Материалдар / Ертегілер арқылы балалардың қиялын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер арқылы балалардың қиялын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын орта топ тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
1484
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегілер арқылы балалардың қиялын дамыту

Сұлтанова Орынша Темірханқызы

Атырау қаласы

Исатай ауданы

Жанбай ауылы

Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің

Шағын орталық тобының тәрбиешісі


«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі
аралықта әр адам өзінің рухани дамуына
қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»
Ы.Алтынсарин



     Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында: Заманауи білім беру жүйесінің және кадрларды қайта даярлаудың негізгі бағдарында «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын көрсеткен .

      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларды қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Аса көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.

А.Байтұрсынов «ертегінің  қадірі  қанша  деп  сұрағанда, керегіне   қарай жауап  беріледі» деп  ой  қорытады. Ертегі  халықтың 

қиялынан  пайда болған. Сондықтан  оның  авторы  халық. Бертін  келе 

ауыздан–ауызға  тарап, келешек  ұрпаққа  жетіп  отырған. . Ертегі  туралы  анықтаманы  М.Әуезов былай  деген:  Ертегі деп баяғы  замандағы  елдің  дүниеге  көзқарасын  білдіретін,сол көзқарастың белгілі  ізін  көрсететін, онан  соң елдің  белгілі  салтын  білдіретін, арнаулы  үлгі  айтатын, жамандықты  жерлеп, жақсылықты  көтеріп  айтқан, ойдан  шығарған  көтерме  әңгімені  айтады. Бұл  анықтамада  шыншыл  ертегі жайында  еш  сөз  айтылмаған. .

  Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан. Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Балаларды жан-жақты дамыту кезінде  ертегінің алатын  ролі  өте зор.  Ертегі – қай халықтың фольклорында да  ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімн, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлген жөн .Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату.Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын ,тілін дамытады.

Шағын орталық тобы балаларының қазақ халық ертегілеріне шығармашылығы, біріншіден, қазақ ертегілерін меңгеруге байланысты балалармен жүргізілетін жүйелі іс-әрекетке, екіншіден, ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны мен әдістеріне, үшіншіден, ертегіні эмоционалдық тұрғыда, әсерлі сезіммен қабылдауына байланысты айқындалатыны айғақталды.

Ертегілер арқылы балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында жұмыстарға талдау жасасам:
1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.
Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс. Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. 2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану.

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді:
- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;

- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;

- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;

- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.
Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Ертегіні айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу қызметін басқа салаларымен мәселен көркем әдебиет пен сурет салу оқу қызметін байланыстырып өткізуге болады. . Бала ертегіні тыңдау аркылы, ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады . Ал келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастырамын. Мысалы:«Қай ертегіден », «Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?», «Менің сүйікті кейіпкерім» т.б. «Мүсіндеу» білім беру саласында саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай Сол сияқты ертегіні сахналау , кейіпкерлендіруді топта жүргізіп отырамын. «Қоян мен түлкі», «Қолғап», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен әтеш», «Маша мен аю» т .б. ертегілерін сахналағанда балалар кейіпкерлердің мінез - құлқын, іс – әрекетін жасауға тырысады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге деген қызығушылығы артып, ойлау қабілетті дамып, өздеріне шығармашылық жол ашады. . Ертегіні суреттер бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой, қиялының дамуына әсері мол. Суретті көрсету арқылы ертегіні дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын. Мысалы: «Ертегіні баста», «Ертегіні аяқта» , «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың ата-анасына да мағлұмат береміз. Тапқырлық пен төзімділікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын ,өз елін, Отанын қорғайтын азамат болып өседі.  Мысалы «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем әдебиет» қызметінде балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.

Денсаулық білім саласы бойынша:

Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.

Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.

Қатынас білім саласы бойынша:

Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.

Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.

Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.
Таным білім саласы бойынша:

Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.

Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.
• Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.
Шығармашылық білім саласы:

Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы көрініс дайындайды.Әлеуметтік білім саласы:• Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді• Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады. Көркем әдебиет оқу қызметінде балалардың қиялын дамыту мақсатында көрнекіліктер көрсетілді: «Суретте қай

ертегі бейнеленген?(Суреттер бойынша ертегілерді табады)

Тапсырма: Ертегі кейіпкерлерін ата және жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді тап . Вариативтік компонент ертегілер елінде сабағынан «Шалқан» ертегісі бойынша (Шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан) балалармен сахналық көрініс қойылды

Қорытынды: Үлкендерге кішкентайлардың көмегі өте қажет. Отбасының бірлігі болса, ол отбасы мықты болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған.Ертегілер елінде оқу қызметінде балалар «Бауырсақ» ертегісінен қуыршақ театрынан қойылым қойды

«Бауырсақ» ертегісі» (Бауырсақ, қоян, қасқыр,аю, түлкі)

Қорытынды: Ертегідегі жағымсыз кейіпкер-түлкі. Өйткені, ол-айлакер, қу. Түлкі сияқты біреуді алдап күн көретін адамдар да болады. Біреуге жамандық ойлау- нашар қасиет. Ондайдан аулақ болу керек.

