400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе " Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту туралы ой қозғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестациядан өтетін ұстаздарға көмек ретінде қолданса болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту туралы ой қозғау


Бала үшін тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы екені сөзсіз. Тәрбиеші болу - бұл тек жұмыс емес, сонымен қатар қоғамның болашағын қалыптастыратын кәсіп. Ал бүгінгі қоғамда жас сәбидің дамуына,тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарау – заман талабы болып отыр.Ал заман талабына сай оқыту мен тәрбие жүйесін қалай дамытса болады? Бүгін мен осы тақырып төңірегінде ой қозғап көрсем....

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие” - деп әл-Фараби атамыз айтқандай, тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосатын, ата-анадан кейінгі жауапты адам – ол тәрбиеші. Біріншіден, баланы тәрбиелеу - бұл оның үйлесімді дамуына жағдай жасау. Яғни, тәрбиеші балаларды әлемді түсінуге, сыни ойлау мен қоғамды дамытуға бағыттайтын тәлімгер ретінде әрекет етеді.

Бала тәрбиесінде тәрбиеші ең алдымен баланың танымдық қызығушылықтарын және дербестігін ескеруі керек. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» – деп М. Жұмабаев айтқандай, әр баланы тәрбиелеуде, тәрбиеші әртүрлі тәсілдерді қолдана білуі керек. Ол өз саласының білікті маманы ғана емес, сонымен қатар әр баланың қажеттіліктерін түсінуге және қолдауға қабілетті эмоционалды интеллектке ие болуы керек. Бір сөзбен айтқанда тәрбиеші дұрыс мінез-құлық пен құндылықтардың үлгісін көрсететін шебер болуы керек. Және де, ол әр баланы сол қалпында қабылдап, әрбір бала өзін қауіпсіз сезінетін және өзара түсінікті болатындай сенім мен құрмет атмосферасын құруы қажет. Жалпы мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс болғандықтан тәрбиешіге артылар міндет оңай емес екені анық.

Қорытындылай келе, тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Ол жас ақыл мен жүректі қалыптастыратын болашақтың құрылысшысы. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле», - дейді халық даналығы. Демек, қазақ елінің, жұртының өркениетті қоғамда еркін өмір сүруі ұлт болашығы ұл-қыздарымызға тікелей байланысты болса, сол жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.Сол себепті де мен алдымдағы әрбір баланың барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және сол үшін ат салысамын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
12.06.2024
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі