МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен жаңа форматты педагогпын

/эссе/

«Жаңа формация мұғалімі  -  рухани  дамыған  әрі  әлеуметтік тұрғыдан  есейген , педагогикалық құралдардың барлық түрлерін  шебер  меңгерген  білікті  маман , өзін - өзі әрдайым жетілдіруге  ұмтылатын шығармашыл тұлға.  Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып , дамыту  үшін  жауапты »  Н. Назарбаев. 

Елбасы Н.Ә Назарбаев айтқандай бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол «өмір бойы білім алу». Егемен еліміздің көшін бастаған кемеңгер президентімізбен  толық келісемін. Мұғалім білімді, шығармашылығы мол болса, сол мектептің балалары заманына сай білімді болары анық. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі, педагогика әдістемесінен хабардар, жақсы білім бере білетін мұғалім. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысушылық қасиетімен, асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады.

Мен, бірінші санатты химия және биология пәндерінің мұғалімі Мугалова Салтанат он үш жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызметін атқарып келемін. Бүгінгі таңда талпынысқа толы XXI ғасыр талабына сай жаңашыл ұстаздың бірімін. Алға үмітпен талпынған жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа білім. Ұстаз ретінде балаларға тек жаңалық енгізіп қана қоймай, сонымен қатар уақыт пен ұрпақ арасында байланыс орнатамын.

Заманауи ұстаз – өмірді жақсы жаққа өзгертуге талпыну, оқушыларға сену, жаңа идеялар үшін көп еңбектену, өз қатесін мойындаудан қорықпау керек. Өз ісінің шебері деп XXI ғасыр ұстазын айтуға болады. Заманауи ұстаз – зерттеуші, оқушылардың ғылыми жетекшісі. Оқушыларға үйрете отырып өзі де үйренеді. Ұстаз заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсіну керек деп ойлаймын.

«Ұстаздық  мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым  - шытырығы мол, рухани жан дүниесіне  үңіле  білу, адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады»./В.А.Сухомлинский/

Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс. Бүгінгі таңда бізге, мұғалімдерге, ең қажетті нәрсе – заман талабына сай лайықты жаңа адамды қалыптастыру, тәрбиелеп өсіру. Заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай, біз алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге адамгершілік пен өз елін сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы қасиеттерді үйрете білуіміз қажет.

Ел болашағы жақсы болсын десе, «ұстаздың жағдайын жаса» - демекші  өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын заманауи ұстаздар ешқашанда білімнің туын төмен түсірмеуі тиіс.Ендеше, мен  де  әрдайым оқушыларыммен бірге үйрене отырып, оларды тек қана алға жетелеймін. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім - ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп бекер айтпаған. Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім.

Жаңаша көзқарас, білім берудегі  жаңаша әдіс-тәсілдер өз тәжірибеме жаңаша сипат әкелді. Оқу сабақтарын  ұйымдастырудың жалпы түрі өзгерді, қарапайым сынып парталарының  топтық жұмысқа ыңғайланып қойылуы, оқушылардың  бірлесе,  топтаса жұмыс жасауға мүмкіндік алуы, бағалаудың түрлерін енгізуді, топтың ішінен көшбасшы сайлауы, өз-өздерін бағалауды, бір тақырыпты кең көлемде аша білуі, кері байланыс жаза алуды үйренді. Оқушылардың арасында сөйлемейтін оқушының өзі қызыға қатысуы мұғалім үшін үлкен жетістік деп білемін. Өйткені сол оқушының өзінде ашылмай жатқан талантын мектеп және жаңа форматтағы  мұғалім аша алады деп ойлаймын.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз – көптеген  әдістердің жиынтығы.

Жаңа форматтағы біліктілік  арттыру курсында  алған білімім бұрыннан білетін және тәжірибемде  қолданып жүрген  әдіс -тәсілдерге   тереңінен, философиялық  тұрғыдан қарауыма  себепші болды. Бұрынғы сабақтарымда  оқушыларды топқа  бөлу барысында  топқа не үшін, қандай мақсатпен бөлетіндігіме баса назар аудармаушы едім. Қазір топқа бөлер алдында қандай деңгейдегі  оқушыларды  топтастыруым керек, оны қалай жүзеге асыруым керек деген  мәселелерді алдын-ала  ойланамын. Демек, топтық жұмыстар мен үшін ғана емес, оқушылар үшін де үлкен  өзгерістер әкелді.  Менің  түсінгенім топтық жұмысты  ұйымдастыруда  алдымен оқушылардың талабы мен мүмкіндігі ескерілуі  тиіс, одан кейін мұғалімнің шеберлігі қажет.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі  стратегиялары  оқушының ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын  тұрғысынан шешуге  дағдыландырады.Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей   білуге, бір-біріне  сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге  баулу.

Еліміздің мектептеріндегі шешімін таппаған мәселелердің бірі – бағалау процесі. Мұғалім үшін де, бала үшін де, ата-ана үшін де қиын, негесі көп мәселе болатын.... Ал курстан бұл мәселе өз шешімін таба алатынына көзім толық жетті. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзету арқылы оқыту қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, оқып келгеннен кейінгі уақыт ішінде  бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Себебі оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрете алсақ, ол үшін бағалау кретерийлерін өзіміз дұрыс құра алсақ болғаны. Әрине алғашында балалар өздерін жоғары бағаласа, уақыт өте келе өз қателіктерін түсінетін болды. Оған сыныптастарының да бағалауы да әсерін тигізеді. Бағалау процесі арқылы баланы әділдікке үйрете отырып, адалдыққа тәрбиелейміз, ал қазіргі заманда біз үшін әділдіктің орны ерекше болып тұр. Сонымен қатар ата-ана тарапынан, оқушы тарапынан болатын неге?-деген сұрақтардан құтыламыз.

   Сондықтан да болашақ мамандарға бұл жобаның жеке тұлға ретінде дамуына тигізетін әсері мол деп ойлаймын.

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!