Материалдар / Ертеңгілік: «Жаңа жылды тойлайық»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік: «Жаңа жылды тойлайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекедегі әндердің сөзін,әуенін анықтап айтып,көңіл-күйге байланысты қимыл-қозғалыс жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2018
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

КМҚК «Өрел ауылындағы» « Балдырған» бөбекжай- балалар бақшасы












Ертеңгілік

«Жаңа жылды тойлайық»




Джаниярова Жупар Солтанкановна

















«Жаңа жылды тойлайық»

Мақсаты:Мерекедегі әндердің сөзін,әуенін анықтап айтып,көңіл-күйге байланысты қимыл-қозғалыс жасау.

Міндеті: мерекеде балаларды сүйікті,қызықты,ертеңгілік кейіпкерлеріне енгізу, би қимылдарын мәнерлі орындау, орындау кезінде қуаныш сезімін сезіну және мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Кейіпкерлер: аяз ата,ақшақар,қасқыр,қоян,қызыл телпек.

Зал мерекеге әсем безендірілген. Ортада шырша орналасқан.

1- Жүргізуші:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын!

Төрле ,төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын.

2-жүргізуші:Армысың,аманбысың Жаңа жылым!

Жаңа жылым! О,менің Жаңа жырым!

Мешін жылы келгенде сыйын тартып

Атқарайық әнменен көңіл сырын

1-жүргізуші:

Бәрекелді ,бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл-күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

2-жүргізуші:

Құрметті жамағат «Жақсы сөз, жарым ырыс! Деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Гүльзина Малғаждарқызына береміз.

Әдемі әуенмен Ақша қар кіреді:

Сәлеметсіздерме,қонақтар! Мерекелеріңізбен! Мені осы балабақшада мереке болып жатыр деген соң Аяз ата ертерек бар деп жіберді. Әне кішкентай ботақандардың өздері де келе жатыр мен қарсы алайын.

Залға көңілді музыканың ырғағымен балалар кіреді.жарты шеңберге тұрады.

1-жүргізуші:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Қандай әсем шыршамыз,

Көз тоймайды,қараса.

2-жүргізуші:

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мені сендерге ертерек бар деп Аяз ата жіберді.Қараңдаршы балалар, шырша қандай әдемі.Тағылған ойыншықтары қандай әдемі.Бірақ,байқайсындар ма шыршамыз көңілсіз.Өйткені шамы жанбапты. Сендер маған көмектессеңдер, біз шамын жаға аламыз.Көмектесесіңдер ме?

Балалар:Иә.

Түстері қандай,алуан- алуан!

Ал,енді шыршамыз неге жанбай тұр?

Шырша шамын жағайық,

Қуанып бір қалайық.

Олай болса,балалар:

«Алақаным тақ-тақ.

Шырша шамын жақ-жақ!»

Балалар қайталап шырша шамын жағады.

«Шырша жыры» әні орындалады.(Айдана,Айару,Асылжан).

Музыка естіледі,залға қасқыр кіреді.

Ақша қар (шошып кетеді): Ой,балалар,бұл кім болды екен?

Қасқыр: мына жерден қызыл телпекті көрген жоқсың ба, мен оны әжесіне қарай қысқа жолмен жіберіп едім.

Ақша қар:жоқ,келген жоқ.Байқамадық.

Қасқыр: жарайды, онда ол орманда адасып жүрген шығар.(шығып кетеді).

Музыка ойналып Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек:Сәлеметсіңдер ме,балалар.Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын.

Ақша қар:Сәлеметсің бе,Қызыл телпек.Сені де мерекеңмен құттықтаймыз.Қызыл телпек сені Қасқыр іздеп жүрген.Өзімен бірге орманға алып кетпекші.

Қызыл телпек: мен енді не істедім? Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Ақша қар:Қызыл телпек,бізге көмектессе Аяз ата көмектеседі. Біз қоңырау соғып шақырайық.

Аттың шауып өткен дауысы естіледі.

Ақша қар:

Әттеген-ай,Аяз атамыз тағы өтіп кетті.Мүмкін аяғымыздың тарсылы қатты шығар.

Балалар аяқтарын тарсылдатқан кезде әуенмен Аяз ата келеді.

Аяз ата: Аяулы ата-аналар, ардақты ұл қыздарға,бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Ақша қар:Сәлеметсіз бе,Аяз ата.Төрлетіңіз.Мен сіз айтқаннан кейін ертерек келдім.Шыршаның шамын да жағып қойдым.

Аяз ата: Жарайсың Ақшақар.Олай болса:

Қуаныш сыйлап қаншама,

Ән арнаймыз баршаға!

Хор: «Аяз ата»

Қызыл телпек: Аяз атаға жақындап келгенің қандай жақсы болды. Маған көмектесіңізші, қасқыр мені іздеп жүр екен.Өзімен бірге орманға алып кетпекші.

