Материалдар / Есептеуіш техникасының даму тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Есептеуіш техникасының даму тарихы.».

Мақсаты: ЕТ-нің даму тарихымен оны құрылуының принциптерімен таныстыру.

ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы

ой-өрісін кеңейту.


Білімділік :Тәрбиеленушілерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып

кәсіпке бейімдеу , меңгерген материалын қолдануға дағдыландыру.


Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу.

Дамытушылығы: Тәрбиеленеушілердің әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін

біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.



Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:


1.Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Тәрбиеленушілердің құрал-жабдығын тексеру.

3.Тәрбиеленушілердің назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


  1. ЭВМ дегеніміз не ?

  2. Қай ғасырларда ЭВМ аты шықан ?


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Есептеуіш техникасының даму тарихы».


М әліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым-қатынаста болатын құрылғылар мен бағдарламалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде келтірілген. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді.

Б үгінгі күні ЭЕМ қолданылмайтын бір де бір сала жоқ. Бірақ есептеуіш техникасы бұл деңгейге бірден келген жоқ. Есептеуіш техникасының даму тарихын зерттеуші ғалымдар оның дамуында алғытарихын және ЭЕМ-нің төрт буынын ерекшелеп көрсетеді.

ЕТ алғытарихы өте ерте замандағы әр түрлі санаудан басталады. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Ежелгі санау құралы адамға табиғаттан берілген өзінің қолы болып табылады. Саусақпен санаудан бестік (бір алақан) және ондық (екі алақан) санау жүйелері бастау алады. Сондай-ақ адамдар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.

Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр т.с.с.

Ең алғашқы механикалық құрылғы абак бiздiң эрамызға дейiнгi IV ғасырда пайда болған деп есептеледі. Алғашқы кездерде ол саңылаулары бар саз пластинадан тұрды, саңылауларда сандарды бейнелейтін тастар орналастырылды. Абактың алғаш пайда болған жерi ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция да болуы мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.



ейiнiрек Европада абактың орнына арнаулы математикалық кестелер, ал Рассейде XVI-XVII ғасырларда оларға қарағанда анағұрлым жетiлген құрылғы - орыс шоты пайда болды. Орыс есеп шотының негiзгi ерекшелiгi – ондық есептеу принципi.

Атақты өнертапқыш Леонардо да Винчи 1492 жылы өз күнделігінде 10 тісті сақиналары бар 13 разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.

X VII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын ғалымы Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон да ұсынған болатын.






































Бұл жылдары Кеңестер Одағында М-220, БСЭМ-3, БСЭМ-4, «Урал-11», «Урал-13», «Урал-16», «Минск-22», «Минск-32» электронды есептеуіш машиналары шығарылды.

Үшiншi буын машиналары (1970-1979 жылдар) – интегралдық схемалардың құрылуымен ерекшеленедi. Көлемi 1см кремний пластинкасының үстiнде электрондық схема құру мүмкiндiгi ашылды. Жұмыс өнiмдiлiгi көтерiлдi, ал оперативтi зердесi бiрнеше мегабайтқа артты. Интегралдық схемалар үшінші буын машиналарының негізгі элементтік базасы болды, әрекет тездігі 1 млн оп/с жоғарылады. Үшiншi буын машиналары қолданушылардың машинамен қатынасында тек қана сандарды ғана емес, сол сияқты графикалық ақпараттарды да пайдалануына мүмкiндiк бердi.

Төртiншi буын машиналарыны» (80-шы жылдар) – негiзгi элементтiк базасы үлкен интегралды схемалар (ҮИС) және өте үлкен интегралды схемалар (ӨҮИС) болды. Кремний кристалының бетiнде бiрнеше ондаған мың электрондық компонент орналасқан ӨҮИС –ын шығару өндiрiсi жолға қойылды. Осының нәтижесiнде ЭЕМ-iң көлемi ерекше кiшiрейдi, жұмыс өнiмдiлiгi және оперативтi зердесi бiрнеше мегабайтқа артты.

1960-70-шi жылдары әлемде ЭЕМ-iн шығару индустриясы құрылып болған едi. Алдыңғы қатарлы орындарды IBM (International Business Machines), DEC, CDC және т.с.с. сияқты фирмалары иеленді. 70-шi жылдар басында “тұрмыстыº” (үйдегi) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкiндiктерi шектеулi ғана болатын, тек ойнау үшiн және шағын мәтiндердi теру үшiн ғана пайдаланылды.

1971 жылы АҚШ-тың “ИНТЕЛ” фирмасы компьютердің негізгі блогы – процессордың жұмысын орындауға қабілетті өте үлкен интегралдық схеманы – алғашқы микропроцессорды жасады. Нәтижесінде кішкентай ғана ЭЕМ – дербес компьютер пайда болды.

Ал әлемде алғаш дербес компьютерлердi жасаған болып IBM фирмасы саналады. 1980 жылы IBM өз күшін дербес компьютерлер нарығында сынап көрмекші болды. Ол Intel – 8080 сегіз арзрядты процессорына емес, 16 разрядты Intel – 8088 моделіне бағыт қойды. Бұл компьютерлердің потенциалды мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, жаңа процессор 1 Мбайт жадпен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынды, ал оның алдыңғылары 64 Кбайтпен жұмыс істеген еді. 1981 жылдың тамыз айында IBM фирмасы Microsoft фирмасының трансляторлары мен операциондық жүйесi орнатылған өзiнiң туындысын IBM PC әлемдiк компьютерлiк рынокта тiркеген. Небәрі жарты жыл ішінде IBM 50 мың машина сатты, ал екі жылдан кейін сату көлемі бойынша Apple фирмасынын асып түсті.

  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. ЭВМ дегеніміз не?

2. Компьютер дегеніміз не?.

3. Компьютерқай жылы шықан

Сабақты қорытындылау: Балалар, біз компютердің болашақ өмірде бізге қажет екенін, барлық құжаттар, ақпараттар, анықтамасын компьютер арқылы берілетін білесіндер, сондықтанда біз компьютерді сауатты түрде біле отырып, іс - жүзінде сауатты жазуға үйренеміз деп сенемін жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!