Материалдар / Ертеңгілік сценарий "Төрлет, Жаңа жыл"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік сценарий "Төрлет, Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
494
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Төрлет, Жаңа жыл»


Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Сиқыршы, Қызыл телпек, Қасқыр, Аққала


Кейіпкерлер шыршаның артына тығылып отырады Қызыл телпек пенен қасқыр

Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Шұғыла» тобында!
(Балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Балалардың Жаңа жылға арналған тақпақтары

Тәрбиеші: Бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған «Алақай қыс келді» әнін тамашалаңыздар.
Ән «Алақай қыс келді»
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз бізге мерекелік шыршамызға.

Сиқыршы: Балалар Сиқырлы қалашықтан келген – сиқыршымын. (музыка әуені қосылады, сиқыр көрсетеді)

Тәрбиеші: Ой, керемет! Біздің жаңа жылдық мерекеге тура келіп қалыпсыз.

Сиқыршы: Мен сендердің жаңа жылдық арман, тілектеріңді орындаймын. Бірақ тек 3 тілектеріңді орындаймын.

Тәрбиеші: Жаңа жылда біздің балалардың арман, тілектері бар. 1-ші тілегі: «Жаңа жылда балалардың ертегі әлеміне саяхаттағысы келеді».

Сиқыршы: Жарайды балалар 1-ші тілектеріңді орындаймын. (Музыка әуенімен, жарық өшіп, жылтыр шашады)

Қызыл телпек: (Шырша артынан Қызыл телпек өлең айтып шығады) Ой! Маған Көп қонақтар келіп қалыпты ғой. Салеметсіңдер ме?! Ғажайып әлеміне қош келдіңіздер.

Сиқыршы: Саламатсың ба Қызыл телпек. Мен балалардың тілектерін орындап, ғажайып әлеміне алып келдім.

Қызыл телпек: Балалар менің анам әжеме жаңа жылға шырша мен шырша безендіруге ойыншықтар алып бар деген. Әжеме бара жатырмын.

(Музыка әуенімен қасқыр шығады Қызыл телпетің артында РРР деп дауысын шығарып тұрады)

Қасқыр: Қызыл телпек сен қайда бара жатырсың.

Қызыл телпек: Қасқыр сен алдымен балалармен амандасып алсайшы.

Балалар бізге қонаққа келіпті. Мен жаңа жылға әжеме шырша безендіруге ойыншықтар алып бара жатырмын.

Қасқыр: (айналып жүріп) Ендеше қызыл телпекті алдап мен жаңа жылдық шырша мен ойыншықтарын алып алайын. Қызыл телпек әжеңе баратын жол алыс қой, кішкене дем алып ал. Кел мында отыр. (Орындаққа отырғызады, қасқыр дорбаны жай ғана сүйреп шыршаның артына алып кетеді, шыршаның артында отырады)

Қызыл телпек: (жан жағына қарап дорбасын іздеп жылайды)

Сиқыршы: Қызыл телпек мұңайма, қасқыр сені алдап кетті ғой, қазыр мен сиқыр жасап, қасқыр саған дорбаңды алып келіп, қасқырды мейірімді болып, сенімен дос болады. (музыка ойнайды, қасқыр шыршаның артынан шығады)
Қасқыр: Қызыл телпек сен мені кешірші, міне сенің дорбаң алағой. Енді мен сені алдамаймын, екеуіміз дос болайық.

Тәрбиеші: қасқыр мен қызыл телпек дос болды. Бізбен бірге би билеп көңіл көтеріңіздер.

Би «Достық»

Қасқыр: Жүр әжеңнің сыйлығын екеуіміз алып барайық. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Ой қандай керемет! Сиқыршы сиқыр жасап қасқыр Қызыл телпекпен дос болып кетті.

Сиқыршы: Енді балалар 2-ші тілектеріңді айтыңыздар.

Тәрбиеші: Балалардың 2-ші тілегі: «Жаңа жылда балалардың ғажайыптар әлеміне саяхаттағысы келеді».

Сиқыршы: Жарайды балалар 2-ші тілектеріңді орындаймын. (Музыка әуенімен, жарық өшіп, жылтыр шашады)

(Музыка әуенімен аққала кіреді, шыршаны айналып жылап кіреді)

Сиқыршы: Аққала сен неге мұңайып, жылап тұрсың?

Аққала: Мен достарыммен далаға ойнауға шыққан едім, бір-бірімізбен тығылып ойнап жүргенбіз. Мен олардан адасып қалдым.

Тәрбиеші: Аққала сен мұңайма жан-жағыңа қарашы мына балалардың барлығы сенімен дос болғысы келеді.

Аққала: Алақай, қандай тамаша! Ендеше балалар көңіл көтеріп ойын ойнайықшы.

Ойын «Аққала»

Ойын шарты: 2 ортаға шығып аққала бөлшектерін жинап, құрастырады (Музыка әуенімен)

Аққала: Балалар рахмет сендерге менің көңілім көтеріліп қалды. Мен өзіме сендер сияқты көп достар тапқаныма қуаныштымын.

Тәрбиеші: Аққала балалардың көңілін көтеріп ойын ойнағаныңа рахмет!

Аққала: Енді мен өздеріңізбен қоштасайын. Сау болыңдар!

Сиқыршы: Ендігі сендердің ақырғы 3-ші тілектерің қалды. Жаңа жыл мерекесіне қандай тілектеріңіз бар?

Тәрбиеші: Соңғы тілегіміз балалбақшамыздағы әсем шыршамызға бізбен бірге Аяз Ата мен Ақшақар жаңа жылды қарсы алуға келсін.

Сиқыршы: Жарайды, 3-ші тілектеріңді орындайын. Дұрыс айтасыңдар жаңа жыл мерекесінде Аяз Ата мен Ақшақарсыз сәні кірмейді ғой. Балаларға жаңа жылдық сыйлық беретін. (музыка әуенімен, сиқыршы шыршаны айналып, жылтыр шашады, Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.)

Аяз Ата: Салеметсіңдер ме балалар!

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым. Өткен жылы келіп, барлықтарыңды көргенмін.Бір жыл өткеннен кейін келем деп уәде беріп едім ғой. Міне уәдемде тұрдым. Өздерің құлпырып, өсіп кетіпсіңдер ғой.
Ақшақар: Салеметсіңдер ме балалар! Өздерің әдемі болып құлпырып кетіпсіңдер ғой.

Тәрбиеші: Аяз Ата Ақшақар жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер!

Аяз Ата: Рахмет саған сиқыршы. Бізді жаңа жылдық мерекеге тездетіп жеткізгеніңе көп рахмет!

Сиқыршы: Мен сіздердің 3 тілектеріңізді тілектеріңізді орындадым. Ал енді мен рұқсат етсеңіздер өз еліме- сиқырлы қалашығыма қайтайын. Қош сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Аяз Ата балалар сізді көп күтті, жаңа жылдық шыршаны безендіріп, енді шамдарды жағу ғана қалды. Ол шамдарды тек сіздің көмегіңізбен ғана жағамыз ғой.

Аяз Ата: Тамаша ол үшін мен сиқырлы таяғымның көмегімен жағайын.

Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет. Қанекей балалар бірге айтайық.
(Шырша шамы жанады)
Ән «Жаңа жыл келеді»

Тәрибеші: Аяз Ата өзіңізге арналған балаларыдың тақпақтары бар. Соны тыңдаңыз.
Балалар Аяз атаға арналған тақпақтары

Тәрбиеші: Аяз ата біздің жаңа жылдық мерекеде өзіңіз сияқты кіп-кішкентай Аяз Аталар бар. Олар сізге би сыйлағысы келіп тұр.

Би «Кішкентай Аяз Аталар»

Ақшақар: Кіп-кішкентай Аяз Аталарымыз жақсы билейді екен. Олай болса Аяз Ата менімен бірге ойын ойнасын. Барлығымыз жаңа жылда шыршамызды безендіреміз. Сол үшін жаңа жылдық кішкентай шыршаларды безендіру ойынын ойнайық.

Ойын «Шыршаны безендір»

Ойын шарты: екі шырша ортада тұрады. Жанында екі қорапта шырша безендіруге арналған ойыншықтар. Ортаға екі бала шығып, шыршаны музыка әуенімен безендіреді.


Ағылшынша Ән «HAPPY NEW YEAR»

Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар. Ағылшын тілін жақсы біледі екенсіңдер. Өлеңдерің әдемі, өте тартымды екен.

Ақшақар: Дұрыс айтасыз Аяз Ата балалр өте білімді және өнерлі екен. (Сағат дыбысы естіледі)

Аяз Ата: Ой, тамаша, міне Жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жылды қарсы алайық.

Жаңа жыл СИЫР жылы(бала) кіреді.

Сиыр: Мен жаңа жыл

Келе жатқан сиыр жылы
Мен жаңа нұр

Әкелем сізге шаттықты.
Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Құт әкелсін Жаңа жыл!

Аяз Ата: Міне келді Жаңа жылдарың. Жаңа жылда барлықтарыңа бақыт әкеелсін. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!

Ақшақар: Аяз Ата өнерлі балаларға жаңа жылдық сыйлықтарын берейік.

Аяз Ата: Иә, Ақшақар. Жаңа жылдық сыйлықтпарын табыс етейік. (сыйлықтарды табыстайды)

Аяз - Ата: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Төрлет Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!