Материалдар / "Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы - Қазақ хандығы" тақырыбында өткен қалалық семианр туралы мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы - Қазақ хандығы" тақырыбында өткен қалалық семианр туралы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте өткен семинар барысы суреттелген. Мектеп басшылары мен мұғалімдеріне көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2021
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы»


156 ЖББ мектеп директорының

оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары

Темірғалиева Манар Бидахметқызы


156 ЖББ мектепте Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты тарихи іс шара ұйымдастырылды. Іс-шара доцент, әдіскер ұстаз Кунапина Қайыркен Құдайбергенқызының және тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Әдіскер ұстазбен мектебімізге ЖОО білікті де білімді мамандары, тарихшы ғалымдар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры т.ғ.д. Кәрібаев Берекет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология, этнология және музеология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д. Борбасова Қарлығаш, «Қазақстан тарихы» республикалық әдістемелік журналының бас редакторы Әзімханова Тамара, «Қазақ тарихы» ғылыми- әдістемелік жұрналының бас редакторы Әбділдабек Салықбай келді.

Мектеп оқушылары тарих пәні мұғалімі Б.С.Тоқтасынованың дайындауымен ұйымдастырылған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» тақырыбындағы тарихи іс шараны көрсетті. Іс-шарада оқушылар Қазақ хандығының құрылуы туралы көптеген ғылыми дәлелденген деректер туралы ойларын ортаға салып, қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Мектептің өнерпаз ұландары бірнеше әнді нақышына келтіріп орындап, биші қыздар мың бұралған қазақтың ұлттық биін билеу арқылы өз өнерлерімен көрермендерді қуанышқа бөлеп, көңілдерін көтерді.

Тарих пәнінің мұғалімі Байгунусова Ж.О. «Бүгінгі таңда біз бейбіт, көкке самғап, қанатын кең жайып, өзіндік сара жолын таңдап, мемлекеттік рәміздерін бекіткен тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. 2015 жыл - тарихымызды түгендеп, ұлтаралық сабақтастықты нығайтатын мерейлі жыл. «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Қазақстан халықтары ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы» тойлануда. Қазақ халқының тұңғыш мемлекеті «Қазақ хандығының» құрылуы қазақ ұлтының басын қосып, шашырап жатқан ру-тайпалардың басын қосты», - дей отырып, «Қазақ хандығы» тарихының осы күнге дейін зерделеніп, зерттелген деңгейі, жинақталған мағлұматтармен оқушыларды таныстырып, тарих беттерін түгендеу үшін қонаққа ғалым аға, апайлардың шақырылғандығын айтып, сөз кезегін қонақтарға берді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет «Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы» тақырыбында баяндама жасады. Қазақ хандығының нақты қай жылы құрылғандығы жөніндегі мәселе әлі де өз шешімін нақты тапқан жоқ. М.Тынышбаев, А.Чулошников және т.б. тарихшылар Қазақ Хандығы 1456 жылы, Ә.Хасенов 1445 жылы, кейіннен 1428 жылы құрылды деген тұжырымдарды ұстанады.

