Материалдар / "Ерте жастағы аутизм синдромы бар балаларды ортаға кіріктірудің психологиялық - педагогикалық жағдайы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ерте жастағы аутизм синдромы бар балаларды ортаға кіріктірудің психологиялық - педагогикалық жағдайы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
542
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шетпе психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»

мемлекеттік мекемесі
















Ерте жастағы аутизм синдромы бар балаларды ортаға кіріктірудің психологиялық - педагогикалық жағдайы









Педагог-психолог:Н.Ш.Рахметова











2021 жыл

Ерте жастағы аутизм синдромы бар балаларды ортаға кіріктірудің психологиялық - педагогикалық жағдайы

Қоғамда бүгінгі таңда көбейіп келе жатқан синдромдардың бірі аутизм синдромы. Әлемде 6-7миллион адамға осы диагноз қойылған. Ал Қазақстанда әлі белгісіз, жобамен 2000-ға жуық аутист бар. Бұл тек тіркелгендер саны. Аутизм термині неміс тілінен аударғанда «autos-өзім» деген мағынаны білдіреді, бала өзімен өзі болып, қоршаған ортадан шектеліп өмір сүреді. Бұндай балалардың ойлау қабілетінде, қабылдауында, назарында және адамдармен қарым-қатынас жасауында бұзылыстар болады. Кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуының салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынаспен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Бұл терминді 1912 жылы Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффектифтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады.

Ерте жастан бұл диагнозды баладан қалай анықтаймыз, оның белгілері қандай бұл сұраққа жауап іздеп көрейік.

Белгілері:

Ерте жаста 7-8 айлық баладан анықтауға болады:

1. Анасына қолын созбайды;

2. Күлмейді;

3. Жанында ешкім болмаса да өздігінен ұзақ уақыт жата береді;

4. Көзімен тіктеп қарамайды.


3 жастан жоғары балаларда:

1. Оқшауланып отырады;

2. Әрдайым бөлек жүреді;

3. Қатты қорқып үрейлену;

4. Өзге балалармен ойнамайды;

5. Адам көзіне тік қарамайды;

6. Өзгерісті ұнатпайды;

7. Жаттанды жауап айтады;

8. Бір қимылды қайталайды;

9. Тамақ талғайды;

10. Сөйлескен кезде тек жест арқылы сөйлейді.


Олар өзін қоршаған ортадан аулақ ұстайды. Өз әлемінде өмір сүреді, өзгерістерден қорқады. Жарыққа, шуға төзімсіз. Адамдармен жиі қарым-қатынасқа түсе алмайды. Бұл синдромның негізгі туындау себептері анықталмаған. Тек болжам ғана бар. Бұрынырақ балаларға вакцинацияның салдарынан пайда болды деген болжам бар. Ал психоаналитиктердің ойынша ата-ананың эмоционалды салқындығынан пайда болады. Ең соңғы мәліметтер бойынша аутизмге ұшыраған балалардың тумасынан миының дамуында кінарат бар екені анықталды (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер). Гендік өзгерістердің пайда болуы, жүктілік кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның әсері, стресстер. Бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады.

1. Ата-аналарының жас мөлшерінің аралығы алшақ болуы.

2. Отбасында аутизм сырқатымен ауырған мүшелерінің болуы.

3. Баланың отбасында 7 немесе 8-ші болып дүниеге келуі.

4. Жүктілік кезінде қызылша, туберозды склероз ауруымен ауруы.

5. Жалпы жүктілік кезінде паталогия болуы.

6. Тағамдардағы биоқоспаның көп болуы.


Аутизм ауру болып саналмағандықтан бұл диагнозды стационарды түрде емде жүргізілмейді. Тек дәрігердің консультациясымен, мамандардың түзете-дамыту жұмыстары арқылы баланы қоғамдық өмірге бейімдеуге болады.

Қорытындылай келе аутизм ауру емес, ол артықшылық. Шет елдерде мұндай балаларды «Гени» деп атайды. Тарихта қайталанбастай болып із қалдырған, музыкалық аспаптың кез-келген түрінде ойнаған, әлемдік музыкант Амадей Моцарт. Әлемдегі ең бай атанған «Microsoft» әйгілі компанияның басты акционері Билл Гест. Нобель сыйлығының иегері, физика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, ұлы ғалым Альберт Эйнштейн. Әлемнің ең үздік футболшысы Леонел Несси. Осы әйгілі адамдардың барлығы аутизм синдромы бар адамдар. Бізде яғни ата-аналар, мамандар болып осындай диагнозды балалардың қай нәрсеге қызығушылығы бар екенін анықтап, қолдап жіберсек біздіңде балалардан ұлы әйгілі адамдардың шығуы әбден мүмкін.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!