Материалдар / Эссе: «Бастауыш сыныптардағы білім сапасын арттыру»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе: «Бастауыш сыныптардағы білім сапасын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасының нақты артқанын қаласақ, уақытпен санаспай, әр баламен жеке жұмыс жасауымыз керек. Әрқайсысының тілін тауып, мүғалім ғана емес, аяулы сезіммен ана ретінде қолдау көрсетсек, баланы «өсіреміз».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
372
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №9 жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасар Кошанова Гульбану Чамугыновна

Эссе: «Бастауыш сыныптардағы білім сапасын арттыру»

Сын болмаған жерде, мін түзелмейтіндіктен, сынды дұрыс қабылдап, қорытынды шығару да үлкен өнер деп білемін. Әдетте көпшілік өзгенің пікірін қабылдай алмай жатады. Бұл төзімсіздікті Шәкәрім: «миы тарлық» десе, Абай «сасық ми» деп дөп кескен. Бұны абайтанушы Омар Жәлел: «Миы тар адам өзінің миына сыймайтын нәрсеге қас болады» деп түсіндіреді. Ғалымдар болса, біздің миымызда 18 миллиард нейрон бар. Адам көп оқып, ойланған сайын нейрондар арасындағы байланыс көбейе түсіп, жаңа нейрондық қатарлар пайда болатынын айтады. Яғни нейронның көптігінде – мидың кеңдігі жатыр. Сондықтан мен оқушыларымның сыни қабылдауларын дамытуда жұмыс жасаудамын. Ол үшін жүйелі түрде әділ кері байланыс жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсініп, өз пікірлерін білдіре алуларын көздеймін. Әр оқушыға жеке қолдау көрсетемін. Қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдайтынымды шәкірттеріме әлдеқашан ұғындырғанмын. Сол арқылы сенімділіктерін нығайтып, мадақтаудың да маңыздылығын алға қойған педагогпын. Оқушыға сенім артқан кезде ғана білім сапасы артатынын білемін.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес түрлі инновациялық әдіс-тәсілдердің, айталық, Блум таксономиясының болсын, В.Беспальконың дамыта оқытуы болсын, сын тұрғысынан ойлауға арналған белсенді әдістер болсын, ойын арқылы оқыту болсын – кез келгені оқушының қажеттіліктерін анықтап, қанағаттандыру мақсатында қолданылмаса, үлгерімдеріне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже беретіндігіне күмәнім бар. Себебі қажеттілік – ол табиғилық. Мен табиғылыққа ештеңе жетпейді деп есептеймін..

Бұл орайда ата-аналардың да ықпалы зор. Үлгерімдерінде төмендік байқаған сәтте олардың қолдаулары мені шабыттандырады.

Жаңартылған білім беруде оқушылардың білімі тікелей жиынтық бағалауларға қатысты екенін білеміз. Сондықтан мен бұндай жиынтық бағалау тапсырмаларын оқушыларымның қажеттілігін ескере келе, әрдайым өзім құрастыратынымды ерекше атап өткім келеді.

Білім сапасының нақты артқанын қаласақ, уақытпен санаспай, әр баламен жеке жұмыс жасауымыз керек. Әрқайсысының тілін тауып, мүғалім ғана емес, аяулы сезіммен ана ретінде қолдау көрсетсек, баланы «өсіреміз». Педагогикалық шеберлігімнің сыры да осында...





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!