400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша психолог кеңестері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Оң жақта отырып, Алла Тағаланың берген қыздық қасиетін сақтай алмаған қыздардың өз тағдырына да жауапсыз қарағаны. Ондай қыздар келін деген, болашақ ана деген атқа лайықты деп айта алмаймын. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды. Сондықтанда бүгінгі дөңгелек үстелімізде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктен сақтану жайында сөз өрбітпекпіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№17 ЖОББМ » КММ











«Қыздар арасында»

(кеңес беру)















Павлодар 2019 жыл

Қыздар арасында

(дәріс, кеңес)

Ертеңгі ана, бүгінгі  қыздарымызды  тәрбиелеу ананың және барша   қауымның   міндеті. Халқымыз   «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық  ой  сыйғызған. Яғни  қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты  емес, бүкіл  ауыл, ру  жауапты  болып отыр. Қыз  баланы   құрметтеу, олардың   алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. 

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері сөзсіз. Қыздардың бірі жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері ағысы қатты арналы өзен сияқты,бірі момын да жуас, енді бірі өткір де өжет.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу.

Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейіріділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.





Ерте жүктілік

Ерте жүктілік неге әкеп соқтыруы мүмкін? Қыз баласы физиологиялық тұрғыдан ана болуға әлі дайын емес уақытындағы ерте жүктілік ауыр асқынуларға әкеліп соқтырады.

Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Ерте жүктілік немен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!































Психологиялық жұмыстың жүргізілуі туралы хаттама.

Жұмыстың түрі мен өткізу формасы .



Күні: 18.03.2019 жыл

Тақырыбы: Қыздар арасында (дәріс, кеңес)

Мақсаты: Қыз баланы тәрбиелеу, құрметтеу, ізет білдіру туралы жалпы кеңес беру. Қыз балаларға жеке гигеналық тазалық, осы өмірдегі болашақ ана ретіндегі міндеттері туралы, сонымен қатар, қыз балалрға қандай қылықтардың ересі екені туралы түсінік беру.

Қатысқандар саны: 24 оқушы

Сыныбы: 8-9 сыныптар

  1. Жүргізілу барысы: Ертеңгі ана, бүгінгі  қыздарымызды  тәрбиелеу ананың және барша   қауымның   міндеті екенін айта отырып, қыз бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек екендігін ескерту.

  2. Қорытынды: Жалпы «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық  ой  сыйғызған. Қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты  емес, білім ордасындағы оқытушылар жауапты  болып отыр.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
72 ұстаз жүктеп алған
09.03.2021
24043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі