Эссе "Бала тәрбиесі-ортақ міндет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Бала тәрбиесі-ортақ міндет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестататциядан өтетін ұстаздарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Бала тәрбиесі-ортақ міндет .

Жарық дүниенің есігін ашқан сәтте сәбидің көңілі мөлдір бұлақтай таза, ашық, жүрегі кең, кіршіксіз аппақ болады. Баланың кішкентай кезінен адам болып қалыптасуы үшін дұрыс тәрбие керек. Ал, тәрбиені қайдан аламыз?Тәрбиенің көзі ,менің ойымша отбасынан басталады . «Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ бекер айтпаған болса керек .Яғни, бала тәрбиесі отбасы,ошақ қасынан басталады. Ғұлама жазушы М.Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген ұлағатты сөзінің мағынасына зер салсақ, тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады.Сәби дүниеге келе салған сәттен бастап ,ата-ана алдында қызығы мен қиыны қатар жүретін үлкен міндет тұрады . Ол , әрине, бала тәрбиесі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша бала тәрбиесінде баланың әке мен шешесінің, әжесі мен атасының, өскен ауылының жеке-жеке өз міндеті бар. Тәрбиеде басты назар аударатын ол – адамгершілік. Оның өлшемі тәрбиедегі әр адамның жеткен жетістігімен жеке басымыздың мәдениеті болып табылады деп ойлаймын .Сол үшін де әр адам өзіне берілген өмірдің жақсы жақтарын, жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, жан-тәнімен өз жұмысына беріле білетін әрбір тәрбиеші , алдымызға келген бүлдіршіндерге дұрыс өмір сүруге ,жаны таза адам болуға,рухани бай адам болуға үйрету керек деп ойлаймын. Сонда ғана жетіліп келе жатқан жас бүлдіршін тәрбиесінде мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.Тәрбиеге байланысты ақын –жазушыларымыз да жақсы нақыл сөздер,ұлағатты сөздерді артынан өсіп келе жатқан ұрпаққа із қылып қалдырды десем еш қателеспегенім болар деп ойлаймын .

Қазақтың бас ақыны ,Абай атамыз тәрбиеге байланысты көптеген нақыл сөздер қалдырған .Мысалға алатын болсақ, «Сен де бір кірпіш дүниеге ,кетігін тап та бар қалан»-деп өскелең ұрпаққа өсиет ,ақыл ретінде айтты десек те болады .Яғни ,бала мектеп табалдырығын атағаннан бастап ,өзіне тәлім-тәрбие берген тәрбишіден бастау алып, өмірдегі өз орнын,өз мақсатын табу керек деп түсінемін.Кірпіш- ол өмірлік мақсатын тапқан адамдар болса, сан мыңдаған кірпіштермен қаланып келе жатқан ғимарат ол-өмір деп білемін. Кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбие алған адам ,ол үлкен өмірде өз орнын тауып, қалана алады деп толық сеніммен айта аламын .Сондықтан баланың кішкене кезден бастап алған тәрбиесі мен білімінің іргетасы мықты қалану керек.Ал, баланың мықты болып қалыптасуы ,іргетасының мықты болуы ,ол –даярлық топтан бастап, бастауыш сыныптан бастап алған тәлім-тәрбиесі мен білімінде .Сонымен қатар, Абай атамыз «Бала тәрбиесі басты байлығың» деп бекер айтпаса керек . Менің ойымша,әр тәрбиешінің ,әр ұстаздың ,әр ата-ананың байлығы ,ол- алданда өсіп, дамып келе жатқан бүлдіршіндеріміздің тәрбиесінде деп ойлаймын .

Ата – ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Бала алдындағы әке мен шешеден, тәрбиешіден ,ұстаздан қарап тәрбие алады. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез – құлқындағы ерекшеліктері жетік білгені жөн.
Қорытындылай келе, тәрбиенің бір тарауы aта – аналармен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Бүгінгі біздің мақсатымыз әрбір алдымызда отырған балаға,жас тәрбиеленушілерімізге түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата – ана, мектептің жағдай жасауы болып табылады.
Ата – аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Баланы оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдері және түрлері ата – аналармен мұғалімдерге пайдасы тиер деген ойдамын. Бала, ата – ана және мектеп осы үш одақ бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтижеге қол жеткізе аламыз.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2024
1354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі