Ізгілік пдагогикасы классиктерінің бірі Абай Құнанбаев туралы эссе Абай атамыз 1845 ж. 10 тамызда қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйеленің бірі,екінші әйелі Ұлжаннан туған. Болашақ ақын сабырлы мінезімен,кең пейілі мен ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің такусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп,абысын – ажынға жайлы,мінезі көтерулі,әзіл – қалжыгға шебер,жөн – жобаға жетік өз анасы ұлжанның тәпбиесінде өсті.Абай әуелі ауылдағы Ғабидхан молдадан сауатын ашады ды,10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.Бұл медреседе араб,парсы тілдерінде,негізінен,дін сабағы жүргізілетін еді.Құрбыларынан анғұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп,үздік шәкірт атанады. Абай философиялық көзқарастарын да өленмен жеткізеді.Абайдың дүниетанудағы көзқарасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының экономикасы мен ой – пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Ұлы Абайды өмір,қоршаған дүние,табиғат,болмыс сыры,олардың заңдылықтары көп ойландырған.Ол дүние сырына үңіліп,өзін иазалаған сұрақтарға жауап табуға тырысқан,философиялық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын,әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты,жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам өмірінде алға қойған мақсат түрінің маңызы зор.Мақсат адамның өзін – өзі тану деңгейінде,санасына байланысты.адамның алға қойған мақсаты айқын болуы керек.Мақсатты білу - адамның өзін – өзі тану жолындағы бірінші қадам.Мақсатты іске асыру – екінші қадам.Бірінші қадам рухани білім алу,екінші адам – осы білімді іске асыру.Бірінші қадам болмаса,екінші қадамның болмайтыны бәрімізге аян.Сондықтан өмірде әуелі дұрысмақсатты тауып,оны іске асырудың маңызы өте зор. Осы орайда Абайдың қара сөздерінің мазмұны бүгінгі күн өмірімен тығыз байланысты ақыл – кеңес береді. Кезінде ақын надандыққа қарсы шығып,жан – тәнімен жаңалыққа құштар болған.Жастарды білімге шақырған.Сонымен қатар,адамгершілік пен эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлген. Абай тәрбиенің қасиетті күшіне сенген және одан көп үміт күткен.Өзінің қара сөздерінде адамгершілік деген ұғымның төмендеп кеткенін айтады.Ар – ұят,мейірімділік сияқты түсініктерді адамдардың қоғам алдындағы жауакершілігімен байланыстырады.Оларға жалқаулық, әдепсіздік, білімсіздік, мақтаншақтық,өсек,өтірік сияқты қасиеттердің жағымсыздығын атап көрсетті... Мысалы, өзінің «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінді былай дейді: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол... Өсек,өтірік,мақтаншақ, Еріншек,бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның бісеңіз... Одан әрі: Талап,еңбек,терең ой, Қанағат,рақым,ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Ақын өленде жастарды жағымсыз нәрселерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді. Өзінің «Үшінші қара сөзінде» Абай: «Жалқау кісі қорқақ,қайратсыз болады; мақтаншақ кісі – ақылсыз,надан болады; ақылсыз адам – арсых болады; жалқау адам – тойымсыз,өнерсіз,ешкімге достығы жоқ болады» - дейді. Мұнда ол адам ойлаған мақсатына тек еңбек арқылы,білім арқылы жететінін айтады. Адамның: отансүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, махаббат, мейірімділік,әділдік,еңбексүйгіштік,білімге деген құштарлыұ сияқты қасиеттерді жоғары бағалаған. Достық,қастық,бар қызық – жүрек ісі, Ар,ұяттың бір ақыл – күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса,өзге қылық, Арын,алқын – бұл күннің мәртебесі. Нағыз шынайы достық Абай шығармаларында өте жоғарыбағаланады.Ол адал достық пен жеңіл табыс табуды көздейтін достықты бір – бірінен бөліп қараған.Егер адам өзінің ары мен ұятын көінің қарашығындай бағалап сақтай ьілсе,достық мықты болып,өмірдегі барлық қиындықтан сүрінбей өтеді деп сендіреді. Адам қаншалықты дарынды болып туса да,өхін – өзі тәрбиелемесе,оқымаса,шынықпаса дамымай қала береді. «Он тоғызыншы қара сөзінде» Абай: «Адам атадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,ескерсе,дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы,білгені,көргені көп болған адам есті болады.Естілердің айтқанын ескеріп жүрген адам,өзі де есті болады дейді. Абайдың қара сөдеріндегі еңбек,ғылым,адамгершілік,әділдік жөніндегі пікірлері біздің заманымызда да өз маңыздылығын жоймаған адами құндылықтар.Бұдан ұлы ақынның адами жақсы қасиеттерді дәріптеуінен оның өз заманынан озық болғанын уөрсетеді.қанша ғасыр өтседе Ұлы Абайды оқу,қанша оқысанда мәнін жоғалтпайтын ақын шығармаларындағы сөз болатын адами құндылықтардың мәнін аша отырып,жас ұрпаққа үлгі тұту біздің басты міндетіміз.