Материалдар / Ертеңгілік балабақшада

Ертеңгілік балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош бол,балабақша»

Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Бүлдіршіндер жүрегінде нұр тұнды,

Бізден ұшып,қанат қағып,есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін

Өздеріңді сағынып бір жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!-деп,ортамызға балабақшамыздың бітіруші бүлдіршіндерін қол соғып қошаметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші:Өлең жолдары арқылы балаларды ортаға шақырады

1.Әсем басып еркеленіп,

Келеді әне бір түлек

Қарсы алыңдар қол соғып,

Сағыныш деген аруды



2.Биязы қыз Муслима

Қуанып олда келеді

Қол соғып қарсы алайық

Алдарыңызда бас иеді



3.Балғын сәби бір кездегі

Ер жетіп ол да кетпепті

Қарсы алыңыздар қошеметпен

Әбдімәлік ұлдарыңызды

4.Бойы да өсті,ойы да өсті

Ақылы да жетілді

Келді міне алдымызға

Дина деген сұлуымыз

5.Ахмет деген жігітті

Бәрімізде білеміз

Қылықтарын ұмытпай

Айта-айта жүреміз!

6.Талабына үміт артар

Бар біздерде балақан

Келеді әне сылқым басып

Айнара деген ару қыз

7.Айсара деген сұлу қыз

Қылығы мен еркелігін қалдырар

Қошеметпен қол соғып

Шақырайық ортаға

Содан кейін «Балабақша» әні айтылады

Былдыр-былдыр бал тілім

Бақытты боп әр күнім

Сенде өстім,есейдім

Әлдиледі,ән жырым

Тәрбие алған тілімнің

Балабақшамыз бар қадірлі

Ақыл білім үйреткен

Ұмытпаймыз бәріңдііііііііііііііііііііііі

Балықтан өтсекте

Даналыққа жетсекте

Бақшамызға мың алғыс

Аттандырған мектепке, мектепке 2рет



Ата менен әжені

Құрметтейді бар елі

Тәрбиеші апайлар

Болсын сондай әдемі

Сәбилердің сәлемі

Көңілімнің сәні еді

Сәлемімді қабыл ал

Әйбат өмір әлеміііііііііііі

Қ/сы 2рет 4рет

Жүргізуші: Балалар бүгін сендер үшін ерекше күн.Себебі сендер балабақшамен қоштасасыңдар.Алтын ұя мектеп күтуде.Сендермен бүгін қоштасуға кіші бүлшіндеріміз келіпті.Олай болса ортаға бүлшіндерімізді қол соғып шақырайық.Ортаға балалар кіреді.Амандасып болған соң өз тақпақтарын айтады.

Раяна: Сендермен бірге өстік біз

Көп жақсы нәрсе үйрендік

Шығарып сап мектепке

Құттықтауға біз келдік

Адильхан: Амал қанша бұл анық

Қоштасатын кез келді

Ойыншықтар мұңайып

Іздейді ау енді сендерді

Шерхан: Өздеріңді оларда

Сағынады біліңдер

Бізбен бірге ойнауға

Келіп кетіп жүріңдер

Досымжан: Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Балабақшаның әрқашан

Мерейін үстем еттіңдер

Бақдәулет: Өздеріңді ұмытпай

Есімізге аламыз

Ұмытпасын деп әрқашан

Шырқап әнге саламыз

Мади: Оқып білім алыңдар

Болашақ жолын салыңдар

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барыңдар.

Балалар тақпақтарын айтып болған соң,бір бала (Бақдәулет);

Достар біз де сендердей боламыз,сендерге сәт сапар!

Балалар:рақмеееееееееееееттттттт

Балалар қол бұлғап , «Сәт сапар», «Қош болыңдар» деп залдан шығып кетеді

Балалар шығысымен «Қуыршақтар» биін билейді

Билейді:

Әбдімәлік-Сағыныш

Ахмет-Айсара

Әділхан-Дина

Жүргізуші: Армандау мен жоспарлауға келгенде

Балалардың армандары біте ме?

Армандарын тыңдаңыздар қызықтап

Тыңдаңыздар керек болар дұрыстап

Айсара: Үлкен менің талабым,

Стюардесса боламын

Аспандарға қалықтап

Ұшақпен жерге қонамын

Ахмет: Ал, мен өзім ақылды серік етемін

Бастық болып кетемін

Анама шуба аламын

Әкеме джиппен барамын

Осы менің арманым

Әбдімәлік: Ал,мен президент болғым келеді

Бәрі маған сәлем береді

Айтқанымды орындап

Қалағаныма көнеді.

Дина: Жақсы оқып мектепті

Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын

Тәрбиелі үлгілі,

Қазақсан азаматшасы боламын

Муслима:Әжеме тіс саламын

Көзіне әйнек тағамын

Сондықтан да өскенде

Мен дәрігер боламын

«Оқуда озат боламын»

Ән аяқталысымен ішке «Сиқыршы Жұлдыз» кіреді

Сиқыршы Жұлдыз кіргенде Муслима мен Айнара сыртқа киінуге шығып кетеді.

Сиқыршы жұлдыз:Сәлеметсіздерме бүлдіршіндер қандай әдемі балақайсыңдар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!? Сіз кім боласыз?

Сиқыршы жұлдыз: Мен сиқыршы жұлдызбын.сендерді өз ғаламшарыма қонақ еткім келеді. Менімен барасыңдар ма?

Сағыныш: Әрине,бірақ апайдан рұқсат сұрайық.

Барлығы: Апай барсақ болады ма ?-деп рұқсат сұрайды

Жүргізуші: Әрине,болады.Бірақ біз қандай ғаламшарға барамыз?

Сиқыршы жұлдыз:Білім ғаламшарына қонаққа барасыңдар.....

Жүргізуші: Онда не тұрыс,ал біз немен барамыз?

Сиқыршы жұлдыз: Менің зымыраныммен.Жұлдыз таяғымен зымыранын ашады.

Балалар: Алақай ,алақай зымыранға мініп біз ғарышқа ұшамыз.

Сиқыршы жұлдыз:Зымыран ұшу үшін кері санақ саналсын!

Балалар:5,4,3,2,1 зымыран ұшырылсын!

Зымыран ұшып балалар таң –тамаша болады......

Білім аялдамасына келген соң,аң-таң болып қызығушылықпен айналаға қарайды.

Сиқыршы жұлдыз:Балалар біздің ғаламшардың аты-айтып тұрғандай, «Білім ғаламшары»деп аталғандықтан,сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді тамашалағымыз келіп тұр.Ал, сендердің қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндердің өнелері жетерлік.Би десеңіз би де билейді,ән керек десеңіз ән де айтады.Қазір Айнара мен Айсараның орындауындағы өзбек биін тамашалаңыздар.

Қыздар өзбек биін билеп жатқанда ішке Жасыл адам кіреді.

Балалар қорқып, апай бұл кім деп сұрайды?

Сиқыршы жұлдыз: Балалар,қорықпаңдар бұл менің досым.Есімі Жасыл адам.Ол осы ғаламшарда тұрады.

Жасыл адам: Сәлеметсіңдерме балалар!Мен ұйықтап жатқан болатынмын,музыка әуенін естіп келіп тұрмын.Қандай әдемі болып киініп алғансыңдар.

Жұлдыз:Дұрыс айтасың досым.Бұл бүлдіршіндер балабақшамен қоштасып жатыр екен,

Балалар:Дұрыс біз өстік мектепке енді барамыз......

Жасыл адам:Жарайсыңдар!Ал,сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма?

Айнара:Әрине дайынбыз.Біз ағылшынша тақпақ білеміз.

Сағыныш:Бройд блюзе скай,

Сан ар он хайңг

Зат оз зе литл бойз,пикче

Хе дрей фо ю ту

Муслима: Плей анд лук,лук анд плей

Ю,у или марн дей бай дей

Жасыл адам: Керемет,бірақ бұл аз.....

Жүргізуші: Онда балаларымыздың флешмоб биін тамашалап,қол соғып отырайық.

Флешмоб биі.

Жасыл адам:Алақай алақай,қандай өнерлі балалар.Жұлдыз досым бірақ мен зеріктім ойын ойнасақ болады ма?

Сиқыршы жұлдыз:Әрине,онда сөмке жинағы ойынын ойнайық

Жасыл адам:Оны қалай ойнайды?

Жұлдыз ойын шартын түсіндіреді.

Ойын шарты: Ол үшін екі бала қажет(Әбдімәлік пен Дина)

Ортаға екі парта әкелінеді,үстіне мектепке керек және керек емес заттар қойылады.Балаларды шатастыру үшін.Кім шатасады сол тақпақ айтады.

2-тапсырма Жасыл адам:Жұлдыз досым мен балаларға жұмбақ қойсам бола ма?

Жұлдыз:Әрине болады

Жасыл адам:Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қане жұмбақтың жауабын табыңдаршы.

1.Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан (Әліппе)

2.Қабат қабат қаттама

Ақылың болса аттама (Кітап)

Жасыл адам:Балалар,сендер жарадыңдар,тапсырмадан сүрінбей өттіңдер.

Жүргізуші: Достық тобының бүлдіршіндері білімді де өнерлі.Олай болса бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар!

Жұлддыз:Бәрекелді,енді жедел сұраққа жедел жауап бере аласыңдар ма?

1-сұрақ.Біз мектепке барамыз ба? Барамыз

2.Ылғи бестік аламыз ба? Аламыз

3.Айтқан тілді аламыз ба? Аламыз

4.Сабаққа ерте тұрып барамыз ба? Барамыз

5.Ақылды бала боламыз ба? Боламыз

6.Сабақта отырып жылаймыз ба?Жыламаймыз

7.Ойыншықтармен ойнаймыз ба? Ойнамаймыз

8.Екілік алсақ жылаймыз ба? Жыламаймыз

9.Оқушы біз боламыз ба?Боламыз

Жасыл адам:Жұлдыз досым мен шаршадым,ұйықтайтын уақытым келді.

Жұлдыз:Балалар,Жасыл досымыздың ұйықтайтын уақыты болыпты.Олай болса досымызбен қоштасайық.

Балалар:Қош сау болыңыз!-деп қол бұлғап Жасыл адамды шығарып салады.

Жасыл адам:Қош болыңдар!Сендермен өткізген уақыт тамаша өтті.

Мектепті жақсы аяқтаңдар-деп шығып кетеді

Жүргізуші: Ал балалар,біздің де өз ғаламшарымызға қайтатын уақытымыз да болыпты.Жұлдыз дос,бізді қайта өз ғаламшарымызға апарыңызшы.

Жұлдыз:Жарайды,онда кері санақ саналып 54321 ұшырылсын зымыран.

Зымыран ұшырылады.Барлығы шығып өз орындарына отырады.Жұлдызбен қол бұлғасып қоштасады.

Жүргізуші:Қымбатты біздің мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндеріміз!Біз сендерді қимастықпен,бірақ мақтанышпен мектеп табалдырығына шығарып салмақпыз.

Сағыныш:Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз

Дина: Үлкендердей тап-таза

Бор мен жазар тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана

Әбдімәлік: Бала-бақша үйіміз

Сені жақсы көреміз

Үлкен болып өскенде

Еске алып жүреміз

Муслима:Біз балауса баламыз

Жетелеп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке енді барамыз

Қош бол балабақшамыз

Қимай кетіп барамыз

Бал күндерді қиялдап

Сағынамыз әлі біз

Ахмет: Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерім

Би биледім ән тыңдап

Алаңдауды білмедім

Айсара:Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Бала-бақшам қош енді

Айнара:Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз

Қоштасу вальсі. Балалар қоштасу вальсін билейді

Жүргізуші:Құрметті қонақтар!Енді бүлдіршіндеріміздің ең алғашқы «Қош бол балабақшам» атты дипломын марапаттауға «Аяла» балабақшасының меңгерушісі Байжанова Гүлжан Қожантаевнаға сөз кезегін береміз.

Меңгерушісінің сөзі

Ата-аналардың сөзі

Жүргізуші: Қане енді бәріміз арман еткен шарларымызды аулаға шығып ұшырайық.

Құрметті қонақтар біздің бүлдіршіндерімізді қол соғып шығарып салайық.Балалар далаға шығады

Жүргізуші:Ал балалар,балалықпен қоштасамыз ба?Қоштасамыз

Біз мұңайып жылаймыз ба? Жыламаймыз.

Шарлар аспанға ұшырылсын ба? Ұшырылсын!

Жазды керемет өткіземіз бе? Өткіземіз

Күзде 1-сыныпқа барамыз ба?Барамыз

Онда санайық 123 балалық шар көкке ұш!





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