Материалдар / Есімдіктің мағыналық түрлері. Синтаксистік қызметі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есімдіктің мағыналық түрлері. Синтаксистік қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Есімдіктің мағыналық топтарын ажыратуға, есімдіктің көптелуі, жіктелуі, септелуі, тәуелдену формаларына талдайды. Синтаксистік қызметін айқындайды. Салыстырмалы грамматикалық талдау жүргізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
1011
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есімдіктің түрлерінің көптелу, септелу, тәуелдену, жіктелу ерекшеліктері. Есімдіктің синтаксистік қызметі

Күні:


Пәні: Қазіргі қазақ тілі

Тобы:

Cабақтың тақырыбы:

Есімдіктің түрлерінің көптелу, септелу, тәуелдену, жіктелу ерекшеліктері. Есімдіктің синтаксистік қызметі

Күтілетін нәтиже

Есімдіктің мағыналық топтарын ажырату білімдерін тереңдетеді;

Есімдіктің көптелуі, жіктелуі, септелуі, тәуелдену формаларына талдайды;

Синтаксистік қызметін айқындайды; Салыстырмалы грамматикалық талдау жүргізеді.

Негізгі мақсаттар:

- білім алушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;

- топтық жұмысқа жұмылдыру;

- өзара бағалауға ынталандыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Cұрақ-жауап, топтық жұмыс,оқулықпен жұмыс, лингвистикалық талдау, «Ақылдың алты қалпағы», деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаздар, оқулықтар, суреттер, бейнеролик, слайд,таратпа- тапсырмалар.

Модульді кіріктіру:

Сын тұрғысынан ойлау, АКТ, диалогті оқыту, оқыту мен оқудағы бағалау, көшбасшылық., оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.


Сабақтың барысы:


Кезеңдері

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар





Сабақ

тың басы






Бүгінгі күн нұрлы болсын! Сабағымыз сәтті өтсін!

Психологиялық жағдай туғызу. Барлық білім алушылар бойларындағы жақсы қасиетті бас әрпінен келетін әріптермен айтып шығу.Мыс: Перделі: пысық

« Қима – таратпа» студенттерге түрлі түсті

парақшалар таратылады. Сол парақшалардағы сан есім, зат есім, сын есімге байланысты сұрақтарға бірегейі жауап беріп,аталған сөз

таптары бойынша үш топқа бөлініп отырады.

Сол бойынша топ мүшелері шығармашылық

ізденіс жұмыстарымен айналысады.

Өтілген тақырыптарды саралау мақсатында және жаңа сабақтың тақырыбы да ашылады

Білім алушылар өз бойындағы асыл қасиеттерді жеткізе отырып сабақ барысы айқындалды.

Студенттер өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып 3топқа бөлініп отырды.













Топқа бөлу


І Білу


1.Қызығушылықты ояту

-Сан, сын,зат есімдерді не байланыстырады

- Үш сөз табы туралы қандай мәлімет қосуға болады.


Интерактивті тақтадағы суретті сұрақтар, Көп нүктенің орнына қалдырылған сөздерді тауып, қай сөз табына тиісті екенін ажырату

Мыс: Ұлы Дала ....(менің) Отаным. (Зат есім).Тау бөктерінде ...... жылқы жайылып жүр.

Студенттер бір-бірімен пікірлесе отырып жауап берді.


Үш сөз табына орынбасар сөз табы есімдік екенін анықтап тақырып айқындалды.

Есімдіктердің қай сөз табынан жасалып тұрғанын ажыратты.

Диалогтік оқыту,

Сұрақ-жауап


Ой қозғау сұрақтары


Тақтамен жұмыс,оқулық

ІІ Түсіну


Сабақтың ортасы

2.Мағынаны тану ( постер қорғау)

А)Аталған кезеңде білім алушыларға 1-топ «Жіктеу, Сілтеу, Өздік,Сұрау есімдіктеріне», 2-топқа«Болымсыздық, жалпылау,белгісіздік» есімдіктеріне, 3-топқа «Есімдіктің синтаксистік қызметін» талдап, ережесін, қолданылуы,мысалдар, емлесі турасында өздері ізденіп, постер қорғайды.



Ә)Тақырыптың есімдіктің түрленуіне, яғни жалғаулар қалай жалғанатынына оқытушы слаид арқылы шолу жасап өтті.

Жіктеу есімдігі көптеледі: - Сілтеу есімдігі көптеледі: осы-осы-лар, сол-со-лар; тәуелденеді: осы-м, осы-ң, осы-сы, осы-мыз, осы-ңыз; септеледі: осы, осы-ның, осы-ған, осы-ны, осы-нда, осы-дан, осы-мен.

-Өздік есімдігі үнемі тәуелдеулі тұлғада қолданылады: өз, өз-ім, өз-ің, өз-іңіз, өз-і, өз-іміз, өз-деріңіз және тәуелденіп барып септеледі: өз-ім, өз-ім-нің, өз-ім-е, өз-ім-ді, өз-ің-де, өз-ім-нен, өз-ім-мен өздік есімдігі жіктік жалғауын да жалғайды


-Сұрау есімдігі зат есімнің орнына қолданғанда тәуелденеді; не-м, не-ң, не-сі; көптеледі: кім-дер, не-лер; септеледі: не, не-нің, не-ге, не-ні, не-де, не-ден, не-мен; кейбіреуі жіктеледі: Мен кім-мін

-Белгісіздік есімдігінің бірқатары көптеледі: біреу-лер, әркім-дер, бірдеме-лер, әлдене-лер; тәуелденеді. біреу-ім, біреу-ің, біреу-і тәуелденіп те, тәуелденбей де септеледі: біреу, біреу-дің

- Болымсыздық есімдігінің зат есім орнына жұмсалатындары тәуелденеді: ешкім-ім, ешкім-ің, ешкім-і; септеледі: ешкім-нің, ешкім-ге, ешкім-ді, ешкім-де, ешкім-нен, ешкім-мен.

-Жалпылау есімдігінен барлық, барша, бар сөздері ғана тәуелденеді: барлығ-ым, барлығ-ың, барлығ-ы, бар-ым, бар-ың, бар-ы; тәуелденген жалпылау есімдіктеріне септік жалғаулары жалғанады: барлығ-ым-ның, барлығ-ым-а, барлығ-ым-ды, барлығ-ым-да, барлығ-ым-нан, барлығ-ым-мен. Жалпылау есімдігі жіктелмейді



Өз ойларын ортада талқылады.

Студенттер 3 белгіге қарап: төрт бұрыш келсе постер қорғайтын кезегі,?-келсе сұрақ қояды, .....толықтырды.Келесі топтың кезегі келгенде шартты белгіні ауыстырылып,отырылды.



















АКТ

Cөздік әдіс, репродук

тивтік-эвристикалық әдіс







Өзара ынтымақ

тастық және топпен жұмыс







Слаидтармен жұмыс



Түсіндіру әдістері







АКТ

Тартпа материалдар

ІІІ Қолдану












3.«Үштұғырлы тіл» (салыстырмалы грамматика)

Ағылшын тілі:

1. Personal(жіктеу): I, you, she

2. Demonstrative(сілтеу): this, that, su

3. Interrogative (сұрау): who,which, whose

4. Reflexiv (өздік): emphasizing: my herself, himself, itself

5. Indefenite(белгісіздік): some, any, much, many,little, (a) few,either, every, other, another, both

6. Negative (болымсыздық): neither, no, none

Орыс тілі

1Личные (я,ты,он,она)

2.Указательные (тот,этот)

3.Вопросительные (кто?что?чей?сколько?)

4.Возвратное(себя)

5.Неопределенные (некто,нечто,некоторый)

6.Отрицательные

(никто,ничто, никакой)

Қазақ тілі

1 Жіктеу(мен, сен, ол)

2 Сілтеу(сол, мынау)

3 Сұрау(кім? не?кімге?)

4 Өздік (өз,өзім, өзіме)

5 Белгісіздік (кейбіреу,қайсыбіреу, әлдекім)

6 Болымсыздық (ешкім, ешқайда)

7.Жалпылау (барлық, бәрі, күллі) ерекщелігі салыстырылды.

Ә) Қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілінде есімдік сөз табының көптелуін, септелуі, тәуелденуі, жіктелу сызбасын толтырады.


Тапсырманы әр студенттер бірге ауызша грамматикалық ерекшелігін салыстырды.





жеке орындады.







Жіктеу есімдігінің тәуелденуі

Есімдіктің септелуін интерактивті тақтада талдап көрсету. Өзара жұптық әдістері арқылы өткізіледі

Өзара ынтымақ

тастық және топпен жұмыс









Практика-лық тапсырма

лар орындау, талдау жұмыста-рын жүргізу



Шығарма-шылық қабілеттерін дамыту





АКТ

Өзара жұптық әдістері арқылы өткізіледі.

















































5мин



ІҮ

Жинақтау


А) Қазақ тілі оқыту әдістемесі пәнімен үнемі бірлікте жүргендіктен мектеп оқулықтарымен жұмыс

-Есімдік қай сыныпта оқытылады?

-Неше сағат қарастырылған?

-Қандай тақырыптар берілген?





Ә) “Әліпби желісі” топ басшылар сайысы

есімдік сөздерді ауызша әліпби ретімен айтып шығу



266-жаттығу Лингвистикалық талдау жүргізу.


Мына қарлығаштардың сезімтадығын ешкім ұмытпас.Жасы кіші болса да, білімге озығы – осы.Біреудің қатесі біреуге сабақ.Өз (інің) ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.Дауыс әлдеқайдан естілгендей болды.



Деңгейлік салыстырмалы тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту


1)Төмендегі сөздердің дұрыс не қате екенін ажыратыңыз

2) Төмендегі бос орындарды дұрыс мағлұматтармен толтырыңыздар

3) Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

4)Төмендегі бағандарды жұптастырыңыз

5)шығармашылық тапсырма: «Менің көзқарасым.....» бейнеролик көрсетіледі



«Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. Әр топ өзіне тиісті қалпақтың түсіне қарай өз ойын айтады.

Ақ қалпақ- сабақтағы негізгі ойды айтады.

Қызыл қалпақ - сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Сары қалпақ - сабақтың сәтті өткен тұстарын зерделейді.

Қара қалпақ -сабақтың кемшілік тұстарын әңгімелейді.

Жасыл қалпақ - жаңа идеялар туындатады.

Көк қалпақ - бақылаушы бағалаушы


Оқулық пен ОМЖ қарап неше сағ қарастырылған және қандай тақырыптар қамтылғанынн зерттейді.


Топ басшылары арасында өткізіледі. Үш топтан топ басшылары шығып, әліппе ретімен әріптерден келетін есімдік сөздерді мүдірмей айтып шығу




Берілген жаттығуда студенттер есімдіктерді тауып, қай сөз табынан жасалып отырғанын,

1-топ. Сөз таптарына,

2-топ

Сөйлем мүшесіне,

3-топ

сөз тұлғасына



Деңгейлік тапсырмалар , салыстырмалы тапсырмалар берілген. Бос орындарды толтыру, жұптастыру, сұрақтарға жауап береді.

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылады





Өзіндік сараптаулар әдісі





Көшбасшылық әректтер орындалады











Лингвистикалық талдау сауаттылығын дамыту әдістері.





Пәнаралық байланыс.







Шығармашылық әдіс.



Жеке тапсырма және өзара ауыстырып бағалау әдісі



«Ақыл-дың алты қалпағы» әдісі

Деңгейлік тапсырмалар

Ү Бағалау




Сабақтың соңы

Кері байланыс.Алған білімдерін саралау. Топ басшыларындағы бағалау парағы арқылы сабақ кезеңдері бойынша жинақтаған смаиликтері арқылы бағаланды.

Студенттер смайликтер жинау арқылы бағаланды.

Смайлики



Интерактивті тақтаға үй тапсырмасы жазылады.




АКТ








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!