Материалдар / Ертегілер әлеміне саяхат Мәңгілік өмір құпиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер әлеміне саяхат Мәңгілік өмір құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке шығармашылығым. Оқушылардың көңілінен шығуда. Қиял ғажайып ертегі. Қазіргі заманда ешкім қартайғысы келмейді. Әлбетте бұрынғы замандада ешкім қартаюды қаламаған болар. Бірақ амал жоқ табиғат өз дегенін жасайды. Ертегімде мәңгілік өмір сүрудің жолы жоқ екенін . Жақсы адамның аты өлмейтінін түсіндірдім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегілер әлеміне саяхат

Мәңгілік өмір құпиясы

Ертеде өте дәулеттіхан өмір сүріпті. Ханның арманы мәңгілік өмірге қалайда қол жеткізу болыпты. Жиналған жұртшылыққа қалайда осының амалын табуды бұйырыпты. Уақыт зулап өте беріпті, мәңгілік өмір кілтін ғұламада-ғалымда, әулие-тәуіпте таба алмапты. Бір күні ауылдың шетінде тұратын жас жігіттің іс-әрекетіне хан таң қалады. Ол бірде ауылды жер сілкінісінен аман алып қалса, енді бірде су тасқынынан аман алып қалады. Ең қызығы ол өз сөзіне халықты толық сендіреді. Және оның болжағаны дәл болып, уақытылы қауіптің алдын алып отырған.

Хан сыры көп жас жігітті сарайына шақыртып, өзінің сенімді көріпкелдерінің қатарына қосатынын айтады. Бірақ бұған жас жігіт келіспейді. Хан ашуланып, себебін сұрайды. Жігіт: «Мен Пейіл әулиенің жалғыз тұяғымын. Әкем сіздің берген бұйрығыңызды өле-өлгенше орындамақ болып,көп зерттеді. Көзін жұмардың алдында осы жұмысты маған аманаттап тапсырды. Сондықтан өз елімнен жырақ, жалғыз омір сүрудемін»-дейді.

Хан бұл сөзді естігеннен кейін қасындағы кұлдарын өлтіріп, сенімді қолбасшысынан басқа ешкім білмейтіндей етеді. Яғни құпия сақтайды. Жігітті жеделтүрде таудағы үңгірге орналастырады.

Жас жігіт небір дұғаларды оқып игеріп, ғаламның тілін меңгереді. Жын-перілермен қақтығысып, періштелермен тілдеседі, әруақтармен кеңеседі. Ақырында мәңгілік өмірдің сырын табады. Хан мұны естіп қатты қуанады. Әрбір ісін ақылға салып, ойланып шешетін хан бұл жолы да:

Дұғалы сөзді, өзіңе сынап көрелік. Сен оқы! – деп жас жігітке бұйырады.

Жігіттің өзі де қанша жылғы еңбегінің нәтижесән көруге асық болады. Дұғаны оқысымен үңгір іші керемет жарыққа айналады. Адам көзін ауыртардай жарық сәуледен ханның жанары көрмей қалыпты. Хан есін жинағанда бәрі кеш болыпты. Үңгірдің ішінде өзінен басқа жан жоқ , тек ортада жарық шашқан, сәулесі әлсіреген үлкен кітап жатыр екен. Жанына жақындайды. Кітапты қолымен ұстауға батылы жетпей, ғажайып құбылыстардан сескендіме, кейін шегінді. Сәлден соң, кітаптан жас жігіттің даусы шығып, күрсінгендей болады. Сонда ғана хан түсінеді де, аяйды. Ханның туған-туысы да, бауыр ет баласы да жоқ болатын. Сондықтан болар, ешкімді кешіріп, аяушылық жасайтын. Жас жігіттің өзіне жақынындай болып кеткенін енді сезді.

Сарайына оралып, көп ойланып, ертеңіне үңгірге қайтып келеді. Хан жас жігітке:

  • Сен қайғыра берме. Дұғаны дұға, тылсым күш қайтармаушы ма еді? – дейді.

Сонда кітап жарығы күшейіп, жігіт ханға риза болып:

  • Сізге әлі де көмегім тиеді. Алдағыны болжай алатын қабілетім бар екенін ұмытпаған боларсыз. Сіз перзент сүйесіз, - дейді. Ханның ойы бөлініп, өмірге деген құлшынысы артып, бозбаладай күй кешеді. Көп уақыт өтпей патшайымның аяғы ауырлап, ханның мінезі күртөзгеріп «халқына қайырымды хан» атанады. Әрбір мәселесін жанды кітаппен ақылдасып отырып шешеді. Ұзақ жылдар өтіп, бұрынғы қайратты хан –қаусаған қарияға айналады. Жалғыз қызын қызғыштай қорып, еркелетіп өсіреді. Ханшайым ақылына көркі сай, алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезді болып өсіпті. Бірде хан аяқ астынан төсек тартып ауырып қалады. Үш күн бел жазбай ханшайым әкесінің қасында болады. Қызының қатты шаршап, көзі ілініп, жұрт шырт ұйқыға кеткенде хан сенімді қолбасшысын шақыртып, үңгірге барады. Жанды кітап күтіп жатқанымен, ханның дәм-тұзының таусылғанын айта алмады. Өткенді әңгімелеп хан түнгі сонда өткізеді.

Ханша әкесінің түнде бір жерге барып келгенін сезеді. Келесі күні хан тағыда үңгірге бармақшы болады. Қызының ұйықтап кеткенін күтеді. Ақылды ханшада қулыққа басып, әкесінің күдікті бұл ісін білгісі келеді. Ауыр науқасқа шалдығып, жасырып емшіге өзі барып жүрген болар деп ойлады. Қыз ұйықтаған болып, әкесінің ізінен күтушінің киімін киіп, байқатпай еріп, қараңғы үңгірдің ішіне әкесі кіргенде артынан жүрмейді. Әкесіне бірде-бір қарсы келмеген ақылды ханшайым өз сарайына қайтып, таңның атқанын күтеді. Бұл кезде ханға жанды кітап болашағын айтып, қоштасты. Хан:

  • Бар жиғанымды, билігімді жалғыз қызыма тапсырып, елімді аманат етемін. Сен ханшаға ақылыңды айтып, ел билігіне көмектесуің керек, - дейді.

Ханды сарайға қолбасшысы хал үстінде алып келеді. Ханшайымның іші бір жамандықты сезеді. Хан соңғы бұйрығын жариялап, тақты қызына тапсырады.

Хан қаза тауып, салтанатты түрде жерлеу рәсімін өткізеді. Ханша енді әкесінен естеліктер ғана қалғанын біліп, соңғы айтқан сөздерін есіне алды. Данышпан неге келмеді деп ойланды да, қолбасшыны шақыртты. Ол ханның ең сенімді, адал адамы болғандықтан бәрін білетін. Ханшаға бәрін еш бүкпесіз айтып береді. Бұл оқиғаға аса сене қоймаған ханша:

  • Үңгірге барамыз! – дейді.

Қараңғы үңгірге от алауларын алып кірді. Еш дыбыс шыға қоймады. Ханша сығырайған шамдай болып көрінген жарық сәулеге ұмтылады. Жақынырақ барса үлкен кітап ортада. Өзінің естігені осы болар деген оймен кітапты ұстайды. Сәулелі кітап сап-салқын екен. Ханшаның ыстық алақаны тиіп, оның бетін аша бергенде кітап ғайыптан жас жігітке айналды. Сиқыр тәрізді болып көрінгенмен бұл баяғы дұғаның ашылған сыры еді.

Пенделік өмірден күдер үзген, «адам» ретінде өзін сезінуден қалып бара жатқан жігіттің ұлы сезімі оянады. Қанша жылдан бері адамның жылуын алғаш сезініп, айдай аруды көрген сәтте ғашық болған ол, адам қалпына енеді.

Ақылды ханша сезімге ермей, ойын жинап, оны сарайға ертіп келіп, өзінің ең жақын ақылшысы деп уәзірлермен халыққа таныстырады.

Уәзірлер бұған келіспей тегі кім екені беймәлім, сенімсіздеу біреу ғой деген пікірлер айтады. Жігіттің «Пейіл әулиенің ұлымын» деген сөзіне ешкім сенбейді. Осыған қарамастан, мойымаған жігіт ел ісіне араласып, ханшаға көмектесіп жүреді. Нәтижесінде баршаның көңілінен шыққан қос ғашық отау құрып, ғұламаны патша етіп сайлайды.Патша болса даханшаның алдындағы борышын еш ұмытпаған ол Алланың жаратқан пендесі болғанына разы, жалғыздықты жаны сүймейтін көпшіл патша болыпты.

Дәкібаева Нұргүл

Қызылорда Қазалы ауданы Әйтеке би кент

170 орта мектеп

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!