Материалдар / «ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби сазды кеш Мұқағали өмірі мен шығармашылығына арналған сақхналық қойылым.Бұл көктем құлағын түрген бар ғалам, Кененнің әні самғаған, Көдек пен ақын Жамбылдың, тамыры терең салған ән, Нұрғиса мен Мұқанның, жүрегінен шыққан тәп-тәтті үн; аспанның жүзін шарлаған, жалғасып сосын Дәнешке, Ықлас алған Алладан, ақындықтың көктемі болатын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2022
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ»

Н.Островский атындағы мектеп- лицейінің

музыка пәнінің мұғалімі Рысбаева Г.Б



(Сахна жабық. «Балалық шақ «Детство»» күйі ойналып тұрады. Монолог оқылады.)

Монолог: (01 трек)

Ұл: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, ерлік тұнған қасиетті өлкеде, бусандырып жер бетін, гүлге бөлеп келбетін, жан-жануар әлденіп, күллі әлем қыздай сәнденіп, тағы бір көктем келді.

Қыз: Нұрын төккен ай көктен, самалында майда еткен, көк аспанның өзінде, жырларына айна еткен, қайсы аймақта? Қайда өткен? Сонда бұл қай көктем?!

Ұл: Е... Бұл көктем құлағын түрген бар ғалам, Кененнің әні самғаған, Көдек пен ақын Жамбылдың, тамыры терең салған ән, Нұрғиса мен Мұқанның, жүрегінен шыққан тәп-тәтті үн; аспанның жүзін шарлаған, жалғасып сосын Дәнешке, Ықлас алған Алладан, ақындықтың көктемі болатын.

Мына келген көктем бе?

Сүйісуде кептерлер.

Көз ұшында, көк белде,

Түйісуде көк пен жер.

Тулап, тасыр арналар,

Нөсер құйып кеткесін.

Қыздырынып тау қалар,

Жалаңаштап көк төсін.

Тау бөктерлеп биледі,

Тамашалап ақ сағым.

Бөктер жақтың үйлері-

Сарайындай патшаның.

Қызыл- жасыл, сарыала,

Аспа көпір шұғыла.

Екі жағын қадаған,

Екі таудың шыңына.

Аспан асты, жер үсті,

Ойхой неткен көкпеңбек!

Кеңейтті ғой өрісті,

Көктен күткен көктем кеп.

Содан бері талай-талай жыл өтті, талай көктем, күз өтті; содан бері қасиетті жер ана сан мыңдаған түлектерін түлетті; Әне соның үрдісіндей жалғасып, тоғыстырып тілекпенен тілекті, тағыда бір көктем келіп жүректерге гүл екті, охо... көктем!!! Бұзылмас заңдылық неткен?

Қыз: Охо... Бұл қай көктем? Жер бетін әрлі ғып кеткен? «Махаббат диалогы оқылады»

- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Охо... Бұл қандай көңіл? Сезімін жыр қылып төккен.

Ұл: Е... бұл Мұқағали ғой... Найзағаймен таласып, зеңгір көктен ары асып; сезімін сел қылып кеткен, жүрегін жыр қылып еккен, өзім дегенге өзегі үзіліп, сен дегенге намысы айырылған, нар кеуделі, қазақтың маңдайына бергені, бір туары Мұқаң ғой...

Айтпақшы, бүгін ол кісінің еске алу жыр кеші ғой. Көрермені болайық...

Жүргізушілер...

  1. ж. Ассалаумағалейкум! Асылын ардақтап, өнегесін үлгі еткен; әншілерін аспанға шығарып, ақындары жүрекке жыр еккен; бәсірелі бесін бөлісіп, әсірелі асын ішкен; домбырасын термелеп, қобызын күйлеген асыл елдің ардақты ұл- қызы!

  2. ж. Армысыздар!

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар сенде менің.

Бұйрат құмдар- бұйығып шөлдегенім,

Бура бұлттар- бусанып терлегенім.


Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,

Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.

Кең дүние, керемет қалпыңменен,

Жүрек болып кеудеме кірші менің.


Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,

Секілді бәрі менен көз алмаған.

Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,

Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

  • деп өзі жырлағандай даланың дархандығын кеудесіне сиғызып, жасынмен жағаласып, тәбиғатты таңдандырып, Алатаудың бауырында, Шалкөденің төсінде, - Нағиманың отауында маңдайы жарқырап бір сәби дүние есігін ашты.

  1. ж. - Туған жерің?

  1. ж. - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

2- ж. - Туған жылың?

1- ж. - 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

2- ж. - Жынысың кім?

  1. ж. - Еркекпін ғой, еркекпін,

Жәнедағы тәуірімін.

Мекен-жайым - жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

  1. ж. Деп өз басынан толық мәлімет берген жыр дүлдүлі, Абай мен Махамбеттен бірдей қуат алып, туған ел мен туған жерге деген сүйіспеншілік, Отанға деген махаббат сезімін өлең жолдарымен зерделеген.

2- ж. Ақиық ақын оны былай термелейді.

(07 трек). «Қазақ даласы» (Өз дауысы).

М. Мақатаевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Сарыжайлау» - орын. Азамат

  1. ж. Ең алғашқы өлеңі мектеп қабырғасындағы бала Мұқағалидың соғысқа кеткен әкесін сағынып жазған жыр жолдары еді.

1941 жыл ақпандатқан,

Сыртта аяз. Аулымызда ақ қар жатқан.

Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,

Алапат аспан, жерді аттандатқан.

Аттан! Деді, ол ертең аттанады,

Аттанады еңбектің ақ табаны:

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің ролін атқарады.

Ол ертең аттанады.

Қалай сені жұбатам аңыра, Ана,

Сау қайт деп тәңіріне жалын, Ана.

Мына отырған иеміз құласа егер,

Саған жар, әке бізге табылама?!


... Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,

Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.

Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған...

  1. ж. Осы кеткеннен оралмаған әкенің артында қалған ұрпақтың үлкені Мұқағали болды да, барлық тұрмыстық ауыртпалық анасы Нағима мен болашақ ақынның мойнына түсті.

  2. ж. Енді бір кезек ақынның өз дауысын тыңдасақ.

«Пай- пай өмір» (Өз дауысы). (04 трек)


Сахналы қойылым. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.


1-ж. Иә. Жүректі толғантар, көңілді тербетер; ойға сана, сезімге нұр қосар жырлардың авторы Мұқағали өмірде көргенін, басынан өткенін әдемі сөзбен өрнектеп қағаз бетіне шебер түсіре білген.

2-ж. Деректерге сүйенсек ақын ағамыздың алтындай асыл қасиеттерінің бірі жас сәбиге деген мейірімділігі. Оның қасында өзі де жырларында айтқандай бір жасап, толқып қалатыны бізге мәлім. Даңғазасы көп өмірден гөрі, алаңсыз сәбилікті көбірек іздеген.

«Сәбиіме» (Өз дауысы). (05 трек)

1-ж. Құрметті жыр сүйер көрермен, осындай тамаша мәтінге жазылған ән «Сәби болғым келеді» орын. Нұрдәулет


1-ж. Ақ иық жыр дүлдүлінің ұлы табиғат анаға деген ыстық ықыласы да осы сәбилік кезінен, Шалкөденің кең төсінде жалаңаяқ жүгіріп, тарлан табиғаттан мейілінше нәр алып өскен, төрт мезгілі, ондағы өмір сүрген қарапайым тұрмыс адамдарының табиғатпен жаны бір, лебізі егі тұрмысын әдемі суреттеп, көз алдыңы жайып салады.

2-ж. Ол жөнінде өзі де былай деп бір өткені бар.

Қаздар қайтып барады. Өз дауысы. (02 трек)


1-ж. Тарлан табиғатын, туған өлкесін жанымен сүйген ақын жұмыс бабымен Алматыға қоныс аударсада өзінің кіндік кескен жерін бір сәт есінен шығарған емес. Қала көшесінде жүріп ауылдасқа кездескенде таудай кеудесінің кішірейіп, баладай мәз болатыны өз алдына.

Сағындым ғой, саялы тау арасы,

Сағындым ғой, жанымды дауалашы!

Көрсетпестен, көк шалған, көміп таста,

Қарағайлы қалың ну, қамалашы

Жапрағын жамылтып, гүлің төсеп,

Бірің жастық болсаңшы, бірің төсек.

Екеуімізге, ерке өзен, жараспайма,

Тыным алмай күн бойы күбірлесек?

Мұрша берме ойлауға, сарқырама,

Қысыр ойды түгесші, сарқып ада.

Тасқа біткен бір шоқ гүл, кеудеме біт,

Таста нең бар мейрімсіз, қалтырама.

Сағындым ғой тауымның көк белдері,

Қанжығаңа байла да, бөктер мені.

Құздар, мені мәңгілік тұтқыныңа ал,

Асу берме, қияның өткелдері.

Таулар, таулар,

Тауларым, тауларым- ай!

Сағынысып қаппыз ғой, тарланым- ай!

Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,

Түн болмайды еш жерде таудағыдай- деп сағынышын өлең сөзбен ақтарған.

2-ж. Иә. Мұқағали тек таудан ғана емес, өз сағанашын арудың бұрымынан іздеген ақын.

«Шашыңнан иіскейін». орын. Аманжол


1-ж. Табиғаттың тартуынан артық не болмақ. Тумысына біткен таланты мен, жаратылысына біткен жайсаңдығы, байқағыштығы мен, терең ойлылығы ақынды қай қияға шығармады. Қай тереңге түсірмеді.


2-ж. Солай. Өмірден көргені болашағына мұра болып қалған жанда не арман бар. Әрине архивтен емес үйден табылса.

Өз дауысы. «Қарлығашым келдің бе?». (06 трек)

2-ж. Иә. Тауқыметті өмірдің қыспағын көп көрген ақын жаны кең дүниеге симай өтті. «Не келіп, не кетпеген...», «Күндестік құрысын», «Өмір сүрейік алмасып», сияқты жырлары өмірінің тартысқы толы беттерін ашып көрсетеді.

«Ей, менің қиын өткелім». Өлең жолдары. (Ақ, қара матамен би)

1-ж. Мұқаңның ән әуеніне сөз түсіре бермейтіні көпке аян. Қазақтың тарлан ұлдарының бірі Нұрғиса Тілендиевпен бірге бір ай отырып, алтын сөздерді әсем кестемен өрнектегені жұрт есінде әлі бар.

2-ж. Шалқыған шабыт сондада арнасына симай, ақыры ақын Нұрғисамен де, қош айтысып, қара шаңырағына қайтып оралды. Санаулы күндерден кейін, ақын ауруханаға түсіп қалады. Сіра, жүрегі шыдатпаған болу керек. Бір күні жұмысына асыққан Нұрғиса қалтасындағы бір тілім қағазды көріп қалып, оқыса Мұқаңның кетер кездегі жазып білдірмей қалтасына салып кеткен «Есіңе мені алғайсың» өлеңі екен. Талантты сазгер: «Бұл менің Мұқаңның сөзіне жазған соңғы әнім еді»- деп күрсінеді, бір әңгімесінде.

Өз дауысы. «Есіңе мені алғайсың». (08 трек)

2-ж. Махаббат әр ақынның айналып өтпес кең тақырыптарының біреуінің ішіндегі бір егейі.

Сен менің жүрегімді жазалама,

Шыдайды ол қуанышқа қазағада.

Жүрек деген сезім ғой сезіміме,

Сезіммен кел болмаса мазалама - деп, кіршіксіз сезімді, адал сүйіспеншілікті жоғары бағалаған жандардың бірі Мұқағали.

1-ж. Сен мына - жанарымның ішіндесің,

Жанардың білесің ғой кішірмесін.

Ішіне жанарыңның сақта мені,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін!

Сен менің- мына тылсым кеудемдесің,

Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.

Кеудеңе- зынданыңа салып сақта,

Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен- менің миымдасың!

Білесің, миым жатқа бұйырмасын.

Миыңның бір жеріне жасыр мені,

Қиылсын өмір солай... қиылғасын!..

«Сенің көзің». Орын. Асылбек

Ақынның махаббат тақырыбындағы жырларының өз алдына бір кеш болары даусыз. Деседе бір үзінді тыңдайық.

(03 трек)

«Бала ғашық» орын. Айбол.

2-ж. Бақыт деген- сенің бала күндерің,

Бақытсыз- ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз- ақ ойнағаның- күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім,

Бақыт деген- бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол- тәрік етіп түндерін,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде- кім.

«Бақытыңды жырлайды». Орындайтын: Нұрәділ. Лаура

1-ж. Қалай- қалай соғасың қан жүрегім,

Соғасың, әлі өмірің бар білемін.

Дем ала ғой, байғұсым дем ала ғой,

Бұл тірлікте құмарым қанды менің.

2-ж. Қалай- қалай соғасың қан жүрегім,

Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.

Торға түскен торғайдай боп барасың,

Қаршығадай самғаған алғыр едің- деп, тұйғындай жүрегімен барлығымызға бақыт тілеген Мұқағалидың жыр көші мәңгі жалғаса берсін.

1-ж. Бізде шын жүрегімізден бақыт тілеп осы кешімізді аяқтаймыз.

Аман- сау болыңыздар!

2-ж. Келесі жыр кешінде жолыққанша...






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!