Материалдар / Эссе Білім саласындағы жаңашылдық- болашақтың басымдығы

Эссе Білім саласындағы жаңашылдық- болашақтың басымдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
1367
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • Қарағанды облысы
  • Теміртау қаласы
  • «Теміртау қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Ильясова Самал Муратовна


ЭссеБілім саласындағы жаңашылдық- болашақтың басымдығы

«Маған жай айтсаң- ұмытамын, көрсетсең- есімде сақтаймын, өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң- үйренемін»КонфуцийҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ел келешегі жас ұрпақтың қолында, бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі-білімде»,- деп айтқан сөзі дәл айтылған. Олай болса, жаңа білім, жаңа мектеп, жаңа технология, жаңа бастама болып жатқан кезде біз неге өзгермеске?Ұстаз адамзат шеберханасының иесі, ұстаз болу өте қиын. Оның жалпы қоғам алдындағы жауапкершілігін мәңгілік естен шығармауы керек. Жалпы қазіргі таңда өзге елдердегі білім үдерісінің дамуы, біздің қоғамдағы білім саласындағы түйінді мәселелердің көптеп кездесетінін айқындап отыр. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалімі, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»- деген тамаша ой тастаған. Оқушының табысты болуы- ұстаздың табысты оқытуы. Мұғалімдердің жаттанды дәстүрлі сабақпен шектелуі, оқушы білімін дұрыс бағаламауы, оқытудың озық технологияларын қолданбауы еліміздің болашағына қауіпті. Қазіргі уақытта мұғалім қандай болу керек, оқушыны өмірге қалай дайындап, оқыту керек деген сұрақтар туындайды. Ортақ ұстанымдар арқасында жаһандық білім жүйесіндегі озық технологиялар тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу. Біз, ұстаз қауымы, білім саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді жақсы меңгертіп, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, болашақтың адами капиталы екенін сезіп, әр оқушы қоғамда өз орны, өз биігі бар екенін ұғындыруымыз керек. Әрбір оқушыдан тек жақсы үміт күтуіміз керек. Бала бойындағы қабілетті көріп, оған бағдар беруіміз, бейімделуіміз, кез-келген қиындыққа мойымай, оның шешу жолдарын қарастыратын шығармашыл шәкірт дайындауымыз керек. Ұлтымыз небір қилы қыстау кезеңдерде өзінің тапқырлығымен, шешенділігімен, мәдениеттілігімен, батылдығыме көріне білген. Ендеше, бүгінгі таңда сол асыл текті атаның ізін жалғар ұрпақты қалыптастыру ұстаздар қауымының асыл міндеті. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту- біздің мақсатымыз. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», -деп орынды айтқан Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Оқушының әрбіреуі ашылмай жатқан бұлақ секілді. Сол бұлақтың көзін тауып ашатын-мына біздер, мұғалімде, педагогтар. Ашылған бұлақ ағып, көлдер мен теңіздерге құяды. Сол сияқты бойдағы өнерді көрсетіп, ұштаса, ол-халқымыздың рухани қазынасына қосылған қомақты үлес болмақ, оның мақтанышына, игілігіне айналады. Мағжан Жұмабаев айтқандай «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» ХХІ ғарыс-білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін жадымызда сақтағанымыз жөн.Сондықтан, жаңа бастаманың жолында көшбасшы мұғалім ретінде әлі талай үйрену барысында жеңістердің де, жеңілістердің де болатынын біле отыра тек мойымау керектігін түсіндім. Халықтың «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген қанатты сөзін ескере отырып, мектептегі ұстаздық қызметімде 30 жылдан астам тәжірибем болса да, заман талабына сәйкес жаңа бағдарламаны іске асыру жолында әлі де болса үйренетін дүниелерімнің көп екендігіне көзімді жеткіздім. Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйренеміз» деген нақыл сөзі менің бүгінгі ұстанымыма сайып келгендей, барша қауымды жұмылдырып іске бастаған көштің ұранына айналғандай. Мен де сол көштің легіндемін. Іске сәт демекпін, ұлағатты педагог қауымға!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