Материалдар / Ертеңгілік жаттығу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешіге арналған картотека
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
994
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алихан МДҰ













Ертеңгілік жаттығулар
( Ерте жас тобы)

















Ертеңгілік жатығулар.

Қыркүйек I-II жеті.

Жүру, жеңіл жүгіріс, аяқтың ұшымен жүру, бірінің артынан бірі жугіру.
Тәрбиешінің көмегі бойынша шеңбер құру.
Тәрбиешінің сөзінен кейін: “Біздің қолымыз қайда” балалар қолдарын алға созып “Біздің қолымыз мында” деп айтады. (5рет)
“Аяғымызды көрсетейік” – балалар отырып аяқтарын көрсетеді. “Біздің аяғымыз мында” деген сөзге тұрып, топ-топ басады.(2рет)
Тығылып және көрінеміз. Содан кейін аяғымызды жеңіл ашамыз, қолымызды төмен отырып, тұрамыз.(5рет )
Содан кейін аяғымызды жеңіл ашып, қолымызды белге қоямыз, екі аяқпен секіреміз. (6рет)

III-IV- жеті.

Жүреміз, әр-түрлі тәсілмен, кубикпен жұмсақ жүгіріс шеңбер құру.
Кубикті көрсет содан кейін аяқтың арасын ашамыз, кубикті артымызға тығамыз. Кубикті көрсетіп “міне” деп көрсетеміз. Артымызға тығып, басымызды түсіреміз. (3рет)
“Бір-бірімізге көрсетіп”, содан кейін аяғымыздың арасын ашып кубикті белімізге ұстап, жанымызға бұрылып кубикті “міне” деп көрсетеміз.(4рет)
“Кубик жоқ.” Содан кейін отырып кубикті жанымызға, кубикті ішімізге, аяқпен бүгіп, кубикті жасырып “жоқ” деп айтамыз. Басымызды төмен түсіреміз.(4рет)
“Доп”. Содан кейін аяқтарымыздың арасын ашып, кубикті түсіреміз. 2-3 рет жерге, 6-8 рет ауаға. Жүру. Демімізді аламыз және шығарамыз

Ертеңгілік жаттығу.
Қазан I-II- жеті.

Ойын “Автобуспен бара жатырмыз” бір бағытта топпен жүру. Жай жүріспен жүгіру. Шеңберге тұру.

1.Б.қ. тіке тұру, аяқ сәл әрмен , қол төменде, қолды алға, артқа тербету (5 рет)

2.Б.қ.тік тұру, аяқ сәл әрмен, қол белде денені артқа, оңға айналдыру (5 рет)

3. Б.қ. тіке тұру, аяқ сәл әрмен, қол белде алға, артқа енкиіп, аяғымызды біреміз. Содан кейін бәріміз “Бом” деп айтамыз. (5рет)

4. Орнымызда тұрып секіріп, “Автобуспен кетеміз” топпен жүру.


Қазан III-IV-жеті.

Топ-топпен жүру және шеңберге тұру.

1.Тіке тұрып, аяқтарымызды сәл ашып, қолдарымызды денеден алшақ алып, сылдырмақты аламыз.
“Сылдырмақты көрсетеміз” деп, содан соң сылдырмақты көрсетіп, “міне” деп айтамыз. Сылдырмақты тығыңдар дегенде артымызға тығамыз.(5рет)
2.Б.қ. отырып, сылдырмақты соғып, бәріміз “тук-тук” депайтамыз. (5рет)
3.Тіке тұрып, аяғымызды қосып, қолымызды түсіріп, сылдырмақты сылдырлатамыз.
4.Топқа тұрып жүгіру. Демімізді аламыз.




Қараша I-II-жеті.
“Птички”-сапқа тұру, жеңіл жүгіріс, шеңбер құру.
1.Б.қ. тіке тұрып, аяқтарымызды сәл әрмен, қолдарымызды денемізден әрі ұстап тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, “Құстар қанаттарын қағады”- қолдарын жан-жаққа көтеру. (5рет)

2.Тіке тұрып, алдыға қарай енкейіп, тіземізді бүгіп, қолдарымызды аяқтарымызға тигізіп, “клю-клю” деп айтамыз. (5рет)

3.Қолдарымызды алдыға созып, қол шапалақтаймыз.

4. Орнымызда тұрып “Құстар ұшып барады”-деп айтамыз.


Қараша III-IV-жеті.
Топ-топпен жүру, шеңбер құру.

1.Тіке тұрып, аяқтарымызды сәл әрмен, қолдарымыздағы жалаушаны жоғары көтеріп, алға, артқа серпейміз.

2.Б.қ. оңға, солға бұрылып, жалаушаны жоғары көтеріп, басымызды жоғары көтереміз. (5рет)

3.Тіке тұрып, аяғымызды сәл әрмен, жалаушаны артымызға тығып,
алға, артқа еңкейіп, тіземізді бүгіп, жалаушаны жерге қоямыз. (5рет)

4.Орнымызда тұрып жүріу.











Желтоқсан I-II-апта.

I.Топ-топпен жүріу, шеңберге тұру.

1.Бір қатарға тік тұрып, аяқтарымызды сәл ашып, қолды төмен ұстап тұру.
Қолымызды жоғары көтеріп, төмен түсіреміз. (4рет)

2.Бір қатарға аяқты алшақ ұстап, жұдырықты түйіп кеуденің жанына қойып, алға және артқа айналдыру.(5рет)

3.Б.қ. төменге қарай еңкейіп , оң қолмен, сол аяқтың ұшына тигізу, ал сол қолмен оң аяқтың ұшына тигізу. (5рет)

4.Екі аяқпен бір орында секіру.

5.Шығу.
Желтоқсан III-IV-апта

I. Сапқа тұру, жүру.
1.”Тарсылдат“ жаттығуы. 1-2 кубиктерді жоғарыдан, еденге соғу.
3-4 негізгі қимыл 5-6 рет қайталау.
2. “Кубикті еденге соғу”. б.қ. отырып, аяқты айқастыра қойып,
кубикті иыққа қойып, 1-2 оңға қарай бұрылу. (4рет)
3.”Тығып қоямыз”. Б.қ. отырып, кубиктерді екі жаққа ұстау. 1аяқты бүгу, кубикті тығып “жоқ” деп айту. (5рет)
4.”Түсіріп алма“. Б.қ. отырып, аяқтың арасын сәл ашып, кубикті артымызға тығып ”жоқ“ деп айту? (5рет)
5.Бір орында тұрып секіру.






Қаңтар I-II апта.

I.Тұрамыз, шеңбер құрып жүру.

1.Тік тұрып, аяқтың арасын сәл ашып көрсету, “ең үлкен ағаш”.

2.Бір қатарға тұрып аяғымыздың арасын сәл ашып, қолды белге қою “кім ағаш”. (5рет)

3.Қолымызды жоғары көтеріп, терең демаламыз.

4.Бір орында тұрып, секіру.


Қаңтар III-IV апта.

I.Тұрамыз, жүреміз шеңбер құру.
1.Тік тұрып, аяқтарымыздың арасын сәл ашып, қолымыздағы жалаушаны жоғары көтеріп, алға, артқа серпейміз. (5рет)
2.Бір қатарға тұрып, оңға, солға бұрылып жалаушаны жоғары көтеріп, басымызды да жоғары көтереміз.
3. Б.қ. тұрып, жалаушаны артымызға тығып, алға, артқа еңкейіп,
тіземізді бүгіп, жалаушаларды жерге қоямыз. (4рет)
4.Бір орында тұрып секіру.











Ақпан I-IIапта.

I. Сапқа тұрып, жүру, шеңбер құрып жүгіру.

1.Б.қ. тұрып, қолымызды жібереміз.
Қолымызды жоғары-төмен етіп шайқаймыз. (5рет)

2.Б.қ. тік тұрып,аяғымыздың арасын сәл ашып, қолымызды жіберіп,
жоғары, төмен еңкейеміз. (5рет)

3. Б.қ. тіке отырып, аяғымызды айқастыра, қолымызды алға қарай
созамыз.“Қоян сәбізін тығып қойды” жаттығыуы. (4рет)

4.Б.қ. тұрып аяқтың арасын сәл ашып, қолды көтеріп, терең дем аламыз.

5.Бір орында тұрып секіру.

Ақпан III-IV апта.

I.Сапқа тұрып, жүру, жүгіру.
1.Тік тұрып, аяқты сәл ашып, қолдарымызды денеден алшақ ұстап,
сылдырмақтыаламыз.
Сылдырмақты көрсетіп, “міне” деп айтамыз. (4рет)
2.Б.қ. тік тұрып аяқтың арасын сәл ашып, сылдырмақты артқа тығып”жоқ” деп айтамыз. (5рет)
3.Б.қ. отырып сылдырмақты соғып, бәріміз (5рет)”тук-тук” деп айтамыз.
4. Тіке тұрып, аяғымызды қосып, қолымызды түсіріп, сылдырмақты
сылдырлатамыз. (3рет)
5.Орында тұрып секіреміз.





Наурыз I-II жеті.

1.Топ-топпен тұрып жүру, жеңіл жүгіру, шеңбер құру.

2.Кеудені тік ұстап аяқтың арасын сәл ашып, еркін қолды төменде,
қолды артқа, алға шапалақтау.

3.”Құстар ұшады” шашырап жүгіру.

4.Тіке тұру, аяқты сәл ашып отырып жүру.

5. Еденге отыру, аяқтарын айқастыру, қолды белде ұстау.

6.Артқа жату, аяқтары тіке, қолдары дене бойында, аяқтарын созып
өз қалыптарына келу.

7. Тіке жүріп аяқ бірге, қол төменде “Торғайлар секіреді және ұшады” орнында секіру, ұшу.

8. Бір-бірінің артымен жүру.


Наурыз III-Ivжеті.

1.Серуендейміз-сыңарымен жүру.
2.Жүгіреміз-деген белгіге жүгіру.
3.Шашырап жүгіру, жүру, тұру.
4.Тіке тұру, аяқты сәл ашып,қол төменде.Қолымызбен үлкен теректі көрсетеміз. Екі жақпен жоғары көтеру.
5.Тіке тұру, аяқты сәл ашып,қол белде.”Теректің артында кім?” Оңға және солға қарау.
6.Сол қалыпта “Кім теректің астында” еңкейіп отыру.
7.Жай жүгіру,жүру.




Cәуір I-III жеті.

1.Сыңарларымен бірігіп жүру.

2.”Аттар”-жүру, аяқтарын көтеріп 2 рет қайталау.

3.Жүру, шеңбер құру.

4.Тіке тұру, қол артта, алақанды көрсетіп қолдарын оңға, солға екі жаққа жіберу.

5.Еденге отыру, аяқтарын айқастыру, қолдары белде оңға, солға айналу.

6.Тіке тұру, аяқтарын сәл ашып, қолдары төменде отырып жүру.

7.Тіке тұрып аяқтары бірге, қолдары төменде орындарында тұрып
секіру.

8.Бір-бірінің соңымен жүру.

Сәуір III-IV жеті.

1.Автобуста жүріп бара жатырмыз. Аяқтарды тарсылдатып отырып бір бағытқа қарай жүру.
2.Шашырап, жеңіл жүру.
3. Жүру және шеңберге тұру.
4. Тіке тұру, қолды артқа алдыға шапалақтау. 5-6рет 5. Тіке тұру аяқтарын сәл ашу қолдарындағы лентаны оңға, солға
көтеріп желпілдету.
6.Тік тұрып, аяқтары бірге, қолдары төмен орындарында тұрып секіру.
7.Бір-бірінің соңымен жүру.





Мамыр I-III жеті.


1.Топпен жүру.

2. “Самалёттер”- дегенде қолды көтереміз де, солға оңға қозғалтып
жүру.

3. Жерге отырып, аяқтың арасын сәл ашып қолды жерге тигіземіз.
“Құстар жерден жем іздейді”.

4. Арқаны тік ұстап, аяқтың арасын қосып қолды жанымызға қояамыз. “Құстардың емін еркін жүрісі” аяқ қолды еркін жіберіп, әрлі-берлі жүру.

5.Тік тұрып, қолдарынан ұстап орындарында секіру.

6.Бір-бірінің артымен жүру.

Мамыр III-IV жеті.

Сылдырмақпен.
1. Сапта тұрып, жүру, жүгіру.
2. Тік тұрып, аяқтардың арасын сәл ашып, қолды еркін жіберіп,
қолда сылдырмақ артқа, алға сылдырмақты шайқаймыз.
3.Жерге отырып аяқты айқастырып сылдырмақты артқа тығып “жоқ”-деп айту.
4.Орында отырып, тұрып қолдағы сылдырмақты шайқап жаттығулар жасаймыз.
5.Бір-бірінің артымен жүріп шығу..




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!