Материалдар / Ертегілер еліне саяхат!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер еліне саяхат!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын. Өйткені бастауыш сынып оқушылары ертегілерді қызығып оқиды және тыңдайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2018
994
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: 1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;
3)оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, бейнетаспа.
Барысы.
Мұғалім: - Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай? Көңіл күйлеріңді жақсарта түсу үшін бір тамаша ән тыңдайық!
«Ертегілер әлемі» әнін тыңдау. (Жасмин
, Маржан, Зере)
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?

  • Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?

  • Онда әуелі ертегілер еліне жеткізер бір сиқырлы затты тауып алайық. Ал іздеп көрейік.
    - Жоғарыдан іздеңдер, бар ма, көріне ме?
    - Төменнен іздеңдер, бар ма, көріне ме?
    - Терезе жаққа қараңдар, мұқият қараңдар, бар ма? Мұнда да жоқ па?
    - Мүмкін гүлдердің арасында болар?! Балалар гүлдердің арасынан сиқырлы таяқша тауып алады.

  • Міне, енді жолға шығуға болады, мына сиқырлы таяқшаны қозғай отырып сиқырлы сөздер айтсақ әп сәтте ертегілер елінде боламыз.

  • Шухты-мухты,
    Дрим-трим,
    Шухты-мухты, 
    Дуруки мурики.

  • О, қандай ғажап, міне біздер ертегілер еліндеміз. Ертегілер елінің қақпасы бізге айқара ашылды. Бірақ ертегілер елін аралау үшін бірнеше тосқауылдан өту керек сияқты, дайынбыз ба?
    - Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап, тосқауылдан жылдам өтіп кетейік.
    1-ші тосқауылымыз Мыстан кемпірдің тапсырмасы. "Ерте, ерте, ертеде..." деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
    1-оқушы: 

Өткен күн таң тамаша ертегі ғой, 
Айтады ертегі сыр, ертегі ой. 
Ертегі айтса еліктіріп балалар, 
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. 
Жамандықпен алысып, жауын жеңген 
Халқымның ұлдары мен қыздары бар!
3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген, 
Батыр ма ел намысын өтемеген. 
Ертегімен халқымыз ертеңіне 
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Мұғалім: 
- Өте жақсы, балалар! Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?
- Ертегі басталғанда қалай басталады?
"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".
Жақсы.
2-ші тосқауыл құмырадағы Жынның  тапсырмасы: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім?

  • Енді не қыламын?-деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Ол тышқанды бас салады. 
    - Жаның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.
    Тышқан қорыққанынан:
    - Үйімде бір табақ тарым бар ,-дейді.
    Ол:- Маған бір уыс тары бер,-дейді.

  • Бұл қай ертегі? -Мақта қыз бен мысық..

  • Кейіпкерлері туралы еске түсіріп көрейік.

  • Көкек:

- Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, жұрттың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.

- Бұл қай ертегі? – Сауысқан мен көкек.

- Кейіпкерлері нелер?

Ол үңгірден алысырақ тұрады да:

- Халіңіз қалай, тақсыр? – деп, арыстанның көңілін сұрайды.

- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, біраз

сөйлесейік, - дейді арыстан.

Бұл қай ертегі? – Арыстан мен түлкі.

- Кейіпкерлері нелер?

3-ші тосқауылымыз, жоқ бұл Ғажайып бақ аялдамасы екен, мұнда біз сендермен біраз тынығып алуымызға болады.

Мен сендермен бір ойын ұйымдастырамын. Ойынның аты "Үй жануарларын тап". Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.

Ал ойынымызды бастайық :

жолбарыс, түйе, бүркіт, жылқы, аю , қасқыр, ешкі, шегіртке, лақ, кірпі, қой, қоян, жылан, сиыр, тиін, тауық.

4-ші тосқауылымыз Айдаһардың тапсырмасы: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы.


"Мақта қыз бен мысық " 
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым, 
Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей, 
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.


Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.

- Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?


Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.

-Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.


-"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер.


Тазша бала: Мен Тазша баламын, 
Кіп-кішкентай ғанамын. 
Қысылғанда сөз табамын, 
Қырық өтірік пе кедергі, 
Жаңылмай айтып беремін. 
Ақылыма тәнті боп, 
Алтын үйді басыма, 
Той жасады хан қызын 
Отырғызып қасыма.


-Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай.

Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты жайраттым жолымдағы.
Азу тісін қағыпап арыстанның,
Жеті басты аждаһармен алысқанмын.
Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?
Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки, тұра алады жолымда кім?


Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа әрдайым серік болған.
Ертегіде хан, қара батырлар да
Жүреді мендей қыздың ақылымен.


Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.


-Жақсы, балалар! Үшінші тапсырманы да орындадық. Енді мультфильм көруге қалай қарайсыңдар?

- Ертегі қалай аталады екен?
- Құйыршық қаңдай бала?...
- Ертегі сендерге ұнады ма?..
- Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.
Қортынды:

- Ертегілер елін біраз араладық, енді өз сыныбымызға қайтар кезде келіп жетті. Ол үшін тағы да сиқырлы тақшаның көмегі керек. Сиқырлы сөзді ұмытып қалған жоқсыңдар ма?

  • Шухты-мухты,
    Дрим-трим,
    Шухты-мухты, 
    Дуруки мурики.

  • Сиқыр деген ғажап емес, міне әп-сәтте сыныпқа оралдық, бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Несімен ұнады?

- Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған.

Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып көріңдер.
- Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!