А стана
қаласы
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық
университеті» КеАҚ
колледжі
арнайы пәндер
оқытушысы
Алшымбаева Айнур
Оразметовна
«Есеп әлеміне
саяхат»
Мақсаты:
Өткен тақырыптардың маңыздарын
менгеру, бухгалтерлік есеп білімдерін
пысықтау.
Оқушылардың іскерлік қабілетін
арттыру, ойлау жүйесін дамыту.
Оқушылардың бухгалтерлік
есепке қызығушылықтарын ояту, арттыру.
Көрнектілер: бланктер, құжаттар, слайд,
интерактивтік тақта
Сайыстың
барысы:
-
Тіркеу
-
Есептер
станциясы
-
Өндіріс
станциясы
-
Эрудит
станциясы
-
Есеп
әлемі
Мұғалім
сөзі: Біздің бүгінгі өткізілетін
сабағымыз «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәніне арналған. Барлық
есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын
экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Біз есеп әлеміне саяхатқа шығамыз, яғни жолымызда станцияларға
тоқтап, онда күрделі зерттеулер жасауымыз қажет. Бухгалтерлік есеп
көптеген жылдар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып,
пайдаланылып келеді. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті
– бұл халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды
мемлекеттік талапқа сай есептесу жұмысын жүргізу деп
білеміз.
Саяхатқа екі тобымыз шығады,
яғни осы топтардың зерттеулерін, ұйымшылдықтарын, бірліктері мен
білімдерін бақылап отыратын эксперт комиссиясымен таныстырып
өтейін:
1 . Жунисова
З.С. – директордың ҒӘЖ орынбасары
2. Абильхасенова А.С. – ЦӘК
төрайымы
3. Жастабанова Б.М. – арнайы
пәндер оқытушысы
Ал енді топтар дайындын болса,
әр топты тіркеуге шақырамыз.
Рахмет, егер топтар тіркеліп
болса, онда тездетіп поезға орналасамыз, поезд жүргелі
отыр.
ҚР-дағы жүзеге асырылып жатқан
экономикалық өзгерістер-нарықтық экономиканың заңдарын айырып тани
білетін мамандар даярлау процесінің сапалы жаңартылуын
көздейді.
М
іне есептер
станциясынада келіп қалдық, тоқтау уақыты 3
минут. Осы аралықта топтар өздеріне есептер алып оны зерттей
бастайды да шешімін эксперт комиссиясына
жібереді.
Тапсырмалар: 1. Берілген
мәліметтер бойынша бухгалтерлік балансты құру
қажет: Ақшалар 15000, ұзақ мерзімді
несиелер 50000, резервтік капитал 70000, дайын өнім 50000, МЕА
95000, алдағы кезең табыстары 110000, алдағы кезең шығыстары
170000, ұзақ мерзімді қарыздар 100000
2. Шаруашылық операцияларына
шот коресспонденциясын құрып, қандай баланс өзгермесінің типіне
жататыны анықтау қажет:
-
Жабдықтаушылардан дайын өнім
келіп түсті
-
Жалақыдан әлеуметтік салық
есептелінді
-
Ағымдағы
банктік шотынан кассаға ақша қаражаттары келіп
түсті
-
Ағымдағы банктік шотынан
барлық жұмысшылардың жеке табыс салығы
аударылды
3. Шот бойынша айналымдарды
есептеп, соңғы қалдықты есептеу қажет: - Егер 1310 «Материалдар»
шоты бойынша бастапқы қалдық 50000, дебиттік айналым 35000тг.,
15000тг., 70000тг., кредитттік айналым – 100000тг., 40000тг.,
80000тг. .
- Егер 5310 «Резервтік
капитал» шоты бойынша дебиттік айналым 150000тг., 125000тг.,
кредиттік айналым – 300000тг., 80000тг.
Топтар зерттеу жүргізіп
отырсын, ал біз бұл станцияда қандай талантар бар екен,
жолаушылардың күтушілерінен таланттар болса топтарға көмектесуге
болады.
Рахмет, топтар зерттеулеріңді
аяқтасыңыздар, саяхатымызды жалғастырамыз, алдымызда үлкен аялдама
келе жатыр.
Б ілікті
маман – кәсіпорын тірегі.
Міне
өндіріс
станциясына да жетіп қалдық. Бұл станцияда
топтар екі ірі кәсіпорынға кіріп, бір күн бухгалтерия қызметін
бақылайды. Бірінші топ сіздердің көрінісіңіз, рахмет, екінші топтың
көрінісі.
Жалпы, бухгалтерлік есеп
ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және
талдау секілді функцияларды орындау үшін
қажет.
Бухгалтерлік есеп барлық
ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмайды, онсыз әлемді басқару мүмкін емес.
Келесі
аялдамамыз эрудиттер
станциясы. Құрметті жолаушы топтар
өздеріңіздің жолға алып шыққан сөзжұмбақтар мен ребустарыңызды
бір-біріңізге ұсынуыңызды сұраймын.
Нарықтық қатынастардың
құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де
қаржы зор рөл атқарады. Қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін
түсіне білудің, қаржы ресурстарын неғұрлым толық және пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызын мамандар
болжайды.
Күтушілердің арасынан
таланттар болса топқа көмектесейік.
Рахмет, міне
біз есеп
әлеміне келіп қалдық. Мұнда білім
аукционы өтіп жатыр, топ жетекшілерін ортаға шақырамыз. Сіздерге
сұрақтар қойылады, бір минут аралығында бір неше сұрақтарға жауап
беру қажет.
Е сеп
әлеміндегі сұрақтар:
-
Шаруашылық есептің
түрлері
-
Бухгалтерлік есеп -
бұл
-
Бухгалтерлік есептің
әдістері
-
Бухгалтерлік есептің алғашқы
кітап
-
Бухгалтерлік есепте
қолданылатын өлшем түрлері
-
Калькуляция –
бұл
-
Кәсіпорын мүлкінің
жіктелуі
-
Бухгалтерлік баланс
құрылымы
-
Бухгалтерлік баланс
өзгермесінің типтері
Рахмет, бүгінгі таңда ел
экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік
қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес таңдаған мамандарыңыздың
маңызы мен рөлі арта түседі.
Кез келген елде мамандарын
барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық
жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Қорытынды сөзді эксперт
комиссиясына береміз.
Қорытынды
Міне балалар, бүгінгі сабақтан
тыс іс шарамызды аяқтай отырып барлығыңызға алғысымды білдіремін,
алған білімімізді пысықтадық, яғни бухгалтерлік есеп экономика
саласындағы басқа құралдарға қарағанда нақты, тұрақты, құжаттағы
көрсеткіштерге сүйене отырып жүргізіледі, қорытындыланады, соның
нәтижесінде тиянақты тұжырымдарға келіп, басқару шешімдерін
қабылдауға пайдаланылады. Сондықтан да бухгалтерлік есеп берген
ақпараттарға сеніммен қарайды.
Р А Х М Е Т ! !
!