Эссе "Білім кілті -кітапта" 4сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Білім кілті -кітапта" 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазып үйрену үшін пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім кілті –кітапта. Эссе

Мен бұл эссе жазу барысында көп ойландым.Иә,шынында да, білімнің кілті кітапта екендігін дәледеуім қажет деп ойладым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- білімді ұрпақтың қолында» деп бекер айтпаса керек. «Оқусыз-білім жоқ,білімсіз-күнің жоқ» деген мақал да осы күнге дейін өз мәнін жоймады.Біздің ұлы дана бабаларымыз Ыбырый,Абай, Ахмет, Міржақып,Мағжан аталарымыз бізді білім алуға,оқуға шақырған қаншама өлеңдеріне үңіле отырып,қайталап оқи отырып, мен осыны түсінгендеймін. Мен 4 сыныпта оқысам да, оқу мен білімге шақырған өлең-жырларды оқып,есімде сақтауым керек деп ойладым.Ыбырай атамыздың «Кел,балалар,оқылық!» , Ахмет атамыздың «Оқуға шақыру» өлеңдерін оқу барысында көп ойланып, мағынасын түсінуге тырыстым. Қазіргі заман ғылым мен техниканың дамыған заманы ғой.Осы заманда өмір сүру үшін білімді басты орынға қоямын.Мен Абай атам туған елде білім алып жатқандықтан: Абай атамыздан Құнанбай әкесі көп үміт күткен-ді. Оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет-Риза медресесіне береді. Онда араб, парсы тілдерін үйреніп, дін сабақтарын оқумен қатар, Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули, тағы басқа  шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады. Медресенің үшінші жылында Семейдегі «Приходьская школаға» түсіп, онда 3 ай оқиды.Осы жол аралығында ол Семейге бару үшін атпен 2-3 күн жүретіндігін оқып білдім. Білімнің соншалықты қажеттігін түсіндім.Кітап оқу арқылы адамның көзі ашылып,көкірегі оянады. Білімді бала әруақытта өз достарының алды бола алады. Болашаққа нық қадам басу үшін де білім керек.Сондықтан да мен «Білім кілті- кітапта» деген ұстанымды ұстанамын.













Ебінов Жанарыс 4 сынып оқушысы

«С.Бекбосынов орта мектебі»КММ

Архат ауылы,Абай ауданы,ШҚО





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2018
1154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі