400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Шерхан Мұртаза туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Арыс қаласы, №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есмурзваева Рабига Турсынбаевна.



Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға – Шер-Аға!

Осындай рухы биік ұл әкелген, Тектігі тау тірердей қыз әкелген Қазақтай, сірә, халық жоқ өмірде Құрсағы алтыменен көмкерілген!

С. Ахметов

Біздің халық жақсы көрген алыпты ғана мойындап, «аға» деп ерекше құрметке бөлейді. Қазақта мен білетін, бүкіл халық сүйетін, сөзіне құлақ асатын екі АҒА бар: олардың бірі – ұлты неміс болса да, жаны қазақ «Гер-Аға» Герольд Бельгер болса, екіншісі – қазақтың дара ұлы Шер-Аға! Шерхан Мұртаза ағамыз – қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға! Бар өмірі мен шығармашылығын қазақтың тілі және нақақтан кеткен ақтаңдақтарға адал есмін қайтаруға арнады. Үкімет пен билік, барша қоғам дерлік орыс тілінде сөйлеп тұрған кезде Шер-Ағаның Парламентке депутат болып сайланып, мемлекеттік мінбеден қазақ тілінің тағдыры туралы қазақша сөйлеуі халық рухын оятып, көкірегіне тіл болашағы туралы үмітті жақты. «Жыланда ғана екі тіл болады» деген сөзін де осы мінбеде тұрып айтты! Ұлт намысын ту етіп көтеретін адамдар ол кезде аз-ақ еді. Шұбарланған тіл мен қараусыз қалған халықтың тағдырын ойлау бөлек, оны айтып зар жылау әркімнің қолынан келмейтін іс болатын. Шер-Ағаның бұл әрекетін халық алдына ұпай жинайтын трайбализм деп көрсетуге тырысқандар да болды, бірақ халық «Шер-Ағаның» әр сөзі жүректен шыққанына, намысы мен рухы беріктігіне шүбә келтірген жоқ. Шер-Ағаның мына сөзін оның өмірлік ұстанымы десе де болады: «Намыс – адамның жан серігі. Көзге де көрінбейді, жеке де жүрмейді. Тым болмаса көзге көрінетін көлеңкең де сияқты емес. Бірақ, серік. Мықты серік. Бұл серігі жоқ адам – қасиетсіз, әлсіз»... «Заман өз адамын іздейді, заманына қарай адам да туады» деген сөз бар. Енді ғана тәуелсіздігін алып, бодандық идеологиядан енді ғана ажыраған кезеңде Шерхан Мұртазадай ұлтжанды, өжет тұлғаның қоғамға келуі – тарихи заңдылық. Шер-Аға – байырғы атақты билер мен, аузы дуалы шешендердің, елді аузына қаратқан көсемдердің қазіргі бейнесі. Қазақ әрқашанда сөз құліретін түсінген, ішінен маржандарын тере білген халық, сондықтан осындай дана халықта дара атану – сөзсіз ұлылық! Шерхан Мұртаза 1996 жылы бір мақаласында: «Әрине, халық төзімді. Бастық барып: «Хәлің қалай?» десе, «Құдайға шүкір, бұдан жаман күнімізде де шыдағанбыз» деп тәубасын айтады. Халық төзімді. Бірақ халық төзе береді екен деп тасыраңдауға болмайды. Халық тымық жатқан мұхит сияқты. Ал бір буырқанса... Құдай оны көрсетпей-ақ қойсын» деп жазды. Бұл дана ағамыздың билікке айтқан ескертуі еді. Биліктегі талайлардың қалғып-мүлгіп отырған кезінде осындай сөзді тек Шер-Аға ғана айта алған... Халық үнініе құлақ аспаған үкіметтің жағдайы қандай болатынын осы жылғы қаңтар оқиғасы көресткен жоқ па? Осыдан Шер-Ағамыздың көріпткелдігі мен кең танымын білуге болады. Шерхан Мұртаза бар саналы ғұмырын шығармашылығы мен қоғамдық қызметін елі үшін аянбай сарп етті. Шындық үшін, халық үнін билікке жеткізу үшін күресті. Сол себепті ел ұлын «Шыңдағы Шер-Ағаң» деп те атады. Қазақ әдебиетінде шығармалары арқылы өз есімін алтын әріптермен қалдырып қана қоймай, халық үні бола білді. Мұндай тұлғаларды мың жылда бір келеді деп жатады – мен осындай ұлды дүниеге алып келген біздің халықты бақытты деп санаймын. Біздің дана халқымызда осындай дара тұлғалар әлі де өмірге келері анық! Бірақ, қандай заман келсе де, қандай көсемдер мен ақиықты алыптар ел намысын арқаласа да, ішінде елге АҒА ретінде танылары сирек болатыны да сөзсіз. Сондықтан Шер-Ағаның даналығы мен даралығы да ерекше! Ағаның әрбір сөзін елге танытып, тарату – қазіргі заман өкілдерінің қасиетті міндеті деп санаймын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.04.2023
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі