Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Жаңартылған білім-біздің болашағымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазға керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

«Жаңартылған білім-жаңаша көзқарас»

Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылардың бойында тілдік дағдыларды қалыптастырудың, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білудің маңызы зор.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады.Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары.

1.Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам және жоғары руханият, индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу, жалпыға бірдей еңбек қоғамы, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы, жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары назарға алынады. Физика сабағында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Физика сабағында теориялық мәтінді, графиктерді, кестелер мен сызбаларды және формаулаларды талдау сияқты оқу материалдарын талдаудың барлық түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар физикалық заңдарды тұжырымдауға, болжамдар ұсынуға және тексеруге, физикалық есептерді шешу жолдарын анықтауа, физикалық шамалар мен құбылыстардың сипаттауға, физикалық ұғымдарға өз бетінше анықтамалар беруге үйренеді. Мұның барлығы оқушының өз бетінше білім алуына, оқу ақпараттарын кез келген түрінде және әртүрлі өмірлік жағдайда тиімді пайдалана білуіне мүмкіндік береді. Физикалық құбылыстырды, ұғымдарды, заңдарды, физикалық шамаларды салыстыруға болады. Мәтін түріндегі материалдарды түсіну үшін графиктік құралдар көмегімен салыстыру арқылы талдау ұйымдастыруға болады. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Нәтижесінде «Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Семантикалық карта», «Джигсо», «Ой-қозғау», стратегияларын тиімді қолдану арқылы тыңдаушылардың білімдерін бекітіп, білім деңгейін күнде бақылап, бағдарламаның түйінді идеясын барлық курс тыңдаушыларының санасына сіңіруге қол жеткізе алдым деген ойдамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2021
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11