бағытталады. Жер шарының әртүрлі нүктелерінде географиялық ені және бойына теңіз деңгейіне байланысты g-дің сандық мәні бірдей болмайды. Жуық шамамен полюстерде 9,83 м/с2 –ден экваторда 9,78 м/с2 дейін өзгереді. Мәскеудің енінде g=9,81523м/с2 . Әдетте есептеулерде жоғары дәлдік қажет болмаса, онда Жер бетіндегі g-дің сандық мәні ретінде 9,8 м/с2 немесе тіпті 10 м/с2 деп алады.

Тұрақты үдеумен дененің еркін түсуі ауырлық күшінің әсерінен болады. Дененің еркін түсу үдеуін анықтау үшін, түсу биіктігімен түсу уақытын білсе болғаны немесе дененің еркін түсу үдеуін математикалық маятниктің көмегімен де анықтауға болады. Ол үшін математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласын пайдаланамыз , мұндағы Т – математикалық маятниктің бір тербеліс жасауға кеткен уақыты, яғни тербеліс периоды. , N – тербеліс саны, t – сол тербеліс жасауға кеткен уақыт. Ал l – математикалық маятниктің ұзындығы, g – еркін түсу үдеуі. Сондықтан, теңдеудің екі жағын квадраттап, осыдан g еркін түсу үдеуінің формуласын қортып шығарамыз .


Зертханалық жұмысты орындау.

Әр студент жұмысқа қажетті құрал жабдықтар және жұмысты орындауға қажет үлестірмелі парақтар алады.

1. Столдың шетіне тұрғы орнатыңдар
2. Жіпке ілінген жүктің массасын, ұзвндығын, ауытқуын таңдап алыңыз.

3. Сызғыш көмегімен жіп ұзындығын өлшеңдер.
l=......м

4. Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып,содан соң жіберіңдер.

5. Толық 20 тербеліс жасауға кеткен уақытты t өлшеңдер. t=.....с

6. Тәжірибені үш рет қайталаңыз.

7. Алынған мәліметтерді пайдаланып тербеліс периодын анықтаңыз Т =

8.Тәжірибе нәтижелері бойынша g еркін түсу үдеуінің мәнін келесі формула бойынша есептеңдер:

9. Еркін түсу үдеуінің практикалық тәжірибе бойынша алынған мәнін g теориялық мәнімен, яғни салыстырыңыз

10. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.











Т алдау

Студенттер өлшенген және есептелген мәндерді кесте құрып, оған ХБЖ-нің негізгі бірліктерімен талап етілген дәлдікпен толтырады.



Презентация – 9






































Зертханалық штатив, қысқыш, екі жұқа жазық пластиналар (қысқышта жіпті ұстап тұру үшін), созылмайтын жіңішке жіп, секундомер, өлшеуіш таспа (метрлік сызғыш).





Тәжірибе реті



l, м




tорт, с



Т, с



Торт, с



g,м/с2

1








2






3






Дескрипторлар

  • Маятник жібінің ұзындығын дұрыс өлшейді

  • Маятниктің тербеліс уақытын дұрыс өлшейді

  • Қажетті формуланы дұрыс қолданады

  • Еркін түсу үдеуінің Жердегі мәнін дұрыс есептейді

  • Математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтайды

  • Формуласынан еркін түсу үдеуін анықтайды


50 балл



5 минут

Жинақтау


Тәжірибені жасап, еркін түсуді анықтау қорытынды жазу

Еркін түсуге мысал келтір?

Математикалық маятниктің және еркін түсу үдеуінің өз мамандықтарымен байланысы?

Пайдалы қазбаларды барлау

Маятник периодының еркін түсу үдеуінен тәуелділігін практикада Жер бетінің әр түрлі нүктелердегі еркін түсу үдеуін дәл өлшеу үшін пайдаланады.

Еркін түсу үдеуін өлшеу арқылы жер астындағы пайдалы қазбалардын орналасуын анықтауға болады. Жердің орташа тығыздығынан тығыздығы артық қазбалар (мысалы, темір рудасы)орналасқан жерлерде еркін түсу үдеуінің мәні жоғарылау, мұнай немесе газ қорлары болған жерлерде ауырлық күшінің үдеуі төмендейді.


Сабақты қорытындылау және рефлексия

https://jamboard.google.com/d/11Ynqb6XhYlktDzamA_lbbRfa64pNjNnjXxIXursexj4/viewer?f=0



«Бағдаршам» әдісі. Бағдаршамда берілген тірек сызбадан өзінің белсенділігін бағалап, талдау жасап белгі қояды.


Дескрипторлар

  1. Алған нәтижесін түсіндіреді және қорытынды жасайды

  2. Еркін түсуге мысал келтіреді

  3. 693 ₸ - Сатып алу

    Материал жариялап тегін
    сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!