Материалдар / Есепті теңдеу құру арқылы шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Есепті теңдеу құру арқылы шығару. Балаларға есептер шығаруды үйрету. Математикаға деген қызығушылығын ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2022
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1) Математика.(4-сынып)

Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз

есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрде

шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білуге

дағды қалыптастыру.

Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.

Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулық

Сабақ түрі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест сынағы,салыстыру.

Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.

(жақсы тілек тілеу)

ІІ.Жаңа сабақ.

Есепті теңдеу құру арқылы шешу.

* «Ой қозғау»

Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым)

Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)

• «Ойлан,тап!»

1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады?

360:2=180 (жарты,немесе 500г)

• х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18

Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)

Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»

Бір дегенім – білек,

Білсең,білек те керек.

Екі дегенім – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек

* «Топпен жұмыс»

І – топ №3-208бет,

Бар еді-1706қап ұн.

Қалды-1009қап ұн

Жөнелтілді-? Қап ұн

Ш: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009

Ж: 697 қап ұн

ІІ-топ №4-208бет,

Болды-548т қызылша.

Қалды-399т қызылша.

Тиеп жіберді-?т қызылша.

Ш: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399

Ж: 149т қызылша.

ІІІ-топ №5-208бет,

Әр қ.8 көшеттен-5 қатар

Жиектеді-? көшет

Болды-63 көшет.

Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63

Ж: 23 көшетпен жиектеді.

ІV-топ №6-208бет,

S=18км,

t=2 сағ,

υ1=4км/сағ,

υ2=?км/сағ

Ш: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4

Ж: υ2=5км/сағ

• «Логикалық тапсырма»

Шаршының Р=64см

S1=?см2

S2=?см2 2есе кем

в2=4см

а2=?см Ш: 1) 64:4=16 (шаршының қабырғасы)

2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)

3) 256:2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)

4) 128:4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)

Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты».

Мақсаты: Зейінді тексеру.

Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)

Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек)Осылай жалғастырылады.

* «Қызықты тапсырмалар»

1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1,2,3;1+2+3=1•2•3)

2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)

3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)

4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)

5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)


Қорытынды.Бағалау.

Үйге тапсырма: №8-209бет (өрнек құрастыру)


2) Математика.(4-сынып)

Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді

шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын

ұғындыру.

Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін

дамыту.

Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң

орындай білуге дағды қалыптастыру.

Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.

Сабақтың түрі: ойын

Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:

1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп,2 белгі,42 әріп)

2.Математикада неше цифр бар? (10)

3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)

4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)

5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

ІІ. Жаңа сабақ.

«Ой ашар»

І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.

1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйық-

талған)

2. Көбейтудің заңдарын ата

(ауыстырымдылық,терімділік, үлестірімділік)

3. 1км-де неше метр бар? 1000м

4.1дм-де неше мм бар? 100мм

5.1 м-де неше мм бар? 1000мм

6.1тоннада неше кг бар? 1000кг

7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц

км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)

Қандай өлшем бірліктері?

-км, дм, м, мм-бұлар ұзындық өлшем бірліктері

-т, ц, -бұлар салмақ өлшем бірліктері.


Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?

Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.

Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.

Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.

Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт,64кг)

Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өл-шем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.

Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс)

1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да өзгерген)

2. заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны екі есе артады)

3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен? (құны екі есе кемиді)

Сергіту сәті. Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Секірді,жүгірді,

Отырды, тұрды.

ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп)

Дәптермен жұмыс

Проблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24-і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек?

Сөз есеп

Оң ж.-6 қатар орындық 24 орындық кем

Сол ж.-8 қатар орындық ? орындық


Ш: 1) 8-6=2

2) 24:2=12

3) 6•12=72

4) 8•12=96

5) 72+96=168

Жауабы: Оң ж.-72орындық, сол ж.-96 орындық, барлығы-168 орындық.

ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс)

Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны,екінші көйлектің құны)

Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы)

Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз)

24480:12=2040 48960:2040=24

Сергіту сәті. Жаза,жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз.

1,2,3

Бойға жинап күш,

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты ұғып аламыз.

V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма.

Х+х+х=20217

Х=бірінші қосылғыш-ең кіші бес таңбалы сан (10000)

х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)

х=? (үшіншіні тап)

10000+9999+х=20217

19999+х=20217

х=20217-19999

х=218

10000+9999+218=20217

19999+218=20217

20217=20217

Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі)

Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде?


VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І-ІІнұсқаға )

* І-нұсқа 4310

Х 56

25860

+ 21550

241360 (бөлумен тексереміз)

*ІІ-нұсқа 4300

Х 56

258

+215

240800 (бөлумен тексереміз)

• «7» саны қандай сан? (киелі сан)

«7» саны туралы не білеміз?

Топтастыру


7 қазына 7 ата


7 күн 7 шелпек


7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні, қасиетті күн,

соңғы күн, азына)

7 күнді ата. (дүйсенбі….)

7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

МАБ-ға дайындық. Тест сынағы.VІІ.

1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?

А)3кг В)10кг с)12кг д)13кг

2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің массасы қанша? А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг

3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша болған? А) 2т В)5т С)3т Д)4т

4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? А)3 В) 1 С) 2 Д) 4

5. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды?

А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг

6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы қанша болады? А) 20т В)10т С)30т Д)40т

7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны қанша болғаны? А)9 В)8 С)6 Д)7

Жауабы:


№ 1 2 3 4 5 6 7

жауабы А С В Д А В С


Қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма. №8-202-бет. (өрнек құру)

3) Математика (3-сынып)

Тақырыбы:Көбейту және бөлу — өзара кері амалдар.

Мақсаты: 1.Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру.

Балалармен көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы

байланысқа негізделген теңдеулерді шешуді пысықтау;

2.Теңдеулерді шешу кезінде амалдардың өзара кері әдісін пайдалана білуін

бекіту; Байқағыштығын, жадын дамыту:

3.Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмыс

істей білуін дамытуға жағдай жасау, зерделі болуға үйрету.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, тапсырмалар, сызбалар, фигуралар, тест

тапсырмалары

Сабақ түрі:ойын, жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, толықтыру, құрастыру, бақылау, салыстыру, талдау, болжау.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (барлығы бір-біріне жақсы тілек білдіреді)

ІІ. Өткенді қайталау.

А)үйге тапсырманы тексеру. №10тапсырма, теңдеуді шешу. 35-бет.

х:2=4 9:х=3 16:х=8

х=4•2 х=9:3 х=16:8

х=8 х=3 х=2

8:2=4 9:3=3 16:2=8

4=4 3=3 8=8

Ә) ойын. «Кім шапшаң?»

Әртүрлі фигураларды ала отырып, көбейту кестесін пысықтап алу.


(екіге көбейту кестесі)

(үшке көбейту кестесі)


(төртке көбейту кестесі)

б) жеке тапсырмалар (3оқушы карточкамен жұмыс жасайды)

1-карточка (теңдік тура болатындай сандарды қой)

:2=2•2=18 =6 2•

=6•2=10 12:=8 2•

•2=14 20:2= 2•8=


2-карточка (Бос орындарға сандарды қой)


7+ 11 — 3 • 24 : 6


3-карточка (өрнекті мәнімен сәйкестендір)


5•3 5

10:2 9

3•3 15

18:2 6

2•9 9

18:3 18


в) сыныпқа арналған тапсырмалар;

(Ұсынылған сандарды пайдаланып, көбейту мен бөлуге байланысты үш теңдік құрау)


2,16,8 3,12,4


Тексеру: 2•8=16 8•2=16 16:2=8 16:8=2

3•4=12 4•3=12 12:4=3 12:3=4

Сергіту сәті:

Адымдаймыз, адымдаймыз,

Қолды биік көтереміз,

Басымызды түзу ұстап,

Баяу терең демаламыз.

Қарасақ алау жанында,

Ұядан түскен балапан.

Еппен алып, ұяға

Саламыз оны қайтадан.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

А)оқулықпен жұмыс №1 тапсырманы оқып, талдау, түсіндіру.

Б.-18 ойыншық Б.қ-2с

Б.қ-2сөреге Әр.қ-9ойыншықтан ? ойыншық

Ә с-?ойыншықтан

Ш: 18:2=9 Ш: 2•9=18

Ж: 9 ойыншық Ж: Б. 18ойыншық


(жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау)

№2тапсырма (сызбаны көріп, түсіндіру)

: 2


18 9 Түсіндіру: 18:2=9 9•2=18 2•9=18 18:9=2


•2

№3тапсырманы да түсіндіру (сызбаны)

Түсіндіру: 15:3=5 5•3=15 15:5=3 5•3=15

№4 тапсырма (жұптық жұмыс)


•2= 6•4=24 7•2=

=:=7 : 24:4=


Сөз есеп (өткен материалды бекіту)

Ү.-12

Б.-? 2есе кем ? адам


Ш: 1) 12:2=6 (балалар) 2) 12+6=18 Ж: Барлығы 18 адам келген.

Сергіту сәті. Бас бармағым-алғашқы,

Балаң үйрек-жалғасы,

Ортан терек-ағасы,

Шылдыр шүмек-нағашы,

Кішкентай бөбек-балақан,

Бәріне ортақ алақан.

ІV. Қорытындылау. (рефлексия)

А) Сұрақ-жауап

Ә) тест тапсырмалары


1. х:2=6 Белгісіз сан нешеге тең? А. 3 Б. 4 С.5


2. 6•8=? А 18 Б. 48 С.8


3. Бөлінгіш 12, бөлгіш 3, бөліндінің мәнін тап.


А. 2 Б.3 С.4


V.Үйге тапсырма. №7-тапсырма (сөз есепті шешу) -37-бет.


4)Математика (2-сынып)

Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.

Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-

лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен

азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын

қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;

Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын

бекіту.

2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары

арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда,

бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне

көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштар

Сабақ түрі: (жаңа сабақ)аралас

Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру

Сабақ барысы.І. ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық»

***Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)

1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.

Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)

2.Сан қатары берілген:

5 10 15 20 25 30…………

Неге назар аударылған?

*Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.

15-5 20-10 25-15 30-20

Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.

(35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)

Сергіту сәті. «Он саусақ»

*Ауызша есептеулер.

1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,

Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.

Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,

Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)

Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?

Қауымдастық құрайық.

5 баға бесбұрыш 5тең 5 алып 5тұлпар 5арыс


5қару 5бақыт


5жігіт 5жетім 5тас 5саусақ 5дұшпан 5асыл бес саусақ

Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.

5 алып

1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,

әнші-сазгер.

2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын

дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан

4.Қазақбай қажы палуан

5.Қасымхан палуан

5 тұлпар

(ер қанаты болған бес тұлпар)

1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең

5 тең

1.Әкеден алған ақылың

Даңғыл қара жолмен тең.

2.Ағайының көп болса,

Сапта тұрған қолмен тең.

3.Жақсы болса ағаңыз,

Асқар асу белмен тең.

4.Елгезек болса ініңіз,

Ерттеулі атпен тең.

5.Көпті көрген қартыңыз,

Жазылған шежіре хатпен тең.


5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.

5 бақыт

1.Астыңдағы атың жүрдек болса,

Жалғанның пырағы.

2.Алған жарың жақсы болса,

Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.

3.Әкең асқар тау.

4.Шешең қайнар бұлақ.

5.Балаң жақсы болса,

Екі көзіңнің шырағы.

5 жігіт

1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт

5.айналып соғар із жігіт

5 жетім

1.Иен қалған жер жетім,

2.Басшысыз қалған ел жетім.

3.Аққу-қазсыз көл жетім.

4.Тыңдалмаған сөз жетім.

5.Іздемесе қыз жетім.

5 дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

5 асыл

Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау

5 саусақ

Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек

Бес тас

Бестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.

Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.


«Бес саусақ» (санамақ)

Бас бармағым, Сұқ саусағым,

Бақташы бол! Сауыншы бол!

Қырағы көз, Өнеріңе

Сақ малшы бол! Табынсын ел!

Ортаң қолым, Аты жоғым,

Орманшы бол! Аспазшы бол!

Күллі орманға Өз қолыңнан

Қорғаншы бол! Дәм татсын ел!

Шынашағым,

Бақшашы бол!

Жемісіңді

Мақтасын ел.

Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.

І-топ «УАҚЫТ»

ІІ-топ «ӨРНЕК»

ІІІ-топ «ФИГУРА»

ІV-топ «ТАҢБА»

V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.

5 санын қосу мен азайту.

±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз.

Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?

6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.

7+5=(… 12-5=(….

8+5=(…… 13-5=(….

9+5=(… 14-5=(….

5+6=(… 11-6=(…

5+7=(… 12-7=(…

Сергіту сәті. «Табиғат»

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз.

Көбелектей қонамыз.

Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.

Әңгіме -6күн

Жыр-? 5күн ұзақ

Ш: 6+5=11 (күн)

Ж: Жырды 11күн оқыған.

Қыз бала -24

? бала келген

Ұл бала-? 4-еуі кем

Ш: 24+(24-4) = 44 (бала)

Ж: 44 бала келген.

**Логикалық тапсырма

7+4= 11-4=

17+4= 21-4=

27+4= 31-4=

Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)

Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.

7+5= 12-5=

17+5= 22-5=

27+5= 32-5=

Өздері жұппен тесереді.

Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Ойын: «Гүлдерді әшекейле!!»


Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.

Қорытындылау. ***Бақылау тесті

1.Машина-24

-?

Комбайн-20


А) 4 С)34


В)44 Д )14


2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.


А)8+4 В)9+5


С)11-2 Д)7+8


3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.


А)12-х=6 С)х-9=5


В)х+7=12 Д)8+х=14


4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?


А)4 С)14

В)10 Д)12


5. 1 тәулікте неше сағат бар?


А)24сағ С)20сағ


В)21сағ Д)22сағ


Жауаптары:

№ 1 2 3 4 5

А


В


С


Д


Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.

Бағалау

Үйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет


5) Дүниетану (2-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Халықтар достығы.


Мақсаты: А)Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен

принциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.

Ә) Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы

мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой

бөлісу.

Танымдық тапсырмалары арқылы балалардың ойлау қабілет-

терін дамыту.

Б)Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімде

өмір сүре білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, оқулық,

интерактивті тақта, тест тапсырмалары, скрепки, ақ қағаз,

Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер, іздену,бес жол өлең,

топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотия әдісі


Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.


Психологиялық дайындық.

А)-Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!

Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!

-Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!

-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!

-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!

Б)Қазір қандай мезгіл? (көктем мезгілі) Оның ерекшелігі неде? (күн жылына бастап, құстар ұшып келеді)

Біздер де құстар тезірек ұшып келуіне көмектесейік.


Сергіту сәті. Мейірімді торғай, қараторғай,

Тезірек бізге келе ғой ұшып,

Сендер үшін жатырмыз үйшік салып,

Кішкентай емес ол үп-үлкен сарай.

Осы көктем мезгілінің және бір ерекшелігін атаңдаршы.

(мерекелер көп, наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз)

В) үй жұмысына шолу жасау.

Қазақ халқының дәстүрі мен бір ұлттық тағамы туралы аналарымыздан сұхбат алу.

(бірнеше оқушыны тыңдау)

Бауырсақ

Бауырсақ халықтың тым ерте келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Бидай ұнынан ашытып барып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап алып, майға пісіреді.


Құймақ

Құймақ-ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық күйінде қазан сияқты ыдысқа майға пісіреді.


Наурыз көже

Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынып пісіріледі.

Тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр сияқты жеті дәмнен құралуы тиіс. Наурыз көжеге арнап, соғымның жамбасы мен жая, қазы-қарта сақталады. Оған құрт езіліп, уыз да құяды.


Қазақ халқының салт-дәстүрлері

1.Отау көтеру дәстүрі

2.Тәрбие дәстүрлері:

Ат қою (ғұрып)

Бесікке салу (салт)

Тұсау кесу (салт)

3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері:

Бата (дәстүр)

Көрімдік (салт)

Шашу(ғұрып)

4.Еңбек дәстүрлері:

Асар (салт)

Көген той(дәстүр)

Сабан той (дәстүр)

5.Наурыз дәстүрлері:

Наурыз көже

Наурыз бата

Наурыз тілек


В) Наурыз тілектері:

1.Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға, үйің жанға толсын!

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!