Эссе жазу арқылы тіл дағдыларын дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе жазу арқылы тіл дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жас мамандарға керек, жаңартылған мазмұндағы талапқа сай эссе жазу әдісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдықорған қаласы № 13 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты, бірінші

деңгейлі тренер мұғалімі Ахметжанова Анаркүл Изатбековна

өзінің әріптестерімен тәжірибе алмасу үстінде



Қазақ әдебиеті

Мұғалімі: А.И.Ахметжанова

Уақыты:

Сыныбы: 10

Сабақтың атауы

Эссе жазу арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту

Мақсаты

Тыңдалым, айтылым, жазылым стратегияларының дағдыларын жазба жұмыстар арқылы іске асыру жолдарын көрсету.


Көрнекілігі

Ресурстар:cpm.kz сайтындағы материалдар, http://www.bilimland.kz бейнефильм,оқушылар жұмысы, мұғалімнің сабақтарынан алынған үзінділер


Топқа бөлу

Түрлі түсті қағазға жазылған тақырыптар арқылы бөлу


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасынан басталады.

Тыңдалым бойынша өткен сабақта сіздерге: Эссе дегеніміз не? Ол қалай жазылу керек? Өзіңіз қалаған тақырып жаныңызға жақын ба? деген түсініктер тыңдалым арқылы түсіндірілді.Үйден төмендегі тақырыптар бойынша жазылым, айтылым дағыларына сүйене отырып эссе жазу жұмысы берілді.

  1. « Жүрегімнің жарық жұлдызы – Ана»

  2. «Ана – өмірдің нұры»

  3. «Ұстаз – ұлағатты есім»

  4. «Менің арманым»

Енде, балалар, жазылым стратегиясының мына дағдылары бойынша эссені қалай жаздыңдар? Әр қайсың өз жұмыстарың туралы ой бөлісіңдер.

Жазар алдында мен ...

  • менің орындайтын тапсырмаларды түсінетінімді тексере аламын;

  • жазуда пайдалануға болатын идеяларды жазып ала аламын;

  • өз идеям мен ойларымды білдіру үшін қажетті жоспар әзірлей аламын;

  • жазу кезінде қолдануға болатын грамматикалық құрылымдарды(шақ,шылаулар, үстеулер, сын есімдер) ойластыра аламын.

Жазып отырғанда мен...

  • сөздікті пайдалана аламын;

  • синонимдерді келтіре аламын;

  • жазылып қойған сөйлемдерге қайта оралып, оларды тексере аламын;

  • жұмыстың шимай нұсқасын жазып, оны түзете аламын.

Жазып болғаннан кейін мен...

  • жазған шығармамды дауыстап оқып шыға аламын (оның қалай естілетінін талдай аламын;

  • грамматикалық құрылымдардың дұрыс қолданылуын (шақ, бастауыш пен баяндауыштың үйлесімі, сауаттылығыт.б.) тексере аламын;

  • шығармаға тағы қандай әдемі сөздер мен сөз тіркестерін қосқым келетінін ойластыра аламын;

  • қажет болса, жұмысқа өзгерістер енгізе аламын.

Міне , балалар, сендер жазар алдында, жазып отырғанда, жазып болғаннан кейінгі іс – әрекеттеріңді өз бойларыңа қалай қалыптастырғандарың туралы айтып өттіңдер. Енді осы әрекеттеріңді айтылым стратегиясының дағдылары бойынша жазған эсселеріңді оқып талдап шығыңдар.

( бірнеше оқушының эссесінен үзінді оқыту)

Сөйлер алдында мен...

  • дыбыс /бейнежазбаны тыңдап/ қарап, дикторлардың сөйлеу мәнеріне еліктей отырып, сөз сөйлеп, дауыс ырғағын тексере аламын;

  • мен сөйлесетін адам туралы ойлай аламын;

  • барлығы жақсы болатынына өз – өзімді сендіре аламын;

Сөйлеу барысында мен...

  • қарапайым сөз тіркестерін қолдана аламын;

  • сөйлеушінің айтқан сөзін басқаша жеткізе аламын;

  • дұрыс екендігіне сенімім жоқ пікірлерден аулақ бола аламын,

  • жанымдағы адамнан көмек сұрай аламын;

  • «ммм», «мен не айтайын деп едім?», «білесіз бе?» сияқты одағай, қаратпа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана аламын;

  • мүмкіндік болса, дайындық жасап, өз сөзімді жазамын немесе қайтадан жаза аламын.

Сөйлегеннен кейін мен..

  • жаңа сөздер мен ұғымдарды теріп жазып, іштей айтып, қайталай аламын, келесі жазба жұмыстарымда қолдана аламын.

  • керібайланыс жасап,сөйлеген,сөйлескен, тыңдаған адамның пікірін сұрай аламын;


Мағынаны тану

Бағалау

Сабақты қорытындылау:

Бағалау парақшаларымен жұмыс. Әркім өзіне ұнаған эссені алып, «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып пікірін білдірсін.



Талдықорған қаласы №13 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.И.Ахметжанова

Сабақтың тақырыбы: Эссе жазу арқылы тілдік дағдыларды дамыту

«Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»


Пікіріңіз


Ұсынысыңыз


















Сабақтың тақырыбы:

«Эссе жазу арқылы оқушылардың

тілдік дағдыларын дамыту»

(шеберлік сыныбының сабақ жоспары)




Пән мұғалімі: А.И.Ахметжанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2020
802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі