Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурекеева Роза Ерденовна мұғалім портфолисы А есебі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалы ІІІ деңгей ПҚ БАИ 3 -топ
Қызылорда қаласы 22. 04.2014 жыл
А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулін неге таңдадым?- деп өзіме сұрақ қойдым. Осы сұрақтың жауабын іздей отырып теорияға сүйеніп, талантты және дарынды балаларды оқыту модулінің негізгі идеяларын тереңірек түсінуге тырыстым. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Әр түрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек?- деп сұрақ қойдым. Нұсқаулықтың 75-бетіндегі қағидаға сүйене отырып Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай алып, бастауыш мектептің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс. (Eyre and Lowe, 2002)
Менің мектептегі тәжірибемде 7 сыныбында Фриманның (1998) тексеру парағында зерттеуге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады осы қағиданы басшылыққа алдым. Оны мен сауалнама алу кезінде байқап, ол баланы зерттей бастадым. Малсс сауалнамасының қорытындысы бойынша С деңгейіндегі Б есімді оқушы мотивациясы төмен, сабақ барысында байқағаным деңгейлік тапсырмадағы білу, түсіну, қолдану деңгейлерін орындаған. В деңгейіндегі С есімді оқушы тапсырманы орындау барысында орта деңгейде екендігін көрсетті. Сауалнаманың қорытындысы бойынша сыныпта позитивті оқушы-3, оңай жолмен баға алғысы келетіндер-7 оқушы, төмен мотивация -5 оқушы. Осы сауалнаманың қорытындысы негізінде мен тәжірбиеде жүргенде сыныпта А, В, С деңгейлі оның әсері болуы мүмкін.
Мен сауалнама алу арқылы оның талантты және дарынды оқуға бар қабілеті оқушылар екенін анықтадым.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы менің бірінші сабағымда А деңгейлі А есімді талантты бала бар екенін айта кету керек. Ол бұған дейінгі сабақтарға көңілі онша толыңқырамай жүр екен. 7 сыныптың программасынан бөлек бағдарламасын оқудан гөрі сабақтан тыс бағдарламаларды оқығысы келетінін айтты. Енді мен оған сол бағдарламаны үйден үлкен кісілердің көмегімен ізденуді сұрадым және сабақ барысында ол үйден ноутбугін алып келуін сұрады. Мен мақұлдадым. Келесі сабақта оған ноутбугіне интернет желісін қосып бердім. Ол топтық жұмыстарда өз ойын айта отырып, интернет желісі арқылы сол тақырып көлемінде тың жаңалықтарды тауып беріп отырды. Лидер топта тек интернет желісімен ғана шектелген жоқ сонымен қатар, ол өз тобының жобасын да қорғап шықты. Менің ойымша талантты балалармен қосымша жұмыстың ықпалы бар, себебі сыныпта ол оқушы жалығып, сабаққа ынтасы төмендеп кетуі мүмкін.
Топтық жұмыстарда сабақ барысында интернеттен көптеген мағұлматтар алып, оны постер қорғауда, тың идеяларды айтып отырды. Жеке жұмыста Блум таксономиясында өзінің білу деңгейінен бағалау деңгейіне дейін орындап, өзінің қабілетін сыныпта аша білген оқушылар болды.
- Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алады; Фриманның сенімді өлшемдерін басшылыққа ала отырып, сол себепті дарынды және талантты балаларды анықтай отырып, олармен жеке тапсырмалар арқылы жұмыс жасаған жөн.. Сы
Талантты және дарынды балаларды оқытуда Блум таксономиясы арқылы көрініс тапты.
Білу деңгейіндегі сұрақтар оқушыларға Word мәтіндік редакторы дегеніміз не?
Word мәтіндік редакторы қалай іске қосамыз? Білу деңгейінен бағалау деңгейіне қарапайым сұрақтардан шығармашылық сұрақтарға дейін сұрақтар қойылды.
Блум таксономиясы бойынша құрастырылған сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етуге болады. Себебі талдау, жинақтау және бағалау деңгейлері бойынша оқушы жұмыс жасағанда берілген базалық ақпаратты жаңа ақпаратпен салыстыруды үйренеді. Яғни оқушы Word Pad стандарттық және Word мәтіндік редакторындың ұқсастық пен айырмашылығын табуда ақпараттарды жинақтайды. Демек осы тапсырманың аясында Бағдарламаның екі модуль идеялары ықпалдасады. Блум таксономиясында деңгейлік тапсырманы орындау барысында нәтижесі мынадай:
Деңгейі |
Орындағаны |
пайызы |
Білу |
15 оқушы |
100℅ |
Түсіну |
15 оқушы |
100℅ |
Қолдану |
11 оқушы |
73℅ |
Талдау |
7 оқушы |
46℅ |
Жинақтау |
4 оқушы |
26℅ |
Бағалау |
2 оқушы |
13℅ |
Осы тапсырманы алғанда мен зерттеуге алған сыныбым, аталмыш модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модуль идеяларымен байланысады. Себебі талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінде шығармашылық және ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқшылардың талантты және дарынын анықтау.
Фриманның ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемінің бірі- ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.(Freeman, 1998) нұсқаулықтағы 73-беттегі басшылыққа алып, осы өлшемдерге сүйеніп, кері байланыс. «Екі түрлі түсніктеме» Оқушының талантты және дарынды екенін анықтау мақсатында оқушының белсенділігі аңғарылады.
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгейді көрсетуі мүмкін: мәселен әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін. Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. (МАН, 73 б)
Сабақ барысында оқушылардың топ болып, бірігіп жұмыс істеулері үшін түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен, сабақтың қорытынды бөлігіне дейін оқушыларға зерттеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін, дұрыс сұрақтар қоя білуі керек.Бұл орайда сұрақтың өзі жоғары мәртебелі сұрақтар болуы керек.Осы оқушылардың іс әрекеттерін зерттеу барысында талантты және дарынды оқушыларды да зерттеуге болады.Бұл талантты және дарынды балаларды оқыту үшін күрделі мәселе ойлауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.
Екінші сабағымда байқағаным «А» деңгейлі оқушы өзінің топтық жұмыста постер қорғауда әртістік қабілетінің бар екенін оқушылар арасында көрсете білді. Өйткені постерді қорғау кезінде сабақ барысында өлең шығарып, оны оқып берді. Менің байқағаным ол оқушы жан- жақты және өте қабілетті. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 56-бет.) Мен өз сабағымда формативтік бағалауды оқыту үшін бағалау ретінде қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни қайсыбір қателіктерді өз беттерімен анықтауына талпындырдым. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт-бағдар беріп отырдым.
Сонымен қатар кез –келген тапсырманы орындау тез әрі жылдам орындай бастайды, барлығынан бұрын орындап, өзін көрсете біледі.Осы жерде мен кеңейтілген тапсырмаларды бере отырып, А деңгейіндегі А есімді оқушы дарынды оқушы екенін және қай жерде болса да, көрсете білді , с деңгейлі Б есімді оқушы өзінің кеңейтілген тапсырмаларды орындау барысында мынадай деңгейде көрсетті.
Нұсқаулықтағы Фриманның 8 өлшемінің үшіншісін осы жерде атап көрсетуге болады .
-ойлау қабілетінің жылдамдығы:олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді. Топтық жұмыста сыныптағы барлық оқушылардың деңгейін мәтін беру арқылы, бақылау парағы орындап, оқушылар рольдік әртістік және спорттық қабілеттерін анықтадым.Талантты және дарынды балаларды оқытуда кеңейтілген тапсырма арқылы көрініс тапты. Кеңейтілген тапсырмалар бойынша құрастырылған сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етуге болады. Себебі деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушы жұмыс жасағанда берілген базалық деңгейде жұмысты стандартты құралдарды пайдалана отырып, word мәтіндік редакторындағы құжатты ашуға, баспаға жіберуге, сақтауға ақпараттардан алуға болады. Демек осы тапсырманың аясында Бағдарламаның екі модуль идеялары ықпалдасады.. Бұл тапсырмалардың І деңгейіне Word мәтіндік редакторының әмірлерін сәйкестендіріу. Ал ІІ деңгейінде Word мәтіндік редакторының әмірлерінің анықтамасын жазу. ІІІ деңгейінде Word мәтіндік редакторындағы терминдер және оның анықтамасын жазуыңыз керек еді. Кеңейтілген тапсырманы орындау барысында нәтижесі мынадай: Тексеру барысында бұл деңгейлік тапсырманы орындаған сыныптағы -15 оқушы. І деңгейін-15 оқушы, ІІ деңгейін -9 оқушы, ІІІ деңгейін-3 оқушы , ал пайыздық көрсеткіште І деңгейінде - 100℅, ІІ деңгейінде-60 ℅ ІІІ деңгейінде-20℅ болды, сонымен қатар екінші және үшінші сабағымдағы кеңейтілген тапсырманы салыстырып қарайтын болсақ:
Екінші сабақта
Деңгейі |
Оқушы саны |
Пайызы |
І деңгейі |
15 |
100℅ |
ІІ деңгей |
9 |
60℅ |
ІІІдеңгей |
3 |
20℅ |
Үшінші сабақта
Деңгейі |
Оқушы саны |
Пайызы |
І деңгейі |
15 |
100℅ |
ІІ деңгей |
10 |
66℅ |
ІІІдеңгей |
4 |
27℅ |
Екінші сабақтағы кеңейтілген тапсырмаға қарағанда үшінші сабақта сыныптың алға қарай ілгерлеуі көрінеді.
Осы талантты оқушының өте белсенділігі жоғары болғандықтан сыныптағы оқушылардың барлығыда осындай оқушыға ұқсағысы келеді. Ал менің үшінші сабағымда оның ерекше қабілеті мен дарынын қайта дәлелдеп, топтық жұмыстарда хатшы рөлінде сабақтың тақырыбын ашып, оны постерге эстетикалық талғамға сай түсіре білген және жұптық жұмыстарда компьютер мен жазылған мәтіндерді көшіріп, оны пішімдей алады,
Жұптық жұмыста «компьютермен жұмыс» кезінде Наурыз мерекесі туралы салт-дәстүрлер қыз қуу көкпар, теңге алу, алтыбақан, наурыз көже пісіру т.б түрлерін атап, осы мәтінді компьютерде сақтап, оны баспаға жіберу жолдарын көрсету керек, осы жұптық жұмыста А деңгейлі А есімді оқушы мәтінді теріп, ойының жүйріктігін білдіріп, осы мәтінді баспаға жіберуді, оны сақтауды, жаңадан құжат құруды кез келген жұмыста белсенді барлық тапсырмалар және жеке жұмыстарда өзінің барлық мүмкіндіктерін сыныпта дәлелдеп кеңейтілген тапсырмалар орындау барысында дарынды оқушы екенін көрсете білді. Бұл кеңейтілген тапсырмада С деңгейлі Б есімді оқушы тапсырманы орындау барысында компьютермен жұмыста, мәтінді компьютерде тере білгенімен баспаға жіберуін білмей оқушылар арасында састы.
Осы жерде менің түсінгенім әр сабақта оқушылардың белгілі таланты байқалады. Әр оқушыда әрқалай таланты және дарыны болады екен.
Эйр өз зерттеу барысында оқу жоспарын өзгертудің акселерация моделінің үш тармағын бейімдеп жасаған. Олар мазмұнға өзгерістер енгңзу, әдісті өзгерту, білім берудегі өзгерістер.Сонымен қатар кейбір зерттеулер топтық жұмыс түрінің де дарынды және талантты оқушыларға тиімділігі бар екенін топшалаған.Себебі оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс жасап, ортақ проблемаларды талқылайды, пікір алмасады,өз жауаптарын талдайды.Оның нәтижесінде өзіміздің практика кезеңіндегі өткен сабақтарымыздағы оқушылардың топтық жұмыстарынан біліп, байқадық және сөйлесуде нәтижелілікпен ынтымақтастықтың үлкен тиімділігіне қол жеткіздік .
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы төртінші сабағымда топтық жұмыста С деңгейлі Б есімді оқушы өзінің бақылау парағында хатшы қызметін атқарды. Топтық жұмыста ІІІ топқа мәтіндік редакторға суретті кірістіру арқылы плакатқа суреттің барлығын сала отырып хатшылық қызметті атқарады. Осы оқушының бұл жерде талантының бар екені байқалды.
Мұғалім: «Неге сіз баяндамашы ролін атқармайсыз» -деп сұрақ қойдым.
Б есімді Оқушы: «Жымиып күліп жауап берді, оқушылардың арасында мен ұяламын»- деп . Менің бір байқағаным бұл оқушының сабақта тұйық, көп сөйлемейді, топтық жұмыста белсенді болмағанымен, хатшылықта оқушы ерекше талантымен көрінеді.Осы жерде Фриманның бірінші өлшемін басшылыққа ала отырып, -есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алады. Бірақ сыныпта көп жағдайда баяндамашы ролін атқарғанда қиналатындығын айтып кеткім келеді.Одан кейін сыныпта Word мәтіндік редакторына жеке жұмыс ретінде тест тапсырмасы берілді. Word мәтіндік редакторының терезесі, мәтінді сақтау, ашу, баспаға жіберу, мәтінді пішімдеу және редакциялауға, кесте құруға, сурет кірістіруге, диаграмма салуға және қорытындылауға арналған. Мәтіндік редакторы бойынша жиырма сұрақ қойылды. Сыныпта 15 оқушы тест тасырып, оның қорытындысы мынадай болды. 20 cұрақтың барлығына -1 оқушы, 15 сұраққа -5 оқушы, 10 cұраққа- 4 оқушы, 8 cұраққа-3 оқушы, 6 сұраққа-2 оқушы жауап берген . Пайыздық көрсеткішке салатын болсақ қорытындысы мынадай:
Дарынды балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыруда: жеке ерекшеліктері мен икемділіктерін жан-жақты зерттеу, ол үшін әртүрлі тестілер мен сөзжұмбақтарды тиімді пайдалану, пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізсе мұғалім жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын. Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай,еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
Шәкірт-нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктеріндамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.
Мұғалім оқыту үрдісіне жаңа технологияларды пайдаланып оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеріп, саралап жұмыс істесе дарынды, талантты балалардың қатары көбейе түсері анық деп білемін.
Менің сәтті тұстарым:
-
Дарынды оқушының ақыл ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейімен мен өлшемін ескеру;
-
Жан-жақты ақпараттандыру;
-
Коммуниактивті бейімдеу;
-
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына қоршаған ортаға өзін –өзін жарнамалауына көмек көрсету.
Менің сәтсіз тұстарым:
-
Талантты балалардың әртістік қабілеттерін ескермеуім;
-
Талантты және дарынды балаларға мектепте жағдай жасалмауы:
-
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына көмек көрсетпеу;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
2 .Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универиситетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»
Оқу әдістемелік құрал- Астана «Назарбаев зиткерлік мектептері» ДББҰ
3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014ж
4