«Сардар» баспасынан «Қазақ хандығының құрылу тарихы» кітабының жарық көргендігін айтып өтті. Қоғамтанушыларға, тарихшыларға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына және жалпы қазақ елінің тархына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырманға арналған монографияда орта ғасырдағы қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті – Қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелері қарастырылған. Әр тілде жазылған көптеген ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне, түрік халықтары мен қазақ халқының ауыз әдебиеті материалдарына сүйене отырып Қазақ хандығының құрылу тархындағы күрделі мәселелерді талданған. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ Хандығының құрылуы бір кезеңде жүзеге асқан тарихи үдеріс деп есептеген, Қазақ хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөлі ашып көрсетілді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология, этнология және музеология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлы «Қазақ хандығы тарихының құрамындағы ру-тайпалар» тақырыбында сөз сөйлеп, тыңдарман назарын өзіне аударды. Қазақ хандығы - қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі. Біздің бұған дейінгі түркі әлемі, тіпті сонау сақтардан бастау алған тарихымыз бар. Алайда, қазақ хандығының ерекшелігі - біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетпіз. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап «Қазақ» сөзі саяси термин ретінде тарихқа алтын әріптермен енді. Бұл көне тарихымыздағы мемелекетіміздің Республика көлемінде тұңғыш тойлауымыз. Сондықтан «Қазақ хандығының 550 жылдығын» тарихи рухани маңызы зор. Қазір де Қазақстан - әлем халықтарының назарын аударып отырған орталық Азиядағы бірден-бір дамыған тұрақты елдің бірі екендігіне тоқталып өтті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ т.ғ.д., профессор Борбасова Қ. «Қазақ хандығы кезеңіндегі дін мәселелері» тақырыбындағы өз ойларын ортаға салып, көптеген дәлелді пікірлермен ойларын растап отырды. Қазақ халқының шамандық дінге табынуы, ислам дінінің тереңдеп енуі жайлы сөз қозғады. Дін мәселесі – қоғам мен мемлекет ушін аса маңызды, әрі күрделі болып табылады. Дін қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер етіп, қоғамдық дамуға да зор ықпал етеді. Қазақ қоғамы үшін сапалы білім алған кәсіби мамандарды дайындау - мемлекетіміздің алға қойған міндеті. Осы тұрғыда адамның тұлғалық қасиеттерін ашып, негіз болатын дінтанудың маңызы зор. Діндер тарихын сипаттау дін эволюциясының сатыларын қамтиды. Дін тарихын оқыту мен игеру жастардың дүниетанымдық ұстанымдары мен кемел рухани тұлғаның қалыптасуына зор ықпал етеді.

Өзінің «Діндер тарихы» оқу-әдістемелік құралын мектепке сыйға тарту етті.

«Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының бас редакторы Әзімханова Тамара №156 ЖББ мектеп ұжымының үнемі қала көлемінде түрлі әдістемелік іс шаралар ұйымдастырып отыратындығына тоқталып, мектеп ұжымына алғысын білдірді.

«Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік жұрналының бас редакторы Әбділдабек Салықбай Қазақ хандығының – түңғыш ұлттық мемлекетіміз екендігінен сөз бастады. «Ал жалпы мемлекеттігіміз Сақ, Үйсін, Қаңлылардан басталады. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи іс шаралар жер-жерде аталып өтіп жатыр. Таяуда Қ.Сәтбаев атындағы ҚҰТУ «Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл» атты дөңгелеек үстел өтті. Мұндай іс-шаралардың тарихшылар үшін де, оқушылар үшін де берері мол. Мына жаһандану заманында ұлттың ұлт болып сақталып қалу мәселесі де аса өзекті болып отыр. Сондықтан, осындай аса маңызды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табарына бек сенеміз»,- деп мектеп ұжымына «Түн түнегіндегі екеу» атты кітабын және «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналының бірнеше нөмірін сыйға тарту етті.

Мектеп оқушылары Жүнісов Дінмұхамед және Хамза Мария «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбына, Мауталиева Айжан «Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» ҚР Конституциясы» тақырыбына баяндама дайындап, өзіндік шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысып, ғылыми жұмыс жобаларын бастап қойды және өздерінің Қазақ хандығы тақырыбы төңірегінде толғандырып жүрген сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.

Доцент, әдіскер ұстаз Кунапина Қайыркен Құдайбергенқызы әдістемелік семинарды ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді. ЖОО келіп отырған тарих ғылымдарының майталмандарына, ғалымдарға алғысын білдірді. Оқушыларға, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

Мектеп басшысы Ахметова Гүлнар Мамбетқызы мектеп мұғалімдерінің бұған дейін де көрсетіп жатқан үлкен-үлкен іс-шаралары мен жеткен жетістіктеріне де тоқталып өтті. Әдіскер ұстаз Кунапина Қайыркен Құдайбергенқызына, ЖОО келіп отырған тарихшы ғалымдарға ұйымдастырылып отырған әдістемелік семинардың ұйымдастырылуына қосқан үлесі үшін үлкен алғысын білдірді.

Мектеп оқушылары ғалымдардың баталарына бөленді. «Батасыз ел көгермес» демекші, ғалымдарымыздың шаңырағымызға келген қадамдары құтты болып, баталары бойларына дарысын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!