Материалдар / Ерте Римдегі Христиандық оның таралуы және қудалануы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ерте Римдегі Христиандық оның таралуы және қудалануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Ерте Римдегі христиан дінінің таралуы, қудалануы қарастырылады. Христиан діні – Император Константиннің билігі кезінде бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні деп танылған. Мақалада христиан дінінің маңызы мен ерекшелігі талданған. Рим империясындағы христиандарды құдалаудың себептері қарастырылады. Дін тек қана философия ғана емес, саяси, құқықтар жүйесіне, моральдық ілімге айналды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті.
Авторы:
26 Сәуір 2024
37
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерте Римдегі христиандық: оның таралуы және қудалануы

Шакизат Айнур

Оқу орны:Абай атындағы ҚазҰПУ

Тобы: тарих-қоғамтану 102

Жетекші: Нұрмұхан Еңлік



Аңдатпа. Бұл мақалада Ерте Римдегі христиан дінінің таралуы, қудалануы қарастырылады. Христиан діні Император Константиннің билігі кезінде бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні деп танылған. Мақалада христиан дінінің маңызы мен ерекшелігі талданған. Рим империясындағы христиандарды құдалаудың себептері қарастырылады. Дін тек қана философия ғана емес, саяси, құқықтар жүйесіне, моральдық ілімге айналды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті.

Тірек сөздер: Ерте Рим, христиан діні, діннің таралуы, діннің қудалануы, шіркеу, дүниетаным.

Аннотация. В этой статье рассматривается распространение, преследование христианства в раннем Риме. Христианство было признано государственной религией всей Римской империи во время правления императора Константина. В статье анализируется значение и специфика христианства. Рассматриваются причины преследования христиан в Римской империи. Религия стала не только философией, но и политической, системой прав, нравственным учением. Помимо того, что христианские церкви были доминирующим политическим институтом, они также оказали наибольшее влияние на сознание людей.

Ключевые слова: Ранний Рим, христианство, распространение религии, преследование религии, церковь, мировоззрение.

Abstract. This article examines the spread and persecution of Christianity in early Rome. Christianity was recognized as the state religion of the entire Roman Empire during the reign of Emperor Constantine. The article analyzes the meaning and specificity of Christianity. The reasons for the persecution of Christians in the Roman Empire are considered. Religion has become not only a philosophy, but also a political, a system of rights, and a moral teaching. Besides being the dominant political institution, the Christian churches also had the greatest impact on people's consciousness.

Keywords. Early Rome, Christianity, the spread of religion, the persecution of religion, the church, worldview.



Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі - мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін әлеуметтік институт болып табылды [2]. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні - халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды.

Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285-337ж.) бүкіл Рим ипериясының мемлекеттік діні - деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласында жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византияға көшірілуі де әсерін тигізбей қойған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамай-ақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да өз тәуелсіздігін жоғалтты.

Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір- бірінен онша алшақтамады. Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды. V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік - діни өмірде басты роль атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мәселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, шіркеу мемлекетке дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғ. бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да тереңдей түсті. Олардың арасында IX ғ-да филиоква жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай - әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мәселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі - гректік- католиктік, яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалыста жақтаушылар Иисус Христостың құдайлылық мәні туралы догматты жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп санайды. Монофизистік деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарады. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквизицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балгерлер, емшілер, көріпкелдер және т.б. қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жын-сайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды.

Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кең етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквизиция оттарында өртелді. Батыста да, Шығыста да монахтық жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғ. өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарғак айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды [3].

Сонымен қатар, дінге қатысты кейбір империялық жарлықтардың үнемі қайталануы және расталуы шенеуніктердің христиандандырылуы соншалықты жылдам емес қарқынмен жүргенін және осы ортадағы пұтқа табынушылардың саны IV ғасырдың соңына дейін болғанын көрсетеді. Доминаттың маңызды тірегі армия болды және зерттеушілер бұл IV ғасырда пұтқа табынушылық басым болды деп санайды [1], дегенмен армиядағы христиандықтың пайдасына бетбұрыс IV ғасырдың соңына дейін болған. Алайда империяның кең аумағындағы Рим армиясының әртүрлі бөлімшелері түрл дәрежеде христиандыққа ұшырады. Константин бірқатар іс-шараларды жүзеге асыра отырып, осы үндеудің негізін қалады: діни қызметкерлерді әскери қызметтен босату, пұтқа табынушылық рәсімдерді армияның ресми діни өмірінен біртіндеп алып тастау және оларды христиан әдет-ғұрыптарымен алмастыру.

Зерттеушілер Рим империясындағы христиандарды қудалаудың әртүрлі себептерін анықтайды. Көбінесе олар христиандықтың дүниетанымының және рим қоғамында қабылданған дәстүрлердің сәйкес келмеуі туралы айтады. Христиандықтар мәртебеге қарсы және тыйым салынған дінді ұстанушылар болып саналды [4].

Православиелік тарихшы В. В. Болотов Рим империясында шіркеу әрқашан императорға бағынышты, ал діннің өзі мемлекеттік жүйенің бір бөлігі ғана болғанын айта отырып, өз нұсқасын алға тартады. Болотов христиан және пұтқа табынушылық діндерінің постулаттарының айырмашылығы олардың қарама-қайшылығына себеп болды деген қорытындыға келеді, бірақ пұтқа табынушылықтың ұйымдасқан шіркеуі болмағандықтан, христиандық бүкіл империяның алдында жау болды.

Қорытындылай келе, 379 жылы мемлекет билігі біртұтас Рим империясының соңғы билеушісі император Феодосий I-нің қолына өтті. Милан жарлығы тоқтатылды, оған сәйкес ел дінге қатысты бейтарап күйде қалуы керек еді. Бұл оқиға Рим империясындағы христиандарды қудалаудың қорытындысы іспетті болды. 27 ақпан 380 жылы Ұлы Феодосий христиандықты Рим азаматтары қабылдайтын жалғыз дін деп жариялады. Осылайша Рим империясында христиандарды қудалау аяқталды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Пантелеев А. Д. Римские мифологические мимы и христиане // Мнемон. Исследования и публикации по истории античного мира (Санкт-Петербург). 2008. Вып. 7. С. 345–356.

  2. Свенцицкая И. С. Раннее христианство: страницы истории. М.: Политиздат, 1988. 336 с.

  3. Гарнак А. Миссионерская проповедь и распространение христианства в первые три века / пер. А. А. Спасского. СПб.: Изд-во Олега Абышко, 2007. 384 с.

  4. Jones, 1963, р.24; MacMullen R. Paganism in the Roman Empire. - New Haven: Yale University Press, 1981.р. 132.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!