«Қызыл телпек» ертегісі (Әже,қыз, қасқыр)

Қорытынды: Жағымсыз кейіпкер-қасқыр. Өйткені,ол-зұлым. Ондай зұлымдарға тап болмау үшін жалғыз жүрмеу керек. Жалғыз адам ештеңе де бітіре алмайды. Көп жүрген жерде қиындық болмайды.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі (Түйе, сиыр, жылқы, қой, доңыз, мешін, ұлу, жылан, тышқан, барыс, тауық, ит)

Қорытынды: Түйе-аңқау. Бойына сеніп жылдан құр қалды. Аңқаулық та адамға пайда әкелмейді.Осы ертегілерді кейіптендірді,қызығушылығы артты. Өйткені,ол-зұлым. Ондай зұлымдарға тап болмау үшін жалғыз жүрмеу керек. Жалғыз адам ештеңе де бітіре алмайды. Көп жүрген жерде қиындық болмайды.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі (Түйе, сиыр, жылқы, қой, доңыз, мешін, ұлу, жылан, тышқан, барыс, тауық, ит)

Қорытынды: Түйе-аңқау. Бойына сеніп жылдан құр қалды. Аңқаулық та адамға пайда әкелмейді.Осы ертегілерді кейіптендірді,қызығушылығы артты.

Шағын орта топтарда өткізілетін әрбір сабақта ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.

Тәрбиеші ертегілерді әртүрлі сабақтарда өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Сабақ барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.

Ертегілердің шағын орта топ тәрбиеленушілерімен өткізілетін сабақтарда қолданылу аясы.Барлық пәндерде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады.
Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтай ық. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» Көркем әдебиет сабағында осы ертегінің оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді математика сабағында осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.

«Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыртуға болады. Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу?(біреу), ешкі нешеу? (біреу)
- Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең.
- Лақтар нешеу?Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп.
Сонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұғымдарын тиянақтауда қолдануға болады.

«Тырна мен түлкі» ертегісін оқып беру арқылы математика сабағында «не артық» ойынын ойнатуға болады. Мысалы:
-Балалар ертегіні оқығанда неше кейіпкердің атын естідік
-Тырна мен түлкі яғни олар бір-біріне қонаққа келеді
-Ендеше үстелде қай аң артық
-Аю
- Аю нешеу? Ол біреу.

Математика сабағында ертегі кейіпкерлерін ойын ретінде қолдану балаларды естіген ертегі кейіпкерлерін есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

Сонымен бірге аяқ, қол қозғалыстары арқылы жасалатын сергіту сәттерінде музыкалық ертегі кейіпкерлерін алуға болады «Ортеке» әнін орындау арқылы

-Аты шыққан биімен

Мен боламын ортеке

Ойқастаған ортеке

Қой бастаған ортеке

Мен бір билеп берейін

Буындары сыртылдап тағы сол сияқты айтқанда дауысының әдемі естілетіндігін есту сезім мүшелері арқылы тез айырады.

Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін дамыту арқылы бейнелеу пәнінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді.Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. . Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн.

Тұрмыс-салт, хайуанаттар,қиял –ғажайып ертегілері туралы ертегілері
Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелейді. Жалпы шығармашылық жұмысымды жеке тұлғаны дамытудағы ертегінің маңызы туралы мен сабақтардан басқа дене шынықтыру пәнінде де ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын салу арқылы қозғалыс жаттығуларын жасатуға болады екен.
Мысалы: сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына қонжықтың жүрісін қолданамыз. Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуенін ұйымдастыруға болады, әрбір сабақта сергіту минутын орындатқанда қозғалыс элементтерін орындату арқылы құстардың ұшуын, тербелісін көрсеттіріп балалардың қызығушылығын ояту арқылы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік береді
. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.
« Әжем ертегі оқып береді»деген айдармен Сержанның әжесі топқа

шақырылып,балаларға ертегі айтып берді. Менің мақсатым –балаларды телефоннан ,интернеттен алшақтату,ата-аналармен жұмысымды жандандыру.Қорыта айтатын болсақ, ертегілер балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
















Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы., 2011
2. Әбілова З. «Этнопедагогика».-Алматы, 1997
3. Табылдиев.Ә.«Қазақ этнопедагогикасы» .-Алматы, 2001

4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы.

5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы № 2


Shape1






5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!