Материалдар / Эссе «Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы» Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудің маңыздылығы білім беру жүйесіндегі басты бағыттар ретінде қарастырылып отырған тұста көркем шығармашылық ойлау белсенділіктерін арттыруға ықпал ете отырып, оқушы тұлғасының дербестігін, әлеуметтік жауапкершілігін, шешім қабылдағыштығы мен өз құқығын қорғай білу дағдыларына және басқа да жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын сапаларды тәрбиелеуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2021
1593
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз елімнің аспаны,

«Рухани жаңғыру» дастаны.

Білімді, ғылымды игерсін

Бәсекеге қабілетті жастары.


Тәуелсіз елімнің мерейі,

Биіктеп, өркендеп келеді.

Нық қадам басатын ертеңге

Ұрпаққа халқымыз сенеді!

(Автордан)

Эссе

«Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы»


Білім беру жүйесінің, білімнің алтын ұясы мектептің және ұстаздар қауымының басты ұстанымы әрбір оқушының жеке дара қабілеттері мен мүмкіндіктерінің ашылуына барынша ықпал етіп, оларды дүбірлі додалар мен сайысы мол, бәсекелестері көп үлкен өмірде дербес өмір сүруге даярлау болса керек.

«Бала күннен тартып мінсең, ат жалын,

Онда сенің көкірегің от жалын.

Білдің онда не екенін бәйгенің

Бұл өмірде жарыс емес қай күнің?» - деп ақ жаңбыр өлеңнің арғымақ ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай бойларында ақ семсер мен көк найзаның ұшымен байтақ қазақ елін қорғаған жауынгер бабаларының рухының арыны бар, саналарында Махамбет сынды өршіл ақындардың жырлары мен Құрманғазының төкпе күйлерінің сарыны бар еліміздің ертеңі жас ұрпақтың келешекте алар асулары мол, армандары мен мақсаттары биік, талаптары өршіл екені анық.

Дегенмен, тәуелсіз еліміздің дамуында аса маңызды құндылықтардың қатарында білім беру жүйесінің орны ерекше саналатындықтан, қоғамдағы өркениеттік дамудан кеш қалып қоймайтын жаһандық жаңалықтарға тез бейімделетін, жеке тұлғалық ой-танымы мен шығармашылық қабілетін заман ағымы мен қоғамдағы сұраныстарға орай жаңғыртуға ынталы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы айшықтала түседі.

Қазіргі ғаламдық сипаттағы өзгерістер мен игі бастамалар қоғамның барлық салаларын ортақ мақсат пен мүдделер арнасында тоғысып, бірлесе күш жұмылдыруды талап етеді.

Осы орайда әрбір жеке тұлғаның қоғамдағы өзіндік орнын ойып тұрып алуы үшін өзіндік дамуы мен өзін-өзі жетілдіруінің маңызы зор.

Тұлғаның жеке тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік дамуы өзара тығыз байланыста қарастырылады. Қоғамдағы қазіргі күрделі әлеуметтік-экономикалық және психологиялық мәселелер, өз кезегінде, білім беру жүйесіндегі бағыттарға айтарлықтай ықпал етеді. Осыған байланысты бүгінгі таңда білім беруде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге маңыз беріліп отыр. Келешекте еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыру үшін бүгінгі оқушылардың жан-жақты білім алуға қызығушылығын арттыру, өзіне сенімділігін, жігерін, өзін жақсы жақтарға қарай өзгертуге ынтасын тәрбиелеудің орны ерекше.

Салауатты қоғамның ең мәртебелі сипаты еңбек болып саналады, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге деген саналы әрекеттері өркениетті қоғам құрудың басты ұстанымдары ретінде қарастырылады.

Жеке тұлға өзін-өзі дамыту және жетілдіру қағидаларын өзгелермен қарым-қатынас барысында айқын меңгереді. Мектептегі оқу үрдісінде оқушы нақты бір объектіні емес, алдымен өзін танып зерттеуі керек. Ол өзінің әлемін меңгеріп, өзінің өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруы керек. Ал тұлғаның өзін тануы өз тұрғыластарын, өзгелерді зерттеу арқылы жүзеге асады.

Білім беру жүйесінде оқушы тұлғасының өзін-өзі дамытуы көп жағдайда ескеріле бермейді. Ересектер оқу үрдісінде оқушыға дайын мақсаттар ұсына отырып, оны сол өздері ұсынған әдістер арқылы орындауға ықпал етеді. Ал, осы сипатта орын алатын педагогикалық үрдістер оқушы тұлғасының өзіндік білім алуға деген ынталары мен мүмкіндіктеріне тосқауыл болады және өзіндік білім алуының бағыттары және оқу үрдісіндегі оқушының жеке жауапкершілігі мен оқу үрдісінің нәтижелі болуы ескеріле бермейді.

Жеке тұлғаның шынайы шығармашылық қабілеттері мен іс-әрекеттері өнер мен ғылымда ғана емес, күнделікті өмірдегі әрбір жағдайларда оң шешім тауып кеткен сәттіліктерінен де көрінеді. Әрбір адам өз бойындағы мүмкіндіктерін қолынан келетін істерді жарқыратып сәтті орындау арқылы да көрсете алады. Осы орайда халқымыздың «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деген даналығы ойға оралады.

Өз елінде кәсіби деңгейде танылып, өзін-өзі жетілдіре білген тұлғаларға тән ортақ сипаттар бар, оларға тоқталатын болсақ, ең алдымен, өз ісіне деген адалдық, өзіне деген сенім, ұстамдылық, бастамашылдық, шығармашылық, өзін-өзі бақылау өзгелердің тәжірибесіне игі көзқарас, адамдармен ізгі қарым-қатынаста болу сияқты ерекшеліктер.

Қазіргі білім беру жүйесінде осы аталған биік адамгершілік қасиеттердің қайнар бастауларын мектеп оқушыларының бойында қалыптастыруға болады. Бұл орайда, оқу үрдісінде оқушыларға пән бойынша әрбір жаңа тақырып пен жаңа мәтіндерді проблемалық ситуациялар арқылы ұсыну аса маңызды. Бұл проблемалық ситуацияларды топпен жұмыс барысында орындау тиімді, өйткені бұл кезде олардың тұлғааралық қарым-қатынастары жүзеге асады.

Өзімнің ұстаздық тәжірибемде, көркем шығармаларды талдау барысында, оқушылардың шығармадағы көркемдік-мәнерлік құралдарды табу және шығармадағы адами құндылық мәселелерді талдаумен шектелуі оң нәтиже бермейтіні байқалды, бұл кезде оқушылар шығарманы көркем ойлар мен көркем бейнелердің тоғысқан ғаламат әлемі ретінде қабылдай алмайды. Сондықтан көркем шығарманы талдаудың әдістерін жан-жақты талдай отырып, оқушыларға көркем шығарманы талдаудың бірқатар жаңа стратегиялық әдістері ұсынылды, эйдос-конспект жазу оқушылардың көркем бейнелі ойлауының, өзіндік тұжырымдарының қалыптасуына ықпал етті. Шығармадағы көркемдік детальды анықтау, жанр стилін анықтау және кесте құрастыру әдістерін қолданудың оқушылардың көркем ойлауы мен мәнерлі көркем сөйлеу дағдыларының қалыптасуына оң әсері болатыны байқалды.

Бұл әдістер оқушы тұлғасының көркем мәтіндерді терең түсініп, өзін-өзі жетілдіруіне, жеке тұлғалық қабілеттері мен мүмкіндіктерінің ашылуына, көркем ойлау мәдениетінің және шығармашылық тұрғыда ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудің маңыздылығы білім беру жүйесіндегі басты бағыттар ретінде қарастырылып отырған тұста көркем шығармашылық ойлау белсенділіктерін арттыруға ықпал ете отырып, оқушы тұлғасының дербестігін, әлеуметтік жауапкершілігін, шешім қабылдағыштығы мен өз құқығын қорғай білу дағдыларына және басқа да жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын сапаларды тәрбиелеуге болады.

Келешекте қоғамдағы еркін өркениеттік нарықтық қарым-қатынастағы мәселелерді шешуде табыстарға жетуі үшін қазіргі таңда білім беру жүйесінде қоғамдағы және өзінің жеке мәселелерін, кәсіби мәселелерін өз бетімен, табысты әрі нәтижелі адамгершілік қағидалар негізінде шешуге ынталы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызы зор.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!