Аяз ата:Иә,қасқырдың бұл қылығы дұрыс болмады.Бірақ сен қорықпа ,қасқыр келсе бір амалын табармыз.Ал қазір менің балаларымның биін тамашалайық.

Би: «Ұлпа қарлар»

Музыка қосылып қасқыр келеді де Қызыл телпекті ұстап алмақшы болады.Сол кезде Аяз ата қасқырды қатырып тастайды.

Аяз ата:Сен неге Қызыл телпекті іздеп жүрсің? Бүгін мереке,балалармен жаңа жылды тойламайсың ба?

Қасқыр: Жарайды, қатемді түсіндім,мені босатыңызшы.

Аяз ата.Мен сені босатсмын,содан кейін бәріміз балалардың онерін тамашалайық.

Ән: «Мерекем» (Кәусардың орындауында).


Би: «Гномдар».

Қасқыр: Жақсы билейді екенсіңдер қыздар.Қызыл телпек мен енді саған тиіспеймін.

Биден кейін қасқыр мен қызыл телпек достасады.

Аяз ата:Қасқыр,сенің қандай өнерің бар?

Ойын: «Қимыл қайталау».

Қол ұстасып тұрайық.

Қалғымаңдар балалар.

Қасқыр бізге көрсеткен,

Қимылды қайталаңдар. (3рет)

Аяз ата: Ал енді Қасқыр қызыл телпек екеуің достасыңдар. (екеуі достасады).

Қызыл телпек:Аяз ата,Ақшақар мен енді кетейін. Сіздердің көмектеріңізге көп рахмет.Сау болыңдар балалар.(кетеді)

Қасқыр:Мұнда барлығы өз өнерлерін көрсетіп жатыр,осы жерде қызық екен. Мен барып қоян досымды ертіп келейін, ол да өнерін көрсетсін, көңілденсін .

1-Жүргізуші:

Қоян мен қасқыр екеуінің мультфильмінің үзіндісі. (шығып кетеді)

Ақша қар: Аяз ата ,сіз шаршаған боларсыз ,отырыңыз дем алыңыз балалардың өнерін тамашалаңыз .Екі топтың тақпақтары.

Әуенмен қасқыр қоянды алып келеді.

Қасқыр : Міне бізде келдік.Өнерімізді көрсетсек, сыйлық беретін шығар.

Аяз ата : Ал жарайды көрсек көрсек көрейік.Бірақ бір шартым бар ,егер ұнаса біз қол соғып қошеметтейміз,ал егер ұнамаса мерекеден қар атып қуамыз.

Музыкаға қосылып қасқыр мен қоян би билейді.

Ақша қар : Маған билерің ұнаған жоқ,сендерге ұнады ма балалар?

Балалар: Жоқ.

Ақша қар: Олай болса ,келіңдер қар лақтырайық.

Ақша қар:Ойын : «Қар лақтыру, жинау».

Көрдіңдерме ешкімге билерің ұнаған жоқ,олай билемейді.Сендерге әлі билеуді уйрену керек. Қараңдар, біздің балалар қалай билейді.

Би: «Өзбек биі»

Қасқыр: Иә ,қуыршақтарға бәрі қол соғып қошеметтейді.Ал бізге қар лақтырады.Жарайды біз кетеміз,кеттік қоянжан. Орманымызға кетейік.

Ән: « Ақшақар» Кәусар,Таңдана ,Айдана.

Аяз ата: Балалар ,мен бір ән тыңдап отырып ,есіме бір жұмбақ түсті.Сендердің тапқырлықтарыңды көргім келеді .

Аяз ата: Жарайсыңдар.

Ақша қар: Бұл жұмбақты аязата текке жасырған жоқ ,келер жаңажылымыз «Мешін» жылын ортамызға шақырайық.

Мешін ортаға келіп ,өз тілегін айтады.

Аяз ата : Дұрыс айтасың.Айтсақ айтайық.Келіңдер балалар .

Ән: «Жаңа жыл»

Ақша қар: Аяз ата,балалардың сыйлығын беретін уақыт келді. Сіздің қабыңыз қайда?

Аяз ата : Қабым,қабым.Әтеген -ай бағана қасқыр түлкіні текке ертіп келген жоқ. Ойланады : Жарайды ,қорықпаңдар. Менің қабым ақылды ,әрі сиқырлы.Менің таяғымның дауысына өзі-ақ келеді.

Қане таяғым көмектесші,

Қапты бізге алып келші.

Бір,екі,үш.Бір ,екі,үш,

Қане ,қабым ,маған ұш!

Аяз ата сыйлығын таратып береді.Ал балалар,қонақтар біз басқа балабақшаның шыршасына да баруымыз керек.Сау болыңдар!.

Ақшақар екеуі кетеді.

1 - Жургізуші :

Балалар жарайсыңдар !Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер,өркендерің өссін!

2 - Жүргізуші:

Жаңа келген мешін жылы сендерге ,отбасыларыңа жақсылық ,қуаныш ,бақыт әкелсін !

Бірге жүргізушілер : Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!