Материалдар / Ертеңгілік: "Қош келдің Алтын күз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік: "Қош келдің Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2019
223
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош келдің,Алтын күз

Мақсаты

1.Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысу.

2.Күз туралы білімді одан әрі дамыту.

3.Табиғат сұлулығын сезе білуге тәрбиелеу.

4.Күз сыйына,адамдар еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жүргізуші Елімізге келіпті ғой алтын күз,

Жомарттығын бақыладық бәріміз.

Кім табады,кім табады,

Қандай екен алтын күз.

Жүргізуші Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, балалар.Қарлығаш тобының «Қош келдің,Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер (балалар кіреді)

Жүргізуші

Уа халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесін алтын күздің,

Тақпақпенен бастайық.

1-бала Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Боласың қызық-ау.

2-бала Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

3-бала Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Ән «Жаңбыр»

Музыкамен күз ханшайымы кіреді.

Уа,халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Күз ханшайымы Білімдеріңді тексерейін.

1.Күз мезгілі нешеге бөлінеді?(Ерте күз, Алтын күз, Қара күз)

2.Күз айларын атаңдар.(Қыркүек,Қазан,Қараша.)

Ал енді күз айларын,күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?

4-бала Сыңғырлайды қоңыраулар,

Қыркүйектің айында.

Жас ұландар бара жатыр,

Өнер-білім бағында.

5-бала Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Бейбітөмір жалғасты.

6-бала Күздің қараша айында,

Жиын-терін басталды.

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Би «Қолшатыр»

Күз ханшайымы Рахмет,балалар! Менің оралатын уақытым болды.Келесі жылға дейін алған білімдеріңді де, өнерлеріңді де шыңдай беріңдер.

Жүргізуші Молшылықты, тоқшылықты алып келетін сізге мың алғыс.Келесі жылға дейін сізді сағынатын боламыз!

Күз ханшайымы Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Көрініс «Шалқан ертегісі»

Жүргізуші Балалар,қане жел қимылын,жаңбыр қимылдарын көрсетейікші.

Балалар қолдарындағы сылдырмақтарды сылдырлатып, желдің , жаңбырдың қимылдарын көрсетеді.

Ән «Алтын күз»

Ойын «Жапырақтар жинау»

Ойын шарты! Балар екі топқа бөлінеді.Жердіе шашылып жатқан жапырақтарды қай топ жылдам, әрі көп жинап,себетке салып берсе сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші Жарайсыңдар балалар!Ендігі кезекті тақпақтарға берейік.

7-бала Аршығанда бұрышты,

Абай болған дұрысты.

Ашытады көзіңді,

Жылатады өзіңді.

8-бала Дәнін егіп, қиярдың,

Тыным таппай суардым.

Түйнектерін көргенде,

Бес алғандай қуандым.

Жүргізуші Біздің балалар өте өнерлі олар ән салады , би-билейді,тақпақтарды жатқа айтады.

Жүргізуші Мың бұралып билеген,

Бишіні кім сүймеген.

Қараңдаршы бәрің де,

Ұл мен қыздар билеген.

Тамсанып бір көріңдер.

Би «Күзгі вальс»

Жүргізуші Осымене «Қош келдің,Алтын күз» атты ертеңгілігіізді аяқтаймыз.Көріскенше күн жақсы,қош сау болыңдар!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!