Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Еске алу кеші
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қаңтар 2019
4274
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Сөнбеші, жүрек, беймезгіл...» еске алу әдеби кеші
Мақсаты: Ұстазға деген сағыныш арқылы бала бойында мейірімділікті, адамгершілікті және ұстазды сыйлауды ұғындырып, адамдар арасындағы қарым-қатынаста өзара сыйластықты қалыптастыру.
Жүргізуші :Көруге үлгіртпей-ақ көп қызығын,Байқауға да бой бермей тәттілігін.Ей, өмір, неге бізге қимадың сенБіле тұра құрбымыздың тектілігін?!
Жанына жарасатын жайсаңдығын,Бұл күнде тілге тиек етпейді кім?Жанымызда жүре тұрса, болмас па едіНеге сонша өшірдің от-ғұмырын,?!
Деуім де мүмкін емес, бұл ұлы күн,Мәніне қосқаныммен өз жырымның.Қоштасқаны соңғы рет күліп тұрыпСолуына бастау ма еді қыр гүлінің?...
Біркездері, білмеймін, неге солай,Жаны жұмсақ, дауысынан діріл ұққам,Айтқанында Абайдың ұлы өмірін.Көздерінен мөп-мөлдір сыр да ұққам...
Бірақ, бірақ, жүрегім шаншып тұрып,Мұқағали өлеңін жатқа айтқандаСенерімді, білмеймін, сенбесімдіСезетінмін өмірге ғашықтығын...
Сезетінмін содан соң көздерінен,Бар адамға өзгеше жұмсақтығын.Өмір жайлы тебіреніп кетсе кейдеЕріксіз мойындайсың асқақтығын...(кідіріс)
Құрметті жыр сүйер қауым, әріптестер, бүгінгі еске алу кешінің құрметті қонақтары! Менің тебірене отырып оқыған жырымнан-ақ әңгіме кім жайлы, не жайлы екенін ұққан шығарсыздар деп ойлаймын... Өздеріңіз байқағандай, есімізде өзінің өзгеге ұқсамауымен, поэзия жанрындағы ерекше сезім иесі, қашанда ешкімге ауыр сөзі жоқ, кез келген қиын сәттерді жымиып, қасқиып күтіп алатындай, бауырмал, жұмсақ үнді қасиетімен жұмыр жүрегімізде, жібек көңілімізде қалған - әрі өз пәнін сүйген білікті ұстаз, әрі аяулы ана, әрі сырлас құрбы бола білген Жақсыбаева Зәуре Әлкенқызын еске алып,іңгәлап дүниеге келгеннен-ақ, «өмір» деген жұмбақ тылсымның иірімінде болатынымызды еске сала отырып, жан-жағындағы жақын жандарымен қоштаса алмай, өмірден беймезгіл уақытта өз еншісіне тиген аз ғана ғұмырын місе тұтқан Зәуредей асыл адамның құрметіне арналған «Сөнбеші, жүрек, беймезгіл» атты еске алу әдеби кешіне қош келдіңіздер!
Асықпаған құрбым-ау, бұл өмірде,Қызық екен, ескертпей асыққаның.Ғұмырыңның үзілді сәті десе,Мықтылығым ұмытылып, сасып қалдым...
Ән.Лена «Қайран өмір»
Жүргізуші : Бүгінгі әдеби кешті ұйымдастырып отырған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің бірлестік мүшелері ақылдаса отырып, бұл еске алу кешінің бағдарламасын 4 бөлімнен құруды жөн көрдік. І бөлім: Әдеби монтаж. «Поэзия, мен сені неге іздедім?» ІІ бөлім. Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда»ІІІ бөлім. Қорытынды. «Өлеңге от боп енбесем...»ІV бөлім. Жылы лебіздер.«Өзің жайлы бірер сөз»
І бөлім. «Поэзия, мен сені неге іздедім?»
Жүргізуші: Зәуре апайдың Абай жолын бүге-шүгесіне дейін оқығаны оның әрбір тілге тиек еткен, сөздерінен байқалып тұратын... Бір қараған көзге өте қарапайым болып көрінгенімен, Абай философиясын жетік меңгергені байқалатын. Бала кезінен Абай өлеңдерімен сусындаған ақынжанды ұстазымыздың көңілі күпті болсын деп, ортаға Абай өлеңдерін оқитын оқушыларымызды шақырамыз.
(ӘМІРХАН,ӘЙГЕРІМ,БЕЙБАРЫС,ҚАРЛЫБИ,АҚМЕРЕЙ) Тілге тиек етіп ұлы Абайды,Мұқағали өлеңіне ғашық ең.Сен де осындай бір кездері еріксізТолқын болып, теңіздейін тасып ең..
Шыныменде, Мұқағалидың лирикалық, саяси жырлары болсын жанымен ұғынып, жүрегімен жеткізе білетін мейірбан ұстазымыз Мұқағали десе,ерекше тасып,толқитын...(НҰРЗАТ, ӘМИНА, МАРХАББАТ, ЖАНСАЯ, ДАРХАН, ҚУАНЫШ, РАЙХАН, МӨЛДІР, АНЕЛЬ, НҰРХАН)
ІІ бөлім: Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда»
Киелі аққу жүрегіңнен орын бер,Бекер сені киелі деп айтпаған. Қақарыңа ұшыраса сенің бірОл бақыты еселеніп қайтпаған.
Киелі аққу мекеніңе құт әкел,Орындалсын адамдардың арманы.Бейбақ күндер артта қалсын қалайдаШын бақыттан жайнай түссін жанары.
Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда» (АЙНҰР,АЗИХАН,ГАУХАР,СӘУЛЕТ,БЕКЗАТ,)
ІІІ бөлім. Қорытынды. «Өлеңге от боп енбесем...»
Жүргізуші: Өрлі де, асқақ рухты,ана тілін ардақ тұтар киелі ел, өлеңнен өмір өретін ақынжанды ел, естелікті ескіртпейтін еңселі ел!
Әр өлеңнің өз ішінде сыры бар,Әр өлеңнің қайталанбас мұңы бар.Өр өлеңнің үндесетін әуенменАқындардың аппақ қана ары бар.
Әр сөзіңнің бағаланар құны бар,Әр жүректің шертілмеген үні барТебіреніп ақын өлең оқысаДемек, онда адамдықтың заңы бар,- демекші,әрбір ақын поэзияға өз стилі, өз идеясы, өз тақырыбымен келеді... Ақын Сырбай Мәуленов «Өлеңге от боп енбесем» дегеніндей, бүгінгі еске алу кешінде Зәуре апайымыздың бар болмысы әдебиетке жанықұмар, жұмбақ әлемнің шешуін осы әдебиеттен алуында болатын. Жұмсақ жүрегі елжіреп, көңіл-күй, махаббат, табиғат,саяси лириканы тыңдай да, тыңдата да білетін...Соған орай, әртүрлі тақырыпты поэзия тілінде өз шеберлігімен жеткізе білген рухы мықты ақындардың өлеңіне кезекті берейік.(РАСУЛ,АҚЕРКЕ,АҚСАМАЛ,МЕЙРАМБЕК,ЖАНАР,ШӘМШІ,ҒАЗИЗА,ӘМИНА,МАРХАББАТ,АҚМЕРЕЙ, ТАНИЛА, МӨЛДІР)
Елена «Кірмеші жиі түсіме» «Кірмеші жиі түсіме, Жұлдыздай жанып өшкенсің Тағдырдың салған ісіне Не істерсің,жаным,не істерсің?»
Жүргізуші: Беу,дүние, тарту еткен салқындық, Отырғаны бүгін мені ақын ғып. Мына бізді жақын қылған қашаннан Өлең менен өмірге деген жақындық.Еске салып, естелік суретің,Сездірді ғой өмірдің қүдіретін.Сол өмірге құштарлық қайда кетті,Кезің қайда алға түсіп жүгіретін?
Кезің қайда, махаббат,құштарлығың,Жүрегіне адамның жылу берген.Кезің қайда ешқайда асықпайтынКөзің қайда,құрбым-ау күлімдеген?
Күлкің сенің сыпайы еді,жаз еді,Жайраң қаққан күндер кетті алыстап.Түскен сайын есімізге барлығыШақырғымыз кеп тұрады дауыстап...
Қорытынды.«Ұстаз, саған, мың тағзым» (Зәуре апайдың құрметіне арналған сөз)
.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)