400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есірткісіз болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаман әдеттен аулақ болу,жақсылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтілген мерзімі : 29.11.2017 оқу жылы.

Сыныбы : 10 «А Б В»

Оқушылар саны :29

10 «А» - 6 10 «Б» - 11 10 «В» -12

Сынып жетекші : Н.Қожахметова, Ә.Қабдуалиеа, Д. Сәрсенбетов.

Өтілу формасы : тренинг (ашық сабақ (

Тақырыбы : «Есірткісіз болашақ »

Мақсаты : психикалық белсенді заттарды тұтынуда төмендету және болдырмау. Жасөспірімдерді ақпараттану деңгейін көтеру.

Көрнекіліктер : ақпараттандыру бұрышы, «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында суреттер көрмесі.

Өтілу барысы : сұрақ- жауап әдісі : 1 Адамдар неге есірткіні қабылдайды? 2 Есірткі қабылдаудың қандай зардаптары болуы мүмкін? 3Жасөспірімдер есірткі қабылдаудан бас тарта ала ма? 4 Сіз есірткі қабылдайтын адамдарды білесіз бе ?

«Есірткі» Бұл түрі психологиялық немесе тәндік ауытқуларға соқтыруы мүмкін, сана мен мінез- құлыққа әсер ететін заттар. Олар біздің санамызды белгілі бір уақытқа еліртеді, тыныштандырады немесе өзгертеді.

«Нашақорлық» Бұл созылмалы ауру. Есірткіге тәуелділік бүкіл өмір бойына сақталуы мүмкін. Нашақорлықтың өсуі – бұл әлемдегі медициналық- әлеуметтік проблемалардың ең ауыры. Нашақорлықтың әйелдер арасында өсу тенденциясы байқалады, нашақорлық өсе түсуде және жасаруда жасы 7- 49-ға дейін. Есірткіге тәуелділердің өмір ұзақтығы қысқарады, бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде он кісіні өзіне тартады. Есірткі организмге әртүрлі тәсілдермен енгізіледі әсіресе көктамырға енгізген қауіпті. Далада жатқан шприцті әсіресе бастауыш сынып оқушылары қолмен ұстап, кейбіреулері ойынға пайдаланады. Іні- қарындастарыңызға ескертіп қойыңыздар, қолмен ұстау өте қауіпті әсіресе есірткі пайлаланған шприцтен АИТВ- СПИД, гепатит В,С басқа да жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі жоғары.

Есірткіні қабылдаудағы себептері қандай? Зардаптары қандай ? оқушылардың пікірін тыңдау.

Себептері :

1. Қанағаттану

2. Қызығушылық

3. Компания үшін

4. Қоршаған адамдардың қысымымен

5. Құрдастарының беделді компанияларына еліктеуі

6. Проблеманы ұмыту үшін

7. Күйзелісті жою үшін

8. Жалғыздық

9. Іш пысыушылық

10. Үмітсіздікті сезіну

Зардаптары :

1. Адамның өзгеруі

2. Артық қабылдау қаупі

3. Оқудағы қиындықтар, достарын жоғалту

4. Есірткіге тәуелділік

5. СПИД, гепатит, жұқпалы аурулар

6. Заңмен немесе полициямен қиындықтар

7. Созылмалы аурулардың дамуы құрт ауру, бауыр, өкпе, жүректің зақымдануы

8. Аллергиялық реакциялар

9 . Ата- анасымен қоршаған адамдармен қарым- қатынасының күрделенуі

10. Үнемі ақшаның жетіспеушілігі

11. Кездейсоқ жыныстық қатынастар.

Есірткіні қабылдамаудың зардаптарынан құтылудың жақсы тәсілі қандай? мүлдем пайдаланбау. Нашақорларда тәуелділік екі түрі бар. Біріншісі : психологиялық, екіншісі : дене тәуелділігі.

Психологиялық тәуелділік: есірткісіз өмірдің мәні болмайтынын көрсететін құбылыс.

Дене тәуелділігі : денелік сезінудің бұзылуынан есірткісіз организм қалыпты жұмыс істей алмайды, қабылдауды тоқтатса буындардың, бұлшық еттердің , жүрек – тамыр жүйесінің бұзылуына алып келеді. Есірткі заттардың қолданылуы Заңмен реттеледі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны , сатып жібергені, тасымалдағаны немесе таратқаны үшін жауапкершілікке тартылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Қазақстан – 2030» стратегиясы басты бағыттарының бірі. Оқушыларға сұрақ : есірткіден бас тартудың қандай жолдары бар? Бас тарту- анық және анық «жоқ» деп айту.

Қорытындылау : оқушылардың арасынан өз еркімен бір оқушы шығуы керек, эксперимент жасап көреміз, тығырықтан жол таба ала ма? Оқушының көзін байлаймыз, алда тұрған кедергілерден қалай өтетінін бақылаймыз. Оқушыдан нені сезіндің, қорқыныш болды ма? Пікірін тыңдау. Жеке –жеке ант беру: Төлеубаева Шынар Базарқызы Қазақстан Республикасының азаматшасымын Аллаға, Халқыма, Өзіме ант беремін салауатты өмір – салтын қолдаймын, есірткіге ешқашан жол бермеймін.

















Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі















Тақырыбы: «Есірткісіз болашақ»

Дайындаған: педагог – психолог Ш.Б Төлеубаева





























2017 – 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
790
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі