Материалдар / Есірткісіз болашақ ! 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Есірткісіз болашақ ! 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге , оқушыларға есірткісіз өмірді насихаттау үшін керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
524
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

Есірткісіз болашақ!

Мақсаты

«Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.


Күтілетін нәтижелер

Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп , ой-өрісін дамытады.

Оқушыларды достық ұйымшылдық , ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелейді.


Қолданылатын

ресурстар

Видео роликтер

Көрнекі құрал-жабдықтар

Слайдтар , суреттер

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

Басы

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру


Бүгінгі «Есірткісіз болашақ » атты ашық тәрие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: жастар мен жасөспірімді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Ал енді балалар мен сендерге ең бірінші, салауаттылық-халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі дегім келеді. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді. Адам психикасы-медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы, әсіресе, наркологиялық тұрғыда.Әдетте, жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн..


Кім мұндайды есітті,

Есірткі жұртты есіртті

Иіскеген жастардың

Жан-тәнін түгел кесіпті

Сақ болайық ,ағайын

Қатерлі жау-есірткі.



Берілген өлең жолдарын хормен қайталап, жағымды ахуал тудырады.

Ортасы

Топтық жұмыс


Ситуациялық сұрақтарға өз ойларын айту.

  1. Қыз бен жігіт – өте жақсы достар. Қыз өз достарымен бірге тұрғанда, жігіт қызды түнгі клубқа шақырады. Қыз түнгі клубқа барудан бас тартты. Ал бұл кезде дос қыздары сен неге бармайсың, ол сенің жақсы досың ғой деп қызды қайрайды.Бұл жерде қай қыздың ойы дұрыс деп ойлайсың?

  2. Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?

  3. Кепка киген, үстінде футболкасы бар ересек бала жанжағына қарап алып, көшеде кетіп бара жатқан кішкене баланы шақырады. Бала оған тақалып: не айтасыз? Дейді. Ол баланы «үй шатырында телескоп бар, бүкіл қаланы көргің келе ме?» деп қызықтырады. Екеуі шатырға шықты. Шатырда шынымен де бір нәрсе тұр. Ол дүрбі болды. Бірақ баланы ол қызықтырмады. Кетейін деп: – мен үйге нан әкелуім керек-деп бұрылып еді, 3-4 бала алдынан шыға келді. Әй-шәйға қарамай, қол аяғын байлап тастады. Шамалыдан кейін не болғанын түсінбеді. Ұйықтап тұрса басы ауыратын сияқты. Маңайында ешкім жоқ. Түс көрген екенмін деп ойлады. Үйіне келді. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Сенің өз ойың.



Топпен бірге ойласып , ситуациялық сұрақтардың жауабын табады.

Жеке жұмыс





Шығармашылық тапсырма

«Ескірткісіз өмір ғажап !» тақырыбында екі топтың оқушыларына тапсырма берілді.

І топ- Есіріткісіз болашақ жайлы сурет салу.

ІІ топ Есірткісіз болашақ туралы эссе жазу.

Жеке-жеке тапсырылған тапсырмаларды орындайды.

Жеке жұмыс

«Өзім үшін жазу» әдісі:

Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер.

Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді:

Үндеу!

Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.

Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.

Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.

Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!


Оқушылар жас ұрпаққа өз үндеулерін жолдайды

Соңы

Қорытынды

Кімде-кім өзіне өмір беріп әлпештеп-өсірген ата-анама қарыздармын деп, адал ұл болам десе –арақ ішпесін, наша шекпесін

Кімде-кім сұлу қызға жар боламын десе –арақ ішпесін, наша шекпесін.

Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе –арақ ішпесін, наша шекпесін

Кімде-кім өз ортасына қадірлі адам боламын десе -арақ ішпесін, наша шекпесін

Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көздеріңді жеткізгім келді. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екенін түсіндіруге тырыстым, біздің көшпенді тіршіліқ кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрағының аман сау , азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп , терең білім алып , саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.

Хормен: Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!

Оқушылар сабақтан түйген ақпараттарын «БББ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!