Тақырыбы: «Қош
келдің,әз-Наурыз!»
Мақсаты:наурыз мейрамы туралы түсінік
беру арқылы Қазақ халқының салт –дәстүрін көрсету және оны
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: құрметті ата-аналар, мерекеге
шақырылған қонақтар!
қош келіпсіздер!Бүгін
ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты
болсын!
Ал балалар, жарыса
билеп, ән салып,ойын ойнап,тақпақ айтып, өнерімізді ортаға
салайық.
Ән: «Әжемнің
шәйі»
Айша: Наурыз келді
тамаша,
Ән айтамыз
таласа.
Али: Наурыз тойы
тамаша,
Наурыз тойы
жаңаша.
Ильдана: Наурыз бұл
мереке,
Құтты болсын
береке.
Саша:Наурыз келді
еліме,
Наурыз келді
жеріме.
Н.Айлин:Көктем келді
балақай,
Жасарды
жер,алақай.
Жүргізуші: Көктемім төкті
нұрды,
Көңілдің кетті
мұңы.
Кел, балалар,
билейік,
Ұлыстың ұлы
күні.
Би:
«Қамажай»
Жүргізуші:Осындай мерекені ойын мен
жалғастырайық.
Ойын :
«Ханталапай»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігінебайланысты
логикалық ой жүйесін дамыту,жылдам шешім
қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар
мен мәдениетті бойына дарыту,
салт-дәстүрлерді насихаттау. Қимыл
белсенділіктерін дамытып, ептілікке, шапшандыққа
үйрету.
Шарты: «Талапай –ау , талапай,
табылды ойын алақай» деп балалармен
бірге қайталап олардың көңілін өзіме аудара
отырып, қоржындағы асықтарды отырған
балалардың алдына шашып
тастаймын.
Балалар жарыса
«Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп
алып, жинаған асықтарды
санайды.
Жүргізуші: Кең даланың
ежелгі,
Қазақ дейтін
халқымыз.
Өзге ұлттай біздің
де,
Бар дәстүр мен
салтымыз.
Жүргізуші:Салтымызды сақтап тұсау кесу
салтын жасайық.Бүгін біздің мерекемізге орай Адия қызымыздың әжесі
қонаққа келіп отыр.Әже сіз біздің балаларға тұсау кесер салтын
түсіндріп,ырымын жасап,батанызды
берсеніз.
Әже:Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа
толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып,
одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін
салт-дәстүр.
Әлбетте, баланың тұсауы ала
жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі:
Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа
жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге
шақырады.
Жүргізуші:Бүгінгі күні Амантай әже
өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні
наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында
осы жерде «Тұсау кесер» тойын
өткізбекші.
Амантай
әже:
Алғашқы немерем Аружан
жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ.
Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң,
ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма
немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай
Аружанды ортаға әкеліп, Орынбасар әжесіне табыс
ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып,
тұсау кесуге қажетті заттар ортаға
қойылады.)
Келін
бала:
(баланы көтеріп келе жатып
айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй
балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып
талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Орынбасар:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл
көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық
сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Орынбасар әже қолына ала жіпті алып
жатып)
Ала
жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын
кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз
балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз
баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Аружанды жетектеп
жүргізеді.)
Амантай әже:
Ал,
келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап
қашпаңдар.
Немеремнің жолына молғып шашу
шашыңдар
Із
қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
(
Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады,
құттықтаулар айтылады.)
Амантай әже:
Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да
осындай той жұғысты болсын.
Амантай әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны
жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан
беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл
бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын
көрсетеді.)
Бата берілуі:
Құлыным үлкен жігіт
болсын!
Ата-анасына қызық
болсын
Жақсылармен қатар
болсын,
Жамандармен қатал
болсын,
Ата-дәстүр байлығын
жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты
болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ
мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы
тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!
Жүргізуші: Келер Наурызға да төрт көз
түгел,уайым қайғысыз,тоқшылықпен жетейік - деген игі тілекпен
мерекелік бағдарламаны аяқтаймыз.