Еске сақтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еске сақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда көптеген оқушылардың еске сақтауы төмен. Тез ұмытып қалады. Оқушылардың есте сақтау процесін дамыту-түзету қазіргі таңдағы өзекті мәселе сондықтан әрбір бала жұлдыз екенін естен шығармай жұмыстану қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еске сақтауды дамыту

Сабақтың мақсаты:Есту, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтау қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық  дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара   еске сақтау  қабілетін   ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым — қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ойын арқылы есте сақтау  түсініктері болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:

2.Амандасу «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің»



«Ойыншықты сипатта» жүргізуші балаларға қолымдағы ойыншықты мұқият қарап  алуды ұсынамын.Мәселен қуыршақ /оның түр-түсі көйлегі, жемпірі, аяқ киімі, бантигі т.б.с.с болуы шарт/ Содан соң ойыншықты жасырып, балалардың есінде сақталғанын сипаттап беруді талап етемін. Мен тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде ойындар, саусақ жаттығулары топтамасын ұсынып отырмын.

 Төрт құбылыс    Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» — десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.    

Көңілді шеңбер   Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.     

Көру арқылы еске сақтауды дамыту:Үстелде әртурлі заттар қоямын. Оларды 1 минут көрсетіп кейін бір затты алып тастаймын. Оқушылардан не өзгергенін сұраймын.

Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші оқушыларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Оқушыларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, оқушылар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

көктем – жаңбыр

жаз – күн шықты

аспан – бұлт

жер – шөп

. "Суреттер" әдістемесі

Қысқамерзімді және ұзақмерзімді көру есін бағалау

Әқайсысында таныс зат бейнеленген 5 сурет іріктеп алыңыз да, балаға көрсетіңіз. Әр суретті көрсету уақыты 1-2 секунд. Барлық 5 суретпен бала танысып болған соң, оның есінде сақтап қалған заттарды атап шығуын сұраңыз. Ретпен айту міндетті емес.

Баланың жалпы заттар санынан қаншасын атағаны ескеріледі.Қайталаулар және де суреттерде болмаған заттардың атаулары ескерілмейді. Балаға ұмытып қалған суреттерін көрсетіңіз.10минуттан соң қайтадан бәрін еске түсіруін сұраңыз.

Нәтижесін қайтадан белгілеңіз. Одан кейін 1 сағат өткен соң суреттерді тағы да еске түсіруді ұсыныңыз.

Әдетте балалар сіздердің көмектеріңізбен 6 заттан 3-4 затты естеріне түсіреді.

  1. Қорытынды:

Балаға жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша ұсыныс беріп, жұмыс бағытын анықтау.

Рефлексия. Кері байланыс.

Сұрақ-жауап

  1. Тапсырмалар ұнады ма?

  2. Қай тапсырманы орындау қиын болды?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2023
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі