Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Мен барлығын жақсы көремін
Сол үшін көздеріме рахмет
Мен барлығын жақсы естимін
Сол үшін құлақтарыма рахмет
Мен барлық жерге барамын
Сол үшін аяқтарыма рахмет
Мен барлық жұмысты атқарамын
Сол үшін қолдарыма рахмет
Мен барлығын білемін
Сол үшін басыма рахмет
Топқа бөлу. Дөңгелектер түстеріне байланысты топқа
бөлу
Үй
жұмысын бекіту
«Кір жаю» стратегиясы бойынша өткен сабақты
пысықтау
-Сын есім дегеніміз не?
-Сын есімнің қандай түрлері бар?
-Сын есім қай сөз табымен байланысқан?
Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
Мағынаны тану - Балалар,бүгінгі сабақта сендермен « Сын есім» тақырыбын
қайталаймыз.Олай болса,ребусты шешіп көрейік.Ребусты дұрыс
шешсеңдер, ішінен сын есімі бар мақал шығады. (Өтірік сөз, өрге баспас)
Оқулықпен жұмыс .
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып,
сұрақ қой.
Қайсар қиын есепті тез шығарды.Демалыс күні циркте қызықты
ойындар ұйымдастырылды.Алыстан биік үйлер көрінді.Аңшылар қалың
тоғайды аралады.Кешке қарай самал жел соқты
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын есімдер тауып жаз. Өзің
таңдаған үш сөзге сөйлем құрастырып жаз.
... домбыры, ... ат, ... көл, ... қала, ... қарындаш, ...
жол, ... өрік.
3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. «Тау суреті» Сын есімдерді
тауып, сұрақ қой. Ауызша орындау
көлемін білдіретін сөздер түсін білдіретін
сөздер
сапасын білдіретін сөздер
4-жаттығу. Өз бетімен
жұмыс
Мәтінді оқы. Сын есімдерді өзімен байланысты зат есімдермен
қоса теріп жаз.
Сергіту сәті«Жунглидегі
жауын»
Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглиде
жүрмін деп елестетіңіздер, ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық
және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда
тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз)
Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында
жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңыбен
басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен
қимылдар жасаңыздар)
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз)
Тағыда нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты
Жел соқты.Жел басылып келеді.
|