Материалдар / ЭССЕ 9сынып БҰҰ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ 9сынып БҰҰ

Материал туралы қысқаша түсінік
. БҰҰ-н құрудағы алғышарттар және келісім процессі, сындық анализ. 1. Ұлттар лигасы. 2. ІІ Дүниежүзілік соғыс және соғыстарды алдын-алатын халықаралық ұйымдардың қажеттілігі. 3. Халықаралық ынтымақтастық мәселесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2020
1631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҰҰ-н құрудағы алғышарттар және келісім процессі, сындық анализ.

1. Ұлттар лигасы.

2. ІІ Дүниежүзілік соғыс және соғыстарды алдын-алатын халықаралық ұйымдардың қажеттілігі.

3. Халықаралық ынтымақтастық мәселесі.


1. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШҚытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.

Бас кеңсесі орналасуы — Нью-ЙоркАҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орысағылшынқытайфран­цуз және испантілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация­лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас­тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбіт­шілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүше­лер мен оның бюджетін қабылдау мәселе­лері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ас­самблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіп­сіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.

Мақсаты

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

  • бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

  • ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

  • халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

  • осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

Құрылымы


  1. Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.

  2. Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.

  3. Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада.Хатшылықты бас хатшы басқарады.

  4. Экономикалық және әлеуметтік кеңес – 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экон. және әлеум. Ком., Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.

  5. Қамқорлық жөніндегі кеңес – негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон., әлеум. пргресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басұаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогресситі дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.

  6. Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық түлғалар қатыса алмайды.

  7. 16 арнаулы мекеме: Дүниежүзілік банкАтомдық энергия бойынша халықаралық агенттікЮНЕСКОДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыБҰҰ-ның балалар қоры,БҰҰ-ның өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықаралық құқық комиссиясыХалықараралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.

Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс. БҰҰ-ның Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.

Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.

1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.

Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.

Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ-ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның қызметін қолдай отырып, ҚР-ның осы беделді ұйым, оның мамандандырылған мекемелері, қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бағдар ұстануда.

Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады.

Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар.

БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.

БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.

Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.

Біз БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттаймыз.

Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.

1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді:

халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;

экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамыту мен қолдауда әріптестікті жүзеге асыру;

ұлттардың осы мақсаттарға жету жолында үйлестіруші орталық болу.

Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді:

оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі;

олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді адал орындауы;

олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу;

басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу;

олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес жүргізілетін барлық шараларға жанжақты кәмек көрсетуі керек;

Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принциптерді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет;

Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді. Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Хатшылық.

2. Халықаралық ұйымдардың алғашқы түрлері ежелгі Грекияда белгілі болды. Ежелгі грек қала-мемлекеттерінің мәдени біртектілігі б.з.д. 338 жылға дейін байқалып, сол тұста 200-ден астам бірлескен шарттардың жасалғаны анықталып отыр. Қалалық мемлекеттер арасында орын алған соғыстардың жиілеуі оларды көптеген шарттар жасасуға мәжбур етті. Бірақ, бұл олар жанжалдарды шешуді тек қана түрлі келісім-шарттармен реттеп отырды дегендік емес. Олар өз өкілдерін жіберу арқылы шешілетін қала-мемлекеттер арасында туындаған әр-түрлі мәселелерді аралық соттар арқылы шешу туралы уағдаластыққа жеткен басқа да келісім-шарттар арқылы реттеп отырды. Мысалы, Спарта мен Афинаның арасындағы жанжалды шешу үшін бітімге келу туралы бірқатар шарттар жасалған: б.з.д. 423 жылы Бір жылдық бітім жасалса, б.з.д. 421 жылы Никиев бейбіт келісім шарты жасалды. Бұдан өзге саяси және әскери, азаматтық құқық пен екі жақты сауда жасау туралы келісім-шарттар да жасалған.

Ең алғашқы халықаралық ұйымдардың ішінде көршілес өмір сүрген грек тайпаларынан тұратын Амфиктионияны (Дельфия одағын) атауға болады.  Бұл одақ ортақ ұлы құдай ғибадатханасын қорғау және оған құрбандық шалу мақсатымен құрылған болатын. Одақта өзінің жеке қарулы күштері болды, сондай-ақ саяси жанжалдарды шешу үшін құрылған Дельфий одағы аралық сот қызметі (функциясы) де болды.  Алайда осы одақтың әлсіз тұсы оның дауыс беру жүйесінде еді. Атап айтар болсақ, дауыс беру кезінде оған мүше 12 мемлекеттің қуатты және әлсіз болғанына қарамай, әрбіреуі екі дауыс беруі Афина, Коринф, және Фивы қатарлыларға ұнамады. Осы тұста Македония мен Рим Грекия түбегіне шабуыл жасап, оны басып алып, қалыптасқан жүйе біржолата өзгерді. Бірақ, жаулап алу елеулі өзгерістер алып келмеді.

Рим империясы халықаралық көші-қон мәселелерін реттеу аясында халықаралық ұйымдарға елеулі үлес қосқан болатын. Рим азаматтары мен шетел азаматтары арасында орын алған жанжалдар мен даулы мәселелер азаматтық-құқықтық және халықаралық нормалар шеңберінде  үйлесім тапқан «халықтар құқығы»  бойынша  шешіле бастады. Тіпті Рим империясы бірнеше бөлікке бөлінгеннен кейін де, «халықтар құқығы» Еуропода халықаралық қатынастардың үлгісі болды.

Ірі сыртқы саяси шарттар Рим дәуірінде де, Ежелгі Грекия дәуірінде де жасалды. Рим Карфагенмен теңізде қатынау, өзара сауда жасау және соғыс одағы аясында әралуан шарттар жасағанымен, олардың көбісі «теңсіз» сипатта болды. Римдіктердің «Рим империясының және римдік азаматтардың қауіпсіздігі» үшін  б.з.д. 189 жылы жасаған шарты бойынша Этолиядан ақшалай контрибуция, әскери қолдауды, аманаттарды қайтарып алуды талап ету қарастырылған.

Орта ғасырларда Еуропада Ганза одағы құрылды. XIII ғасырдан бастап, XVI ғасырға дейін Голландиядан бастап, Финляндияға дейін созылып жатқан германдық қалалар Балтық және Солтүстік теңіздердің бойында теңіз үкіметін орнатты.  Олар скандинав флотилиясын басып алып, Балтық теңізінен орыс саудагерлерін  ығыстырып шығарды.

Өз мүдделерін қорғау үшін Ганза одағына конфедерация мен конституцияны құру керек болды. Осы Одақтың конституциясының өзі кемеліне жетпегендіктен көбіне жекелеген мүшелердің еркіне тәуелді болып, мүшелер лажсыз қабылдады. Дегенмен, ондағы бағынбаушылықтар мен ішкі қайшылықтардың сақталып келгеніне қарамастан конституция Одақ үшін жақсы қызмет атқара алды.

Сөйтіп конституция Одақ мүшелерінің арасындағы ортақ сезімін нығайтуға берік негіз калап, өзара сауда мен теңізде жүріп-тұрудың негізгі қағидаттарын құруға мүмкіндіктер берді. Одақтың ортақ заңнамасы арқылы ганзейлер өздерінің теңіздегі күш-қуаты мен сауда-саттықты күшейтіп, шетелдіктердің Балтық теңізіне баруына мүмкіндіктер берді. Ганзейліктер сауданы, көбінесе, теңіз арқылы жасағандықтан теңіз қатынасына қатысты заңдар маңызды қызмет атқарды. Сондықтан, теңізде жүруді қорғау аса маңызды болып, Ганзей саудасын ұлғайтуға алғашқы шарттары жасалды.

  Саудагерлердің қауіпсіздігі мен сауда-саттықтың өркендеуі сауда жасауда өзара мүдделерін сақтауға және бұрынғы аумақтың мәртебесін қорғауға тәуелді болды. 

Ортақ игі істерді алдына ала ұйымдастырудың қажеттілігі туыс қалалардың федерациясының құрылуына алып келді. Олар XIV ғасырдың ортасынан бастап, Одақтың әр мүшесінің мүддесіне сай ортақ жұмыстар бойынша алқа-кеңестер жүргізіліп отырды. Осы мақсатпен германдық қалалар жыл сайын өз делегаттарын Балтық теңізінің батысындағы беделді сауда қаласы болған – Любекке жіберіп тұрды.

Қасиетті Рим империясы ортағасырлық діни-феодалды қоғам болып саналды. Өз мемлекеттерімен тұтас Еуропа халықтарын басқарудың барлық билігі монархтардың қолында болды. 1648 жылы Вестфаль бейбітшілік келісімін орнатқаннан кейін, заманауи халықаралық қоғамның қалыптасуына әсер еткен халықаралық жүйеде күрт өзгерістер болды. Вестфаль бейбітшілік келісімінің нәтижесінде маңызды мәселе – «ұлттық мемлекеттік суверенитет принципі» болды, осы ұстаным бойынша әр мемлекет өз территориясында барлық билікке ие. Осы уақыттан бастап, корольдер мен ханзадалар қабылдаған шешімдерін орындату үшін Рим папасы мен императордың келісімін алуға міндетті болған жоқ. Міне содан бастап, мемлекет тәуелсіз болды.

Наполеон дәуіріне дейінгі кезеңде мемлекеттер арасындағы территориялық дау-жанжалдар тек қарулы күшпен шешіліп отырды. Дау-жанжалдарды күшпен емес, келіссөздер арқылы шешуге тырысқан көптеген мемлекеттер ондай халықаралық ынтымақтастықтың болмауына келісті. Соғыс аяқталғаннан кейін дипломаттар келісімдерде болған өзгерістер бойынша келіссөздер жүргізіп отырды. Нәтижесінде мұндай тәжірибелер алдағы уақытта заманауи халықаралық ұйымның үлгісіне айналды.

Халықаралық ұйымдардың зерттелуі XIV ғасырдан бастап «адамзаттың әмбебап қабілеттілігі» туралы жазған Дантенің еңбектерінен байқалады. Сонымен қатар, біріккен әлемдік үкіметтің пайда болуын алдын ала болжаған Пьер Дубюа Еуропада конфедеративті «христиан республикасын» құру идеясын ұсынды. 

Заманауи мемлекет жүйесі мәтінінде халықаралық ұйымдар идеясын XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген жазушы Анри Сен Симонның жұмыстарынан көруге болады. Сен Симон Еуропа халықтарын «Еуропа парламентін» құруға шақырды. Оның идеясындағы «Қоғамдық сот» пен «Ортақ заңнаманы» қабылдау ұсынысын Джереми Бэнтам жалғастырды. Ақырында оның ұсыныстары ұлттық институттарды құру үлгісіне айналды.

Халықаралық ұйымдар теориясының негізін бір-біріне қарама-қарсы келетін екі түрлі ой-пікір қалады. Біріншісі, Иммануил Канттың пікірі бойынша келісім-шарттарға сүйенеді. Ол мемлекеттер қоғамдық келісім-шарттардың көмегімен шектеулі және бақылаушы халықаралық жүйені құру керек деген идеядан бастау алады. Жан Жак Руссо тұжырымыбойынша екіншіпікір органикалық болып табылады. Оның негізгі ойы адамзат қоғамының біртұтастылығында. Ол бұл қоғамды мемлекеттік және халықаралық, бірнеше деңгейлі үкіметтік институттардың өндірушісі ретінде қарастырды. Кейде осы екі теория бір-бірін толықтыратын бірігу әдісін сипаттайды.

XVIII ғасырдың ІІ жартысында халықаралық қоғамға елеулі әсерін тигізген мынадай түбегейлі өзгерістер орын алды: өнеркәсіп революциясы, АҚШ тәуелсіздігі, француз революциясы және т.б. Өнеркәсіп революциясының нәтижесінде көлік, коммуникация, тауарлардың жаппай өндірілуі жедел дамып, бұл бүкіл әлем бойынша материалдар м

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!