Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Эссе "АКТ-ны қолдану"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Тәжірибедегі рефлексия» Абай атындағы ЖОББМ Рахымжанова Гулдана Орикбаевна
Мен «Абай атындағы ЖОББМ» мемлекеттік мекемесінде «Тәжірбиедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша білім алып,кәсіби біліктілігімді жетілдірдім. Оқу барысында көп нәрсені үйрендім. Топта жұмыс жасау ынтымықтастық атмосферасының қалыптасып, өзгелермен пікір алмасуға, өз-өзімді реттеуге үйрендім. Жалпы мұғалім қандай болу керектігін және оқушыларға білім беру барысында қандай әдіс-тәсілдердің тиімді екенін, оны қалай жүзеге асырып қолдану керектігін білдім.
Оқыту үдерісін жақсартуға байланысты бірнеше инновациялық технологиялар қолданып жатқаны бәрімізге мәлім. Осының бірі, Қазақстан Республикасының оқыту жүйесіне Кембридж оқыту бағдарламасын кеңірек қолдану. Бағдарламаның негізгі мақсаты: оқыту үдерісін жақсарту мен оқу нәтижелерін жетілдіру. Яғни, білім беру жүйесінде оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез
жағдайда тиімді пайдалана білуді қамтамасыз ету. [МАН, 6 бет].
Сындарлы оқыту негізінде оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуді, өзін – өзі реттеуді, оқушылардың өз беттерінше білім алуына жағдай жасау қажеттігін білдім. Және Бағдарламаның жеті модульімен танысып, жүйелі жоспар құруды үйрендім. Тізбектелген орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларға модульдерді кіріктіріп, оның әдіс – тәсілдерін енгізе отырып жоспарладым. Сындарлы оқыту барысында оқушылардың өз ойын еркін айтуға, алған білімін өмірде пайдалана алуына үйретуіміз керек.
Егер пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай, олардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмаларды жиі беріп отыруы маңызды екенін түсіндім.
Жалпы осы тәжірибедегі рефлексия курсында мен өз жұмысыма қажетті көптеген мәліметтер алдым деп айта аламын. Aлдaғы уaқыттa oртa және қысқa мерзімді жoспaрлaуды дұрыс құруды, стрaтегиялaрдың бaсқa дa түрлерін тиімді қoлдaнуды, мoдульдерді тізбектелген сaбaқтaр тoптaмaсындa ықпaлдaстырa білуді, тoпқa бөлудің әр түрлі стрaтегиялaрын, бaғaлaудың смaйлик, сaусaқпен көрсету, жетoндaр aрқылы бaғaлaу түрлерін, сұрaқ қoюдың түрлерін дaмытa түссем деп жoспaр құрып oтырмын. Әрбір oқушығa үміт aртып, oлaрдың білімдік жетістіктеріне жaғымды үлес қoсуды, oқушылaрмен тиімді түрде aуызшa және жaзбaшa өзaрa іс-қимылды қaмтaмaсыз етемін. Сыныптaғы бaрлық oқушылaрдың oқу үдерісін бaқылaй aлуды, бaрлық oқушылaр oқудa тaбысты бoлуынa қoл жеткізу үшін сaбaқтaрды дұрыс жoспaрлaу мен бaғaлaуды, oқушылaрдың дaмуынa ықпaл ететін әлеуметтік, эмoциялық, тaнымдық фaктoрлaрды дaмытуды көздеп oтырмын. Осы курс аяғында мен жаңа форматтағы мұғалім болып өзгеруге қадам бастым деп ойлаймын. Бұл мені әлі де алға жетелейді. Заман ағымына қарай өзгеріп, өз ісімнің шебері болу -менің негізгі ұстанымым. Еңбек етіп жүрген кез келген aдaм еңбегінің жемісін көргісі келеді. Aл ұстaз еңбегінің aдaл жемісі-білімді де тәрбиелі шәкірті. «Ұстaздaн шәкірт oзады» демекші, бoйындa бaрын мұғaлім білім aлушығa сaрқa құюғa тырысaды. Себебі, мұғaлім бaғaсы aлдындaғы шәкіртімен берілмек. Oқытылып жaтқaн Бaғдaрлaмa бoйыншa мұғaлімнің aлдынa oқушының жaн-дүниесін жaқсы түсіне білу міндеттемесі қoйылғaн. Тәжірибе барысында алынған теориялық білімімді сабақтарыма енгізу, оқыту жоспарымда жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану сонымен бірге, бағдарламаның негізгі жеті модуль бойынша сабақты жаңаша құрастыру, бағдарламаның негізгі идеяларын сабақтарымда ықпалдастыру менің басты мақсатым болды.
Оқыту нәтижесін жетілдіру мақсатында оқыту мен оқудағы АКТ модулін өз сабақтарымда үнемі пайдалана отырып, алдымдағы уақытта сабақтарыма қажет екенін түсіндім.Сондықтан мен іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбымды «Инновациялық АКТ-ны қолдану» модульін таңдадым.Бұл модульді неге таңдадым? Таңдаған себебім, ең алдымен бұл модульдің өз пәніме, өз кәсібіме жақын екенін, бұл модуль арқылы мен оқыту барысында тиімді тәсілдерді қолдану, оқушымды жүйелі ойлауға жетілдіру, шығармашылыққа баулып, өз пікірімен бөлісіп, сыни ойлауға сөйлеу тілін жетілдіруге үйрету. Менің негізігі мақсатым: информатика сабағында оқушыларымның алған білімдерін мектептен тыс жерде пайдалануды үйрету. Бұрынғы сабақтарыммен салыстырғанда қолданған ақпараттық коммуникациялық технологияларымның бүгінгі күні курстан соң қолданған ақпараттық коммуникациялық технологияларымның арасында үлкен өзгеріс пен айырмашылық барын түсіндім. Ал тәжірибе жүзінде оқушыларға сабақ барысында АКТ-ны қолданғанымда сабағымның нәтижелі болатынын түсіндім. Теориялық тұжырымдамаларға сүйенсек, АКТ арқылы, оқушы терең білім алады, ақпараттық коммуникацияның мүмкіндіктерімен ондағы түрлі әсемдеулер мен әдемі қимылдар оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, берілген тапсырмаларды да зор ынтамен орындайды.
Біздің қоғамда білімді еңбекпен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл-заман талабы. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеу барысындағы өзара байланыс анықталды.Жалпы осы курста өткен 7 модульді пәніме байланысты өткізген тізбектелген сабақтарымда ұтымды пайдаландым десемде болады. Дегенмен, өзім Информатика пәнінің мұғалімі болғандықтан осы 7 модульдің ішінен «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» яғни АКТ-ны пайдалану модульін тізбектелген сабақтарымда қолдандым.
Осы таңдаған модульім бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына аянбай күш жұмсадым.
Тізбектелген үш сабақтың алғашқысы 6 сыныпта «Алгоритм» тақырыбында өтті. Сыныпқа кіріп, амандасып, көңіл-күйлерін сұрадым. Сабағымды оқушыларға бір- бірлеріне жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында әдемі сөздер айтқызып содан соң өткен үй тапсырмасына шолу жасаудан бастадым яғни «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модульі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, «Құпия жәшік» деп аталатын өткен сабақтарға байланысты сұрақтар жасырылған жәшіктер беріліп, жасырылған сұрақтарға оқушылар мүдірместен жауап берді. Үй тапсырмасына жауап беріп, тексеріп болған соң бүгінгі жаңа тақырыпты ашып алу үшін оқушыларға мектеп оқушысының таңертеңгілік ұйқыдан тұрып, мектепке яғни сабаққа келуге дейінгі жолдарын, жасаған іс-әрекеттерін бірінен-соң бірі компьютер көмегімен қозғалтпалы (анимация) түрінде келтіріп, оқушылардың бүгінгі сабақ тақырыбын ашуларына жол аштым. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы белгілі болған соң тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіп, алгоритм дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап беріп, оқушыларға анықтамасы айтылып, дәптерлеріне жазып қоюлары сұралды. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріліп, әр бір жауап берген оқушы бағалау парақтарына «Табыс крийтерилері бойынша» алған ОұБ модульіне сай ұпайларын қойып отырды. Сабақ арасында оқушылардың сергулері мен шаршағандықтарын басулары үшін «Сергіту сәті» де жасалды. Сонымен бірге оқушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты тест тапсырмалары да берілді. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модульі бойынша оқушыларға «Венгр» сөзжұмбағы беріліп, жасырылған сөздерді табу керек деген тапсырма берілді.Барлығы 18 сөз жасырылған сөзжұмбақта оқушыларға әр бір табылған дұрыс сөзге 1 ұпайдан беріліп оның бағасы да бағалау парақтарына қойылып отырды. Сабақ соңында «Сұрақ саған, жауап маған» әдісі бойынша сұрақтар қойылды. Оқушыларға үйге тапсырма беріліп, стикерлер тарату арқылы бүгінгі сабақта алған әсерлерін, көңіл-күйлерін жазулары айтылды. Өз ойларын жазған стикерлерді «Білім ағашына» жапсырулары сұралды. Оқушылардың бірінші күнгі сабақтан алған әсерлері «жақсы» деген пікірлермен бағаланды.
Екінші тізбектелген сабағым жоғарыда аталған сыныпта «Алторитм түрлері» тақырыбында жалғасты. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақта бір-бірлерінің жақсы жақтарын айтумен басталды. Бүгінгі сабағымды бастамас бұрын оқушылармен үй тапсырмасы сұралып, өткен тақырыпқа шолу жасау мақсатында «Сиқырлы сандар» ойынымен жалғасты. Санға жасырылған сұрақтардағы, сұрақтарға жауап берген оқушы сол ұяшықтағы санды өз бағалау парақтарына енгізіп отырды.Бүгінгі тақырыбымызға байланысты «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модульіне сай сынып топқа бөлініп, тақырыпта сай оқушылар алгоритм түрлері бойынша үш топқа бөлінді. Топқа бөлінген соң әр топқа топ аттарына анықтамалары айтылып, алгоритм түрлеріне байланысты мысалдар көрсетілді. Тақырып түсіндірілген соң әр топқа тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмаларға алгоритмнің блок-сызбасын жасау тапсырылды.Оқушылармен сергіту сәті жасалып, оқушылардың көңіл-күйлері одан сайын жақсарып, «жарайсыңдар» деген баға бердім. Сонымен қатар оқушыларға үш тілділік бүгінгі заман талабына байланысты бүгінгі тақырыпқа және информатика терминдеріне байланысты әр топқа жұмбақтар жасырылып, жауабын үш тілде айту тапсырылды. Сабақ соңында сабақты бекіту мақсатында оқушылармен «Құлыпты аш!» ойыны ойнатылды.
О қушыларға құлыпта жасырылған өткен тақырып сұрақтары қойылды. Әр бір құлып ашылған сайын жасырылған бүгінгі тақырыптың аты шықты. Бағалау мен рефлексия кезінде оқушыларға стикер таратылып «Басбармақ» әдісі бойынша бағалау тапсырылды. Оқушы пікірін оқығанда оларға сабақ ұнағанын байқадым.
Тізбектелген сабағымның үшіншісі дәл осы сыныпта өткен тақырыптарға шолу ретінде жасалды, яғни алдыңғы екі сабақта өткенді қайталап, еске түсіру болды. Сабағымды «Жүректен-жүрекке» атты тілек айтудан ,сәттілік тілеуден өздеріне жақсы көңіл-күй сыйлау үшін психологиялық ахуал тудыру мақсатында жақсы сөздер мен бір-бірлеріне деген ізгі тілек айтумен бастадық.Сабақ басын оқушыларға миға шабуыл мақсатында ребус жасырып, ол жерден өткен сабақтағы тақырыптың аты шығатындығын айттым. Сабаққа қызығушылық білдірген оқушылар әрі қарай да сабақ барысындағы тапсырмаларды қызыға орындайтындықтарын алғаш берілген тапсырманы жылдам әрі ұқыпты орындағандықтарынан білдірді. Бұл сабағымда да алдыңғы сабақта қолданғанымдай курста өткен модульдерді байланыстырып оқушылар қызығарлықтай етіп сабағымды өз мәнінде өткізуге тырыстым. Өзім таңдаған модульдердің ішінен пәніме байланысты «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» модульі бойынша осы сабағыма да оқушылардың өткен сабақтағы өткендерін еске түсіру үшін «Қақпадағы доп» ойыны ойнатылды.Ол жерде берілген доптарда өткен сабақтарға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушы сұраққа дұрыс жауап берген сәтте доп қапаға кіреді. Міне, осының барлығын мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланып өткіздім.Одан кейін келесі тапсырманы «Сын тұрғысынан ойлау» модульіне сай "Ыстық орындық" әдісі аpқылы сұрадым. Себебі өткен сабақта кейбір оқушылар сабақ соңында жаңа тақырыпты аздап түсінгебегенді туралы кері байланыс тастaпты. Мен осы жағдайды ескере отырып, бұл әдісті алдыңғы сабақта өткен жаңа сөздер мен алгоритм түрлері,ондағы блок-сызба дегеніміз не? деген сұрақтарды қайталау үшін өткіздім және ол тиімді болды. Байқағaным: қабілеті төмен оқушылaрдың бұл тапсыpмаға белсенді қатысуы және алгоритм түрлері мен блок-сызбасын ажыратып, сыза алатындықтары болды. Балалардың осындай әдіспен орындалатын тапсырмаларға икемділігі мен қызығушылығы байқaлды. Нәтижесінде оқушылаp диалогтік әңгімеге түсіп, мүлдем үндемейтін оқушылар сұрақ қоюда бір ауыз сөз айтып, барлығы қатысты. Менің ойымша бұл тапсырма жеңіл болғандықтан оқушыларым түгел қамтылып, белсенділік танытты.
Ақпаpаттық – коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олаpдың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыp. Келесі кезеңде мен көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін сабағымда талдап, ой толғату үшін «Өзіңді тексер!» әдісі арқылы өткен сабақтарды қайра бір еске түсіру мақсатында қолдандым. Бұрындары сабақтың тақырыбын өзіміз тақтаға жазып, өткен сабақтарды қайра түсіндіру жұмыстарын жасап, оқушылардың ойлануына мұрша бермей оқушылаpға дайындап береді екенбіз деп дәстүрлі оқытудың кемшілігін байқадым. Бұл тапсыpмада оқушыларға интербелсенді тақтадан түрлі қимылдар мен суреттермен көрсетіп, сұрақтар қойдым. Қадағалау сұрақтары: «Алгоритм дегеніміз не?» «Алгоритмнің неше түрі бар?» «Сызықтық алгоритм мен тармақталған алгоритмнің айырмашылығы?» сынды сұрақтар қойылды. Содан кейін өткен алгоритм түрлері және анықтамалары жазылған кестемен жұмыс жасауға бердім.Онда берілгені қай анықтама қай алгоритм түріне байланысты айтылғанын сәйкестендіру тапсырмасы болды. Мақсатым, оқушылардың жас ерекшеліктеpіне байланысты сыни тұpғыдан ойлай алатын қабілеттерін анықтау. Нәтижесінде жоғарыда аталған тапсырмаларға жоғары деңгейдегі оқушылар анықтамаларымен қоса алгоритмнің түрлеріне мысал келтіре жауап берді. Басқалары да үнсіз емес, дегенмен де сәйкестіктерін тауып, тапсырмаларды орындады. Менің түйгенім оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады, тек біз оларды сын тұрғысынан ойлатуға көбірек тапсырмалар беруіміз керек. Сергіту кезінде бейне жазбаның көмегімен оқушыларды әуенде билетіп бір серпілтіп алдым. Содан кейін сабақтан тыс оқушылардың сурет салуға деген қабілеттерін және оны компьютермен жұмыс жасау кезінде алдағы уақыттағы сабақтарда қ олданатынымызды айта кетіп оқушыларға көбелектің суретін салу деген тапсырма бердім. Барлығы көбелекті көзбен көріп, оңай деп ойлағанымен көбелекті салу бойынша «Табыс крийтерилеріне» сай жұмысты өздері бағалаған кезде «Маған сабақ ұнады», «Қызықты болды», «Қатты түсіндім», «Бәрі жақсы,қуаныштымын» деген сияқты қызықты жауаптармен қатар әсіресе көбелектің суретін салған кездегі «Бүгін мен көбелек жайлы көп білдім» деген жауаппен таңданыстарын жасырмады.
«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша және ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады», - деген Александердің (2001) сөзін басшылыққа ала отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын және қызығушылығын арттыру үшін және жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды үнемі ауызша "өте жақсы", "жарайсың", "керемет" деген сөздермен ауызша мадақтау және смайликтер беру арқылы марапаттап отырдым және сабақтың соңында қалыптастырушы бағалау ретінде олардан кері байланысты «Білім ағашы» әдісімен алдым. Нәтижесінде оқушылардан алынған кері байланыстан бүгінгі сабақта өткен тақырыптар бойынша еш қиындық болмағанын және барлығы толықтай меңгергеніне көзім жетті.
Оқушылар еркіндікті сезінсе, өз ойын анық жеткізе алатынына көзім жетті. Үлгерімі орташа оқушылар өз достарынан қалай оқу керектігін, өз ойларын қалай дәлелді жеткізуге болатындығын, топ ішінде өз пікірлерін айтуды, достарының алдында қате айтып қалам деп қысылмай, өз ойларын айта білуге үйренді. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар бір-бірінің оқу үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Іс-тәжірибе кезінде сыныптағы оқушыларымның барлығы өз шамаларынша қатысып отырды. Білім алу деңгейі төмен оқушылар да топпен жұмыс істеуге қатты қызыққандығын байқадым. Топта отырғанда өз пікірін де айтып отырды. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың ойлауы, білімі, қабілеті жақсарады. Жалпы сабақ бойынша ең сәтті болғаны : оқушылардың сабаққа белсенділігі артты және соның нәтижесінде білім алуға тартылды.
Нені ескеру керек: Оқушыларды әлі де топта бірлесе жұмыс істеуге, көп еңбектенуге жұмылдыру, Информатикаға қатысты терминдерді жетік білуге, терминдермен жұмысты одан әрі жандандыру. Сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар жұппен, жеке топпен отырып жұмыс жасауға, өз ойларын, көзқарастарын айтуға, жолдастарының пікірімен санасуға қалыптаса бастады, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Дәстүрлі өткізген сабақтардағыдай емес, бұл сабаққа барлық оқушы тартылды, сабаққа үнемі қатыса бермейтін үлгерімі орташа оқушылар да өз ойын дәлелдеуге тырысып отырды.
Жалпы осы курстан көптеген құнды ақпарат алып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердім, оқыту мен оқуда АКТ модульін ұтымды пайдаландым. Бұрынғыдай өзім сөйлей бермей, яғни дайын білімді беруді көздемей, оқушыларға білімді, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологиялар АКТ көмегімен болса да өздері меңгере алатындай жағдай туғызуға тырыстым. Ал сәтсіз тұстарына келетін болсам, үлгерімі нашар үндемейтін оқушыларымды әлі де болса сөйлете алмадым, тек бір-екі оқушы ғана деңгейін көрсете алды. Осы кемшілігімді түзету үшін келесі сабағымның жоспарында жеке жұмысты жандандыруым керек. Екінші кемшілігім оқушылардың тапсырмаларды орындалуына берілген уақытты тиімді пайдалана алмауы. Бұл кемшілікті де алдағы сабақтарымда оқушылардың уақытты үнемдеу дағдыларын қалыптастырамын деген ойдамын.
Қoрытындылaй келгенде, мен oсы курс бaрысындa жеті мoдуль идеясын ықпaлдaстырa oтырып, сaбaқтaрдa оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін, оның ішінде оқу мен оқытудағы АКТ модульін заман талабына сай алдағы уақытта тиімді пайдаланып, АКТ мүмкіндіктерін толықтай үйретемін. Педaгoгтaр білімін үнемі тoлықтырып oтыруы міндет екенін дұрыс сезінуі қaжет. Себебі зaмaн тaлaбынa сaй бoлуы керек. Aдaми және кәсіби құндылықтaрын, өзіндік ұстaнымын жaңa фoрмaтты сaбaқ беруде,сындaрлы oқытудa сыни көзқaрaсы қaлыптaсқaн ұстaз жaс жеткіншекті тәрбиелеу мен oқытудa зoр үлеске жетері aқиқaт.Сoндықтaндa oқи oтырып дaму үлкен өзгерістерге жетелейді. Әрбір ұстаз осы курстан алған білімдері мен өткен модульдерді пәндеріне байланысты сапалы қолдана алса, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, болашақта іс жүзінде қолдана алатын, нағыз көшбасшы тәрбиелейтініміз сөзсіз.
2