Материалдар / «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!»

Материал туралы қысқаша түсінік
9 мамыр - Жеңіс күніне орай өткізуге болатын тәрбие сағаты ҚМЖ-сы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
141
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі






9 мамыр – Жеңіс күні


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» 

Класы: 6 “Б” класс

Өткізген оқытушы: Даулетиярова А.Б

Өткізген күні: 6.05.2024 ж






Ақтөбе қаласы- 2024 жыл



Сынып жетекшінің аты-жөні

Даулетиярова А.Б.

Күні:

6.05.2024

Сынып: 6 «Б»

Қатысушылар саны:24

Қатыспағандар саны:0

Сынып сағатының тақырыбы


Тәрбие жұмысының бағыты

Құндылықтар: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

Мақсаты

Ұлы   Отан   соғысындағы   Қазақстандықтардың ерлігімен   таныстыра   отырып,   Жеңіс  қуанышын сездіру.   Өлеңді   түсініп   оқуға   үйрету. Тіл байлығын дамыту. Бейбітшілік туралы түсінігі кеңейту. Отанын  сүюге,  қорғай  білуге  тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе бөлім

10 мин.















Негізгі бөлім

25 мин.

















Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық трининг. «Бір тілек, бір лебіз...»

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Хор: «Көгершін» әні.

1 Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

Қирады талай арман көңілге алған

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыларға сөз берейік.


Асия: Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылып, туыстарының қолында тәрбие алды. 1932 жылы әскерге шақырылды, ал бір жылдан кейін училищені бітіріп, офицер атағына қол жеткізді.

1941 жылдың қыркүйегінен бастап, генерал-майор И.В. Панфиловтың басқаруындағы 316-атқыштар дивизиясының құрамында, батальон командирі лауазымында қызмет атқарды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда, жүздеген отандастарымыз батылдықпен шайқасып, майданда қаза болды. Осы ұрыстарда Момышұлы екі рет жараланды, бірақ, соғыс аланың қалдырудан бас тартты. Момышұлының бұл командирлік қабілеті жоғары бағаланып, басшылық құрамы оны полк командирі қылып тағайындады. 1944 жылы Бас штабтың Әскери академиясының офицерлерлік біліктілікті арттыру курсын бітірді. Осыдан кейін, Бауыржанға полковник шені беріліп, ол 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының қолбасшысы лауазымында майданға қайта аттанды. 1945 жылы Латвияда өткен шайқастарда, оның дивизиясы жаудың күшті қорғанысын бұзып шықты. Нәтижесінде, 15 елді мекен азат етіліп, неміс әскеріне айтарлықтай шығын келді. «Волоколамдық тас жолы» деп аталатын кітаптың басты кейіпкері болды. Осы кітаптың көмегімен, біздің атамыз шет елдерде де танымал бола бастады.

Нұрислам:

Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Қобды ауданына қарайтын Бұлақ ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ілия. Әкесінің есімі Нұрмұхаммед Сарқұлов, анасы Маржан Молдағұлова. Әлияның Бағдат есімді артынан ерген інісі болды. Бірақ, Әлия 8 жасқа келгенде анасы қайтыс болып, әкесі екі баламен жазғыз қалады. Бұл кезең өте қиын болатын және әйелінен айырылған Нұрмұхаммед қызын әжесінің тәрбиесіне беруге мәжбүр болады. Осылайша, Әлия нағашы ағасы Әбібәкір Молдағұловтың отбасында өмір сүріп, балалық шағы өзімен қатарлас туысы Сапурамен бірге өтеді.

1935 жылы Молдағұловтар отбасы Мәскеуге, ал кейінірек соғыс алдында Санкт-Петербургке көшеді. Отбасылық жағдайға байланысты ағайы Әлияны №46 қалалық балалар үйіне береді. Балалар үйіндегі орыс достары оны Лия деп атай бастады.

Бұдан кейінгі өмірінде Әлияның жауынгерлік ерліктері сипатталады. Бірде Әлия қарапайым шаруаның киімін киіп, барлаушылармен бірге жаудың орналасқан жеріне аттанады. Тиісті жерге жеткенде Әлия ең соңғы тұрған үйге кіреді. Ал, онда екі неміс офицері тойлатып жатады. Сонда Әлия еш саспастан мылтығын алып үргерген немісті бір оқпен атып түсіреді де, екіншісін тұтқындап, жолдастарына әкеледі. Осылайша, Әлия тұтқынға алған неміс офицері кеңес командиріне бәрін айтып берді.

Мейіржан: Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысында туылған. Шын есімі – Мәнсия. Қызды үлкен қоңыр көздері мен алғырлығы үшін, «Моншақ» деп еркелеткен. Ал, ол өзін Мәншүк деп атаған. Ата-анасы ерте қайтыс болғандықтан, әкесінің ағасы Ахметтің қолында тәрбие алды. 1937 жылы жаппай қуғын-сүргін басталып, Мәншүктің әкесі Ахмет, халық жауы деген айыппен қамауға алынды. Бірақ, Мәншүк одан бас тартқан жоқ. Әкесі қателікпен тұтқынға алынғанына сенімді болды. Кейбір жағдайларда, репрессияға ұшырағандардың туыстары соғысқа кетсе, олар түрмеден босатылатын. Бұл мүмкіндікті жібермеу үшін, өз еркімен майданға кетуге бел буды. Өкінішке орай, Ахмет бұл кезде ату жазасына кесіліп кеткен. Мәншүк мұны білмеді. Мектепті бітірген соң, медициналық училищеге оқуға түсті. Ұлы Отан соғысы басталған жылы, оның жасы 18-де болды. Майданға аттану үшін әскери комиссариатқа өтініш жасап, 1942 жылы 100-ші атқыштар бригадасына ілікті. 1943 жылы 15 қазанда Невель қаласының шетіндегі ұрыс кезінде, Кеңес әскері жаудың қатты қарсылығына тап болды. Нәтижесінде, екі миномет есебі жойылып, тек Мәметованың пулеметі ғана аман қалды.

Әйгерім: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

1 Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! деген келесі бөліміміз бойынша оқушылардың шығармашылығына береміз!

Кәусар:

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың,

Бұл Жеңісті алып келген


Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары

Жігер:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Инабат:

Жеңем деген ел сөзін!

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір, адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ.

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір нұры жарқырап.

Лунара:

Сарғая күткен ұлы күн

Шұғыласы бүгін жарқ етті,

Бағына талай миллионның

Баянды жеңіс күн жетті
Жанерке:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9- мамыр күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Айгерім:
Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 74-інші көктемі де келіп жетті.
74 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
74 жыл – шуақты күн таратты әнін.
74 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Мейіржан:
Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік!
Арсен:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Нуриддин:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
Жалғас:
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Нұрсұлтан:
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Іңкәр:

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
Раяна:
Жалғызынан айырыпты ананы. Әкесінен айырыпты баланы Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы Видео «Жеңіс» 20. Рысбай З.
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Нұрдәулет:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
Жанерке:
Қамықпаған қиындықтың түбіне Өздеріңе жинап қырдың гүлінен. Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!
Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді алақай!

Тоя жейтін нан болып!

Жүргізуші:

Енді оқушылар! Бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында сұрақтарға жауап береіп көрейік!

1. Отан шекараларын күзететін солдат.(Шекарашы.)

2. Әскери мектептің түлегі.(Офицер.)

3. Әскерлерді салтанатты түрде шолу.(Парад.)

4.Қолмен жарылатын снаряд. (Граната)

5. Ауыр ұрыс машинасы.(Танк.)

6. Сарбаздар ататын жасырыну.(Окоп)

7. Қазақтың атақты батырларынан кімдерді білесіңдер?

8. Бауыржан Момышұлының ерліктерін баяндаңдар?

9. Алия Молдағұлова қандай ерлік жасады?

10. Мәншүк Мәметованың ерліктерінен не білесіңдер


Интерактивті тақта, презентация, оқулық.

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар



















«Жеңіс күні!»бейнеролигі


https://youtu.be/JjHgEiCXDgA?si=iJuiTNyrh-6UgrKW

































«9 мамыр – Жеңіс күні» туралы видиороликтер көрсету


https://youtu.be/Zrc7XXFcdPA?si=0LGskkzULGFZ9ATZ





































«Жеңіс! Жеңіс!»

бейне ролигі


https://youtu.be/HIazJWZmpx4?si=zEwt5EzuZDmj0FZJ


































Қорытынды

10 мин



Қорытындылау: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ - біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді», - деп бүгінгі ерлік жолындағы тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!