Эссе жазуға үйрету

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе жазуға үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы.

Эссе жазу дегеніміз – адам оқыған, талқылаған ақпараттардың негізінде білгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын, ойын жазу.

Эссе түрлері


  • Сипаттамалық эссе-басты нысан кейіпкерді, оқиғаны, жерлерді, т.б. сипаттау, детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестету.


  • Анықтамалық (түсіндірмелік) эссе-дәлелдер, терминдер арқылы берілген тақырыптың мағынасын ашу. Мұндай эссенің негізгі мақсаты түсіндіру. Белгілі бір тақырыпқа бағытталған жазылым стилі. Мұнда автордың пікірі мен көзқарасы қажет емес. Белгілі бір үдерісті, әрекетті қалай жасау керектігін түсіндіреді (рецепт)


  • Дәлелдеме эссе- айтылған ой арқылы оқырманды көндіру,үгіттеу. Түсіндірме жазба стилінен айырмашылығы - автордың көзқарасы мен пікірінің орын алуы. Автор өзгелерді өзінің пікірінің дұрыс екендігіне сендіруге тырысады, сондықтан аргументтер, себеп-салдар, дәлелдер, статистикалық мәліметтер келтіреді. стиль шағым хаттарда, коммерциялық жарнамаларда, маркетингтік бағыттағы жазбаларда жиі қолданылады.


  • Аргументативті эссе- көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.Аргументативтік жазба жоғарыда аталған сендірме жазбаға ұқсайды, екі стильде бірдей функциялар пайдаланылады. Аргументативтік сендірме жазбадан айырмашылығы контраргумент болуында. Контраргумент – бұл жазушы өз көзқарасына қайшы келетін өзгенің пікірін ұсынуы. Бұл жазушыға өзге көзқарастағы әлсіз тұстарды белгілеуге мүмкіндік береді. Әдетте контраргумент қарсылықты шылаулармен (қарамастан, балама ретінде, бірақ, алайда, екінші жағынан, дегенмен) беріледі.

Келісу-келіспеу эссесі- өте жиі кездесетін жазылым түрі болып табылады. Әр адам қоғамда орын алған әртүрлі жағдайға немесе оқиғаға байланысты өз пікірін білдіре алады. Адамның өз пікірімен, көзқарасымен біреулер келіссе, екінші адамдар қарсы келіп жатады. Бұл – даму заңдылығы. Алайда – пікірдің шынайылығы, сенімділігі маңызды. Ол пікірдің талданып отырған тақырыпқа сай келуіне, оны ашуына, негіздеуіне тәуелді. Келісу- келіспеу эссесін жазуда тақырыпты түсіну, оның қайшылығын анықтау маңызды болып саналады.


  • Келісу-келіспеу эссесі- өте жиі кездесетін жазылым түрі болып табылады. Әