Тақырып бойынша 14 материал табылды

Эссе. Экология және біз

Материал туралы қысқаша түсінік
Атадан балаға мирас болып келе жатқан туған жерді, оның көркем табиғаты мен байлығын көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпақтарға таза күйінде қалдыруымыз керек. Сондықтан жастардың табиғатты қорғауға қатысты экологиялық мәдениетін көтеруге ой саламын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп









Экология және біз

Орындаған: 8 «Б» сынып оқушысы Жанат Дилназ

Жетекшісі: Көшербаева Ұрхия



























2020 – 2021 оқу жылы

Экология және біз

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы. Адам – табиғаттың ең саналы бір бөлшегі. Ал сұлу табиғат талай ақынға шабыт берді, суретшінің қиялын шарықтатты, әншілер ән арнады. «Табиғат», «Жер – Ана», «Туған жер», «Атамекен» деген сөзді естігенде, кез келген перзентінің құлағына жылы тиіп, жүрегіне қуаныш әкеледі. Сонымен бірге табиғат – адамның күнкөріс көзі. Сондықтан да оны қорғау, аялау, табиғи байлықтарды үнемді пайдалану әр адамның азаматтық борышы екенін білеміз. Алайда рухани да материалдық байлығын сыйлаған Жер – Анамыздың алдында біз, адамзат баласы, өз перзенттік борышымызды ақтай аламыз ба?

Бүгінгі таңда адамзатты ерекше алаңдатып отырған зор мәселенің бірі – қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі, оның ластануы. Жерге тастай салған ең қарапайым тұрмыстық қалдықтардың өзі ғаламшарға үлкен қауіп төндіреді. Жердің ластануы тұрмыстық қалдықтардан пайда болады. Тұрмыстық қоқыстарды арнайы орындарға, қазылған шұңқырларға тастауға да кейбіреуіміздің мәдениетіміз жетпей жатады. Тұрмыстық қоқыстардың шіруі, оның толығымен жойылуы жүздеген жылдарды керек етеді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қарапайым қағаз 2-5 айға дейін, консерв құтылары жүз жылға дейін, ал пластик құтылар бес жүз жылға дейін шіріп ыдырайды. Қоқыс шірігеннен кейін көмірқышқыл газы мен метан секілді парникті газды бөліп шығарып, ғаламдық жылынуға әсер етуде. Ал кейбір тұрмыстық қалдықтардың құрамынан жер асты суы мен топырақты ластайтын улы заттар бөлініп шығады. Тұрмыстық заттардан шыққан қоқыстардың 80 пайызы шыны және пластик құтылар, түрлі металлдар мен қағаздардан тұратын болғандықтан, оны қайта өңдеп, тұрмыста қолдануға болады. Алайда біздің еліміз қайта өңдеу өндірісін қолға алған жоқ. Әлемде қоқыстың аз ғана бөлігі қайта өңделеді. Біз биоыдырағыш заттарды көбірек қолдану, тұрмыстық қалдықтарды қайта тұтыну, қоқыстарды арнайы орындарға, қазылған шұңқырларға тастау арқылы табиғатты қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз.

Тұрмыстық қоқыстар жердің ластануының бір ғана себебі болса, ауыл шаруашылығында арам шөптер мен зиянкес жәндіктерді жоюда пайдаланылатын пестициттер де топырақ құрамын бүлдіреді. Сонымен бірге түрлі химикаттар өндіретін, металлдар мен қағаздар жасайтын зауыттардың барлығы қоршаған ортаға зиян келтіретін қоқыстар шығарады. Ашық тау-кен жұмыстарынан топырақты ластайтын улы қалдықтар қалады. Улы қалдықтар дұрыс сақталмаған жағдайда, жүздеген жылдар бойы радиация бөліп, адамзат баласының денсаулығына зиянын тигізеді. Тұрмыстық, өндіріс орындары мен зауыттардан шығарылған қалдықтардан пайда болған парникті газ арқылы жер беті мен атмосфера  жылына түседі. Соңғы жүз жылда жер температурасы шамамен 0,6ºС-қа артқан. Парниктік газдың түрлері ғаламдық жылынудың басты себептерінің бірі болып тұр. Олар радиацияны сіңіріп, қайта таратып, жер бетіндегі қалыпты температураның өзгерісіне алып келді. Ғаламдық жылыну жер бетінде апатты жағдайларды туғызуда. Әлем бойынша ғаламдық жылыну жер бетінің  климатының  өзгеруіне,  теңіз деңгейінің көтерілуіне, мұздықтардың еруіне, су тасқындары, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар әкелуде. Су деңгейінің көтерілуі, ірі мұздықтардың ери бастауы көптеген жағалауда тұратын елдер мен тұрғындарға, олардың тұрмыс – тіршілігіне қауіп туғызып отыр. Әлемдік климат пен экожүйенің апатты өзгерісін болдырмау үшін атмосфераға парникті газдың бөлінуін тоқтатуымыз керек.

Болашақ ұрпағын ойлаған халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналығына таңғаласың, себебі парникті газ түрлерін жоя алатын тек жасыл желекті ағаш екен. Ағаш жердегі бүкіл тіршілікке қажетті жағдайды жасайды, олар топыраққа, атмосфераға және ауа райына әсер етеді. «Көмірқышқылы» деп аталатын парникті газды бойына сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Ағаш топырақтың ылғалдылығы мен тұрақтылығын сақтап, құнарлы етеді. Ғаламшарымыздың 3 млрд. гектардан астамын жасыл желекті орман, тоғайлар алып жатыр. Ал ауыл шарашылығы үшін тоғайлы жерлерді өртеу, отын үшін кесу, ағашты өндіріске қажетті материалдарды алу үшін бей-берекет пайдалану, сел жүру сияқты табиғи апаттардың  салдарынан орман көлемі едәуір мөлшерде кеміп барады. Қазіргі кезде орман мен тоғайлы жердің жартысына жуығы жойылып кеткен. Орташа есеппен айтқанда, әр минут сайын жер бетінде екі ағаш кесіліп отырады екен. Орманның жойылуы ауадағы парникті газдың мөлшерінің артуына әкелді. Ғалымдардың есебі бойынша, егер адамдар осы әрекеттерін тыймаса, жүз жылдан кейін орман мүлде қалмауы мүмкін. Орман ағашының кесілуін, тоғайлардың отын есебінде жойылуын тоқтата алмасақ та, оны тұрақты ету қолымыздан келеді. Кесілген ағаштардың орнына ағаш егу, тұрғылықты мекенімізді көгалдандыру, оны күтіп, өсіру экологиялық апаттардың алдын алады. Адам баласы табиғат пен оның байлығын шексіз пайдаланды, бірақ оны қорғауды естен шығарып, табиғат пен адамзат баласы арасындағы тепе - теңдікті сақтай алмады. Енді адамзат баласы табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, маңызды өзгерістерді қабылдауы керек. Өйткені ғаламдық жылыну одан әрі жалғасып, тұрмыс- тіршілігімізге, денсаулығымызға, тіпті ғаламшарымызға қауіп төндіреді.

Жер – адам баласының ортақ үйі. Шығыс ғалымы Әбу Райхан Беруни мың жыл бұрын «Адамның денесі – әлеммен бірдей» дегендей, адам мен табиғат арасындағы қатынастың бұзылуының әсері адамның өзіне зиянын тигізері сөзсіз. Біз, жастар, табиғат жанашыры болуымыз керек. Атадан балаға мирас болып келе жатқан туған жерді, оның көркем табиғаты мен байлығын көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпақтарға таза күйінде қалдыруымыз керек. Сондықтан жастардың табиғатты қорғауға қатысты өзінің экологиялық мәдениетін дамыту мәселесі алдыңғы қатардан орын алуы тиіс. Бұл мәдениеттің түрі әрбір саналы адамның бойында болуы тиіс. Сонда ғана табиғат адамзат баласы үшін мәңгі құтты қонысы болады, әр адамның дені сау, өмірі ұзақ болады.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
4684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12