Материалдар / Ерте жас Балапан тобының қыркүйек айының циклограммасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерте жас Балапан тобының қыркүйек айының циклограммасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыркүйек айына циклограмма 2023-2024ж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2024
145
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: ЖШС «Береке» бөбекжай-балабақшасы

Топ: «Балапан» ерте жас тобы

Балалардың жасы: 1,5-2,5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айы 1 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында өзі таңдаған ойыншықтармен еркін ойындарды ұйымдастыру,

Дидактикалық ойындарға «Жапырақтар», саусақ ойыны «Қуырмаш» және үстел үсті ойындарын ойнауға жұмылдыру,белсенділігін арттыру. Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, сурет албомдарын қарауына ықпал жасау.Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау. (Балармен жеке жұмыс).


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.

«Менің тобым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер





Балаларға әдемі гүлді көрсету, оны танып атату, гүлді бір біріне беріп өз есімдерін атауға үйрету. (сөйлеуді дамыту)

Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)


Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен








Ағаштардан түскен жапырақтарға назар аударту. Себетті жапырақтармен толтырамыз ойынын ойнату.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Ағаштардан түскен бұталарды жинап әр түрлі құрылымдар құрастыру.

(Құрастыру)

Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Ұшақтар»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай Тәрбиешінің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелге қойылған ыдыстар мен заттарды таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)





Қалаулары бойынша шығармашылықпен айналысуларына жағдай жасау. Балалардың еркіттенуін дамыту.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)


Балалармен жеке жұмыс








Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен






Қимылды ойын: «Құстың қауырсыны кімге барады»


Балалардың үйге қайтуы





Балалардың күн соңындағы көніл күйін талқылау

Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: ЖШС «Береке» бөбекжай-балабақшасы

Топ: «Балапан» ерте жас тобы

Балалардың жасы: 1,5-2,5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айы 2 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,

«Жапырақтар»,саусақ ойыны «Қуырмаш» «Бір сөзбен ата» дидактикалық ойындарға қатысу белсенділігін арттыру

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру іс ірекеттерді жасауына жағдай жасау

Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау барысында баланың сөйлеуін дамыту. (Балармен жеке жұмыс)


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдарын орындауды пысықтау: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдауы және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қоян қонаққа келеді. Өзімен көп достарын ертіп алып келіпті. Қараңдаршы қоянның достарын танисыңдар ма? Жануарларды атау. Топта осындай ойыншықтар бар ма сұрау. Ойыншықтарды ұстап, аттарын атауын дағдыландыру.

(көркем әдебиет)

Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Бірдей жануарларды топтастырып ойнату.

(Сенсорика)

Бір біріміздің артымызға тұрып, поезд болып жүреміз топ бөлмесінде серуен жасау. Топты аралатып, топтағы заттарды көрсету және атау. Оларды атап, не үшін қолданылатынын түсіндіру.

Топтағы заттарды балаларға қолдануға беру. Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, сенсорика)

Балаларға ойыншықтарды текшелердің немесе үстел үстіндегі жазықтықта әр түрлі жағдайда орналасуын көрсетіп қайталап орындауын қалыптастыру (жатыр, тұр)

(құрастыру)



Топқа мысық пен күшік келеді. Балалардан қонаққа кім келгенін сұрау. Олардың да мысық пен күшігі бар ма сұрау. Жеке балалардан әңгімелеп беруін сұрау.

(сөйлеуді дамыту)

Мысық пен күшіктің дене бөліктерін (ажыратып және атай білуін пысықтау.

(Қоршаған ортамен таныстыру)


Фланелеграфқа мысық пен күшікті топтастырып жапсыру.

(жапсыру)

Топқа кір қожалақ қуыршақ көмек сұрап келеді. Балалар қуыршаққа қалай көмектесеміз деп балалардың бастамасы бойынша іс әрекет жасауды қуыршақты жуындыруды

ауызша нұсқау жасаумен үйрету

(сенсорика)


Қуыршақтың сүйікті ойыншығы доп екен. Бізде доппен ойнай аламыз, қане доппен ойындар ойнап көрсетейік.

Қимылды ойын

«Жүгіріп қағып ал»

(дене шынықтыру)




Балалар бізге тамақ әкеліп, бізді күтіп қарайтын апайымыздың есімі кім? Ол бізге қалай қамқорлық тарытады. Біз апайымызға қалай қамқорлық таныта аламыз. Балаларды байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. (сөйлеуді дамыту)

Апайымызбен бірге кітаптар қарайық. Кітаптан көргенімізді апайымызға айтып берейік.

(көркем әдебиет)


Серуенге дайындық

Қуыршағымызды серуенге шығарайық деп көрсету бойынша киімдерін киеді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындау дағдасын пысықтау. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Қимылды ойын

«Шарды ұста»


Балалардың дербес әрекеті.

Жеке балалармен тақпақты жаттау.

Бала, бала, баламыз. 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа, 
Батамыз да қаламыз.

(көркем әдебиет)


Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсу, ересектердің көмегімен және өз бетімен рөлді басқаруды үйрету


Серуенге ойыншық жануарларды алып шығу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атау дағдысын дамыту, үйрету

(Қоршаған ортамен таныстыру)


Ағаштарды бақылау, жел тұрғанда жапырақтарының қимылына назар аударту.


Қимылды ойын:

«Өз үйіңді тап»


Жапырақтар теру, құмыраға салу дағдысын дамыту


Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындары


Қимылды ойын

«Шарды ұста»


Қуыршақпен көңілді ән айтып, би билету.

Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айтуды қалыптастыру.

(музыка)

Ауа райының ерекшеліктерін байқау. Жаңбыр, жел, күз сөздерін сөздік қорына қосу.

(Сөйлеуді дамыту)

Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Поезд»





Серуенде бірге жүріп табиғатты бақылауды үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Құрылыс материалдарынан өзіміз отыратын орындықтар құрастырып алайық деп құрастыру әдістерін үйрету

(Құрастыру)


Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Өз орындығыңды тап»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай Тәрбиешінің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы: «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Достарымызбен бір қатарға тұрайық, бір біріміздің киімімізден ұстап поезд болып жүрейік.

(дене шынықтыру)

Көңілді музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау

(музыка)

Балалардың қалауы бойынша дамытушы орталықтарда дербес әрекеттер.

Дайын жапсыру пішіндерінің ішінен жануарлардың бейнелерін табу, фланелеграфқа жапсыру.

(Жапсыру)

балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту.

түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді сызықтарды парақ бетінде салуын үйрету

(сурет салу)

Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлініп, еркін тақырыпта сурет салу, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру. Ермексазды алақан арасына алып мыжу дағдысын дамыту.

Фланелеграф тақтасына доптарды, шарларды жапсыру.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)



Дамытушы орталықтарда балалрдың бастамасымен құрылыс материалдарынан құрастыру ойындары, парақ бетінде бейнені орналастыру әрекеті және ермексазды дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру

(Құрыстыру, сурет салу, мүсіндеу)


Қағаз беріп доп салуды тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді үйрету.

(сурет салу)


«Артығын тап» ойынын ұйымдастырып саусақ қимылын дамыту

(сенсорика)

Қандай сурет сала алатынымзды көрсетейік. Қалаулары бойынша шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Балалардың еркін әрекетін дамыту.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)


Балалармен жеке жұмыс








Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Балалардың қалауы бойынша ойыншықтарды алып, шығу олармен еркін ойындарда баланың дербес әрекетін дамыту

Қимылды ойын

«Шарды ұста»


Жеке балалармен тақпақты жаттау.

Бала, бала, баламыз. 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа, 
Батамыз да қаламыз.

(көркем әдебиет)


Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»


Мысықтың және күшіктің дауысын салу арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Қимылды ойын:

«Өз үйіңді тап»


Доппен ойындар.

Жеке балалармен тақпақты жаттауды жетілдіру

Бала, бала, баламыз. 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа, 
Батамыз да қаламыз.

(көркем әдебиет)


Қимылды ойын: «Құстың қауырсыны кімге барады»


Балалардың үйге қайтуы

Балалардың сүйіктігі ойыншығы туралы әңгімелесу.


Топқа ойыншық алмасу сөресін жасауды ақылдасу

Табиғи материалдармен ойын ойнауды ұсыну

Үйде доппен ойнауды ұсыну.

Апта бойғы жұмыстар бойынша ақпарат беру.









Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: ЖШС «Береке» бөбекжай-балабақшасы

Топ: «Балапан» ерте жас тобы

Балалардың жасы: 1,5-2,5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айы 3 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,

Үстел үсті ойыны: «Ұқсасын тап», Дидактикалық ойын: «Дәл осындайды тауып ал», «Анасын тап»

Саусақ ойыны: «Биші адамдар», Суретпен әңгіме:«Салыстыр да, атын ата»

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру, кітаптарды қарау,

Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау. (Балармен жеке жұмыс)


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.

«Менің отбасым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Отбасы суретін көрсету.

-Суреттегі отбасы мүшелерін ата?

-Суреттегі отбасы мүшелерінің не істеп отырғандығы жайлы әңгімелеп беруін ұйымдастырып сөйлеу дағдысын, сөз қорын кеңейтіп дамыту.

(сөйлеуді дамыту)

«Отбасы» рөлдік ойындарын ойнаумен қуыршаққа күтім жасау, әлдилеу, ән айту дағдысын қалыптастыру

(көркем әдебиет, музыка)


Отбасы мүшелерінің суреттерін көрсітіп, әрбір мүшені атап, есімдерін атау дағдысын қалыптастыру

(сөйлеуді дамыту)

Балалардың қалауы бойынша әженің кәмпиттері тақырыбында домалақтар сурет салу, ермексаздан дөңгелек мүсін жасау, жапсыру жұмыстарын орындау дағдысын жетілдіру (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)


Құрастыру материалдарынан үйшік құрастыруды дамыту. (құрастыру)

Отбасы бейнеленген кітаптар қарау. Тек адамдардың емес, жануарлардың отбасы мүшелерін қарау негізінде дұрыс сөйлеуін дамыту

(сөйлеуді дамыту)

Мысық пен күшік ойнайтын допты ермексаздан мүсіндеуді пысықтау.

(мүсіндеу)


Жануарлар отбасына үйшік құрастыруды пысықтау.

(құрастыру)

Үстел үсті театры арқылы «Шалқан» ертегісін тыңдап, айтып берумен эмоциалды қабылдауды үйрету.
(көркем әдебиет)

Ертегі кейіпкерлерін тану, көрсетіп атату. Не істеді сұрағына жауап беруді үйрету.

(сөйлеуді дамыту)


Көңілді музыка қойып балалардың қарапайым би қимылдарын жасау: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелуін жетілдіру

(музыка)



Ата мен әжелерінің суреттін қарау. Олар туралы не білетіндерін айтқызу мен сөйлеуін дамыту.

«Бес саусақ» өлеңін қайталап айтуға талпындыру.

Бас бармағым – атам, үйдің данасы

Балан үйрек - әжем, ошақ анасы

Ортан терек - әкем, отау панасы

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киеді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Отбасымен тұратын үйшікті бормен салуды пысықтау. (сурет салу)

Күз мезгілінің ерекшеліктеріне назар аударту. Жел соғып тұр, далада салқын секілді сипаттарды атауын қалыптастыру

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар


Нешеуміз? тақпағын жаттауға талпындыру

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым –әкем

Балалы үйрек-анам.

Ортан терек –ағам

Шылдыр шүмек –мен,

Кішкене бӛбек –сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

І.Шұғаев

(көркем әбедиет)


Жел қалай соғады.

Жапырақтардың тербелгенін көрсету. (қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар, жеке жұмыстар

аулада тазалық жұмыстарын ұйымдастырып балаларды жапырақтар теруге қатыстырып енбектенуге үйрету.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар.


Қимылды ойын:

«Нысанға қарай жүгір»

Қимылды ойын: «Поезд» поезда бара жатқанда

желді бақылау. Аялдамаларда жапырақтардың қай ағаштар түскенін табу атау дағдысын дамыту. (қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар

Бақша ауласындағы ағаштар мен гүлдерді бақылау. Түстерін атау.

(қоршаған ортамен таныстыру)


Ағаштардың түскен бұтақтарын жапырақтарын жинап, шелекке салу

(сенсорика)


Еркін ойындар


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай Тәрбиешінің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Балалардың қалауы бойынша дамытушы орталықтарда еркін іс әрекеттер.

Отбасы мүшелерін қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету (жапсыру)

ермексазды

дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру, доп жасау (мүсіндеу)

доп салуды пысықтау (сурет салу)


Тақпақтарын қайталау.Би үйрену. (көркем әдебиет, музыка)


Көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі ойыншықтарды топтастыру (сенсорика)

Өнер орталықтарында еркін іс әрекеттер


Балалардың қалауы бойынша еркін тақырыпта кітаптардан сурет қарау сұрақтарға жауап беруін дамыту (көркем әдебиет)

Еркін іс әрекеттер


Сенсорлық ойындар, кітаптардан шалқан ертегісінің суреттерін фланелеграфқа ертегі кейіпкерлерін ретімен жапсыру.

(сенсорика, жапсыру)

Балалардың қалауы бойынша әжелерге арнап моншақтың суретін салу.


Түрлі түсті ермексаздан моншақ (дөңгелек) жасау.

Фланелеграфқа моншақ бөлшектерін жапсырып, моншақ тізу.

(сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)


Еркін іс әрекеттер

Балалармен жеке жұмыс







Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Қ/о «Шеңберге тез тұр»

Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулерде баланың сөйлеу дағдысын жетілдіру


Кешкі табиғаттың ерекшеліктерін атау.

«Күн мен түн» ойынын ойнату арқылы уақыт бағдарлау дағдысын қалыптастыру.

Қ/О «Поезд»


Қол қимылын дамытуға арналған ойыншықтармен ойындар (сенсорика)


Қ/о «Шеңберге тез тұр»

Қ/о «Күн мен жаңбыр»


Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу

Қ/О Құстардың ұшып келуі»

Еркін ойындар.


Балалардың үйге қайтуы

Отбасылық сурет беріп жіберуін сұрау.

Отбасында қандай ойындар ойнауға болады кеңес беру.

Отбасындағы баланың рөлі туралы сұрау.

Ата әжесінің суреттерін беріп жіберуін өтіну

Іс шарадан алған әсерлерін сұрау.























Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: ЖШС «Береке» бөбекжай-балабақшасы

Топ: «Балапан» ерте жас тобы

Балалардың жасы: 1,5-2,5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айы 4 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,

Үстел үсті ойыны «Ұқсасын тап», Дидактикалық ойын «Зейінді бол», «Кім жоқ?», «Бұл не?»

Саусақ ойыны «Орманда», Суретпен әңгіме:«Салыстыр да, атын ата»

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру, кітаптарды қарау,

Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау. Балармен жеке жұмыс.


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын.

Балабақша – үйіміз

Балабақша ─ үйіміз,

Ағалардан сыйымыз.

Серуендеп шығамыз,

Таза ауаға жиі біз. (көркем әдебиет) тақпағын жаттату.Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.

«Ертегілер елінде» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қуыршақ театрын тамашалау. «Бауырсақ ертегісі» желісі бойынша айтылған әнді қайталап айтуын үйрету

(сөйлеуді дамыту)

Кітаптардан бауырсақ ертегісінің кітабын көрсетру. Суреттерге қарап ертегіні желісін бұзбай айту дағдысын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын «Кім екенін тап» ертегі желісі бойынша ойыншықты тауып, атау.

(көркем әдебиет)

Қонаққа бауырсақ келеді. Бауырсақпен музыкаға би белеу. Оның сұрақтарына жауап беру аясында байланыстырып сөйлеуді үйрету

Қимылды ойын ойнау. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, музыка)



«Шалқан» мульфилімін тамашалу. Балалардың ойын тыңдау. (сөйлеуді дамыту)


Үйшік салуды үйрету (сурет салу)


Құрастыру материалдарынан үйшік жасауға көмектесу дербес қымыл жасауын дамыту(құрастыру)


Саусақ бұлшықеттерін дамытуға арналған ойыншықтармен еркін ойындар (сенсорика)

Дидкатикалық ойын «қай ертегіден»

Суреттерді көрсету арқылы қай ертегі кейіпкері екенін тауып, әңгімелеу дағдысын дамыту

(көркем әдебиет)

Суреттегі ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтарын табу, ойнау, дауыстарын келтіруді жетілдіру

(сенсорика)

Балалардың таңдауы бойынша ертегі желісі негізінде шығармашылық жұмыстарды орындауға талпындыру. (сурет салу, мүсіндеу жапсыру)



Ойыншықтар жәрмеңкесі. Әр түрлі ойыншықтарды алып ертегі желісі бойынша жасайтын іс әрекеттерді жасауын дамыту. Жануарлардың қимылы мен дауыстарын салуды пысықтау. (көркем әдебиет)


біртекті ойыншықтардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету дағдысын қалыптастыру. (сенсорика)





Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Балабақша ауласында өсетін көкөніс пен жемістерді қарау, бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру)

Ұжымдық сурет салу. Плакатқа бауырсақтарды салуды қалыптастыру. (сурет салу)

Еркін ойындар


Бауырсаққа балабақша ауласын таныстыру, ауа райы туралы айтып беру. (қоршаған ортамен танысу)

Ермексаздан бауырсақ жасап көрсетру, бормен бауырсақтың суретін салу.

(мүсіндеу, сурет салу)


Дидактикалық ойын «Кім екенін тап»


«Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің іс әрекеттерін қайталаумен ертегі желісін тануды дамыту.

Кітаптан ертегіні қарау.

(көркем әдебиет)


Балалардың дербес әрекеттері


Құрастыру ойыншықтарымен таза ауада ойындар

(құрастыру)


Жапырақтармен, бұтақтарды жинап себетке салу.


Қимылды ойын «Түсіне қарай жина» доптармен ойын



Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру (қоршаған ортамен таныстыру)


Еркін ойындар

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай Тәрбиешінің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Балалардың таңдауы бойынша бауырсақты ермексаздан жасау дағдыларын, ертегі кейіпкерлерін ретімен фланелеграфта жапсыру дағдыларын пысықтау

(мүсіндеу, жапсыру)

Үстел үсті театр ойыншықтарын және ертегі кейіпкерлерін атауды жетілдіру.

(сөйлеуді дамыту)

Құрастыру ойынышықтарынан бауырсаққа үй құрастыру

(Құрастыру)

Фланелеграфта ертегі кейіпкерлерін ретімен жапсыруды менгерту

(Жапсыру)


Балалардың қалауы бойынша еркін әрекеттер таңдауын ұйымдастыру.

Ертегі желісі бойынша шалқан суретін салу дағдыларын (Сурет салу) ермексаздан мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.

(Мүсіндеу)


Шалқан немесе Бауырсақ ертегілерін құыршақ театырын пайдаланып көрсетіп айтып беруіне қызығушылығын дамыту. Кейіпкерлерге эмоцияларын танытуды үйрету дағдыларын қалыптастыру

(сөйлеуді дамыту)

Балалардың таңдауы бойынша ертегі кейіпкерлері немесе ойдан шығарылған ертегі кейіпкерлерін суретін салып, мүсінін жасау дағдыларын дамыту. Дайын пішіндерден ертегі кейіпкерін жапсыру амалдарын қалыптастыру. (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)

Балалармен жеке жұмыс









Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Қ/О «Қуыр-қуыр қуырмаш»

Табиғи материалдардың ішінен бауырсақтың жолын құрастыруын жалғастыру.

(құрастыру)

Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулер


Бауырсақ ертегісіндегі әндерді қайталау.

Қ/о «Шарды ұста»


Балалардың дербес әрекеттері


Қ/О «Ақ доп, қызыл доп».


Балалардың дербес әрекеттері

Еркін ойындар

Ертегідегі жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету (қоршаған ортамен таныстыру)

Қ/о «Қуыр-қуыр қуырмаш»


Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеттері


Қ/О «жүгіріп қағып ал»


Балалардың дербес әрекеттері


Еркін ойындар

Балалардың үйге қайтуы

Бауырсақ ертегісі баласымен бірге айтуға кеңес беру.

Бауырсақ жасауын сұрану

Шалқан, бауырсақ мультфилімін бірге тамашалауға кеңес беру.

Ертегілер кітабын бірге қарауға кеңес беру.

Баланың үйдегі күн тәртібінде ойынның маңыздылығы тақырыбында әңгімелесу.





Тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы: ЖШС «Береке» бөбекжай-балабақшасы

Топ: «Балапан» ерте жас тобы

Балалардың жасы: 1,5-2,5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айы 5 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру (Сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға тез бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,

Үстел үсті ойыны «Ұқсасын тап», Дидактикалық ойын «Дәл осындайды тауып ал», «Кім жоқ?», «топтастыр гүлдер, ағаштар». Саусақ ойыны «Орманда», Ойын – жаттығу «Даусына қарай ажырат»

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру, кітаптарды қарау,

Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау. Балармен жеке жұмыс.


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын.

Достарым көп бақшада (шеңберге тұру)

Көңілдіміз бақшада (қолдарын жайып)

Достықты біз сүйеміз (бір-біріне қарап, жымию)

Бірге күліп жүреміз

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Күз туралы видео көру. Күзде қандай өзгерістер болады? Терезеден табиғатты бақылау, күнделікті ауа райына байланысты табиғат бұрышында суреттерді ауыстыру.

Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Бақша ауласын аралап, күзгі табиғатты тамашалап бақылау. Ағаштардан түскен бұтақтар мен жапырақтар, дәндерді жинап топқа алып келу. (қоршаған ортамен танысу)

Балалармен бірге жапырақтарды бояу(сурет салу)

Жапырақтардан безендіру заттарын жасап, топты безендіру. (жапсыру)


Қонаққа күз ханшайымы келуі.Ол балаларға түрлі жемістер мен көкөністер себетін көрсетуі. Себетке олар симай тұрғаннан екі бөлек себетке бөліп атауын менгерту (сөйлеуді дамыту)

Балаларға таңдау еркіндігін беру. Қалаған орталықтарына баруына жағдай жасау. Қалаған жеміс немесе көкөніс суретін салу дағдысын жетілдіру (сурет салу)

жеміс немесе көкөніс мүсінін жасуға ынтасын қалыптастыру. (мүсіндеу)

көкөністер мен жемістерді бөліп фланелеграфта орналастыруға машықтандыру (жапсыру)


«Шалқан және бауырсақ» ертегісін саусақ театры арқылы айтып беру, тыңдау дағдысын дамыту

Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қою арқылы сөйлеуін дамыту. (сөйлеуді дамыту)

«Күз» жайлы такпақ айтуға ұмтылдыру

(Қабдікәрім Ыдырысов)

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық ау,

Жаңбырың сікіреп,

Келгенің қызық-ау.

Тақпақты жаттау (көркем әдебиет)

бауырсақ туралы сурет салып, мүсіндер жасай дағдыларын менгеруді үйрету (сурет салу, мүсіндеу)

Күз мезгіліндегі құстар мен жануарлардың тіршілігін бақша ауласына серуенде бақылауы бақылау. Өздері не білетін айтқызу. Құстарға жем, су беру. (қоршаған ортамен таныстыру)

Құстардың тауып фланелеграфта жапсыру (жапсыру)

Құрастыру материалдарынан үйшік жасау. (құрастыру)


Жануарлар туралы мультфильм дер мен суретті кітаптар қарау көрген бейнелер мен заттардың атауларын , ерекшеліктерін атау дағдыларын дамыту. Жануарлар мен құстар суретін көрсетіп қалай дыбыстайтынын айтып үйрету. (сөйлеуді дамыту)


Көңілді музыка тыңдау, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып, қосылып ән айтуға үйрету

(музыка)


Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Табиғи материалдар туралы не білетіндерін сұрау.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Күзгі бақта піскен жемістер мен көкөністерді көрсету тану қабылетін дамыту

«Дәмін татып біл» ойынын ойнату. Жемістер мен көкөністерді дәміне қарай тану, атау дағдысын дамыту (қоршаған ортамен таныстыру)


Ермексаздан алма жасатуды үйрету

(мүсіндеу)

Еркін ойындар


Күз ауарайы жел тұрады, жаңбыр жауады, жапырақтар түсетінін айтып көрсетіп балалардың оларды атап тануын қалыптастыру..

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Бірге тақпақ жаттауын жетілдіру

«Күз»

(Қабдікәрім Ыдырысов)

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық ау,

Жаңбырың сікіреп,

Келгенің қызық-ау.

Еркін ойындар.


Жеке балалармен жұмыс, ертегі кітаптарын қарап кейіпкерлерді атау дағдысын жетілдіру

Балалардың дербес ойындары


Күзгі ауа райының ерекшеліктерін байқау. Табиғи материалдар жинауын менгерту. (қоршаған ортамен таныстыру)

Құстарды табиғатта бақылау, олар жайлы кітаптар қарау, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру (көркем әдебиет)

Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар

Балабақша ауласындағы ағаштар мен гүлдерге күтім жасауды жалғастыру аясында енбекке баулу (қоршаған ортамен таныстыру)


Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар



Қимылды ойын: «Торғайлар»



Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай Тәрбиешінің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітаптардан күзгі табиғат туралы суреттер қарап, сұрақтарға жауап беруін жетілдіру (сөйлеуді дамыту)


Әртүрлі көлемдегі көкөністермен жемістерді салыстыру. үлкен - кішкентай және т.б салыстыру. (сенсорика)


Жемістер мен көкөністердің үлкен кішісін анықтау. Түсін атауды пысықтау

(сенсорика)


Құрастыру материалдарынан жемістер мен көкөністерді жасауын менгерту және жетілдіру.

(Құрастыру)


Күзгі жапырақтардан композиция жасауды үйрету (жаспыру)

Алып салу, ашу жабу ойындарымен ойнау барысында саусақ қимылдарын дамыту

(сенсорика)


Құстар туралы мультфильм қарау. Құстардың қимылын жасап, аттарын атауын бақылау (сөйлеуді дамыту)


Ойыншықтардан құстарды тауып салыстыру (сенсорика)


Балалардың қалауы бойынша апта бойы жасаған жұмыстарын қайталау. (Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)


Кітаптар қарау, жануарлардың дыбыстарын салуды пысықтау. (сөйлеуді дамыту)

Балалармен жеке жұмыс











Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Жапырақтардан қарапайып құрылыстар құрастыру (құрастыру)


Қимылды ойын: «Поезд»


Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар

Қимылды ойын: «Ұшақтар»




Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар

Әр түрлі табиғи материалдардан қарапайып құрылыстар құрастыру (құрастыру)


Қимылды ойын: «Поезд»


Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар



Балалардың қалауы бойынша ұжымдық күзгі жануарлар мен құстар тіршілігі тақырыбында бормен сурет салу (сурет салу)

Қимылды ойын: «Торғайлар»


Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар

«Күз»

(Қабдікәрім Ыдырысов)

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық ау,

Жаңбырың сікіреп,

Келгенің қызық-ау.

Тақпағын қайталау, жеке балалармен жұмыс.


Қимылды ойын: «Ұшақтар»


Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындар


Балалардың үйге қайтуы

Күзгі табиғат туралы баласымен әңгіме жүргізуді ұсыну

«дәмін татып біл» ойынын ойнауға кеңес беру.

бауырсақ суретін салу, кітап қарауды ұсыну.

Құстарға үйшік жасауды ұсыну

Балалармен апта бойы жасаған жұмыстардан алған әсерлерін сұрау.







ТАҢЕРТЕҢГІ САУЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАР


Қыркүйек айы

  1. Бастапқы қалып: қолдарына кішкене құрсауларды алып (диаметрі 25см), тәрбиешінің соңынан жүру. (15-20сек) «Таңертең әтеш тауықтарды серуенге ертіп шығады»

  2. Бастапқы қалып: Табандарын қатар қойып, қолдарындағы қырсауларды жоғары көтеріп бойларын түзеп, жоғарыға қарайды. «Тауықтар серуенде осылай бой жазады»

  3. Бастапқы қалып:Жоғарыдағы қолдарын құрсаулармен жанына созып, сермейді. «Тауықтар қанаттарын қағады»

  4. Бастапқы қалып: Балалар аяқтарын алшақ, иықтың енімен бірдей қойып тұрады. Еңкейіп отырып құрсаулармен еденді түртеді. «Тауықтар жем жейді». Сосын тәрбиешінің соңынан жүріп «Серуеннен қайта оралады»



ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР


Өз үйіңді тап

Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде –ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қояю. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.

Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.


Жүгіріп қағып ал.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші» Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.


Құстың қауырсыны кімге барады.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала жан – жаққа қашып жүгіреді, ойын жалғасады.


Жалауға қарай жүгір

Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң, бір бала жалауын көтеріп жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.


Шарды ұста

Тәрбиеші ортаға көп үрленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады. 10-15 сек. Ойын жалғасады.


Күн мен жаңбыр

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.


Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшықтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.


Автобус

Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.


Торғайлар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі торғай болып көрсетеді. Тәрбиеші «Торғайлар ұшады!» деп барлық балармен қолын екі жанына созып, сермеп ұшады. «Торғайлар жерге қонып, жем тере бастады деп» барлық балаларды өз орындарында тоқтатып, отырып, саусақтарымен еденді түрткізеді.Содансоң торғайлар ұйқтады деп, екі алақанын бетінің бір жағына қойып, басын қисайтып, көзін жұмады.Тәрбиешінің осы қимылдарды қайта бастауымен ойын жалғасады.

Төгілген жіптерді жылдам жина

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді. Тәрбиеші ортаға бірнеше үлкен орама жіптерді тарқатып тастап, бірнеше балаға ораманы алап жіптің ұшына жеткенше орап кел деп, өзі жіптің басын ұстап отырады. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.


«Ортамызда кім жоқ»

Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы орамалды баланыңбіреуінің үстіне жабады-да балалардан сұрайды, ортамызда кім жоқ?

Тәрбиеші орамалды баланың үстінен көтеріп алып , баланың атын айтады.

Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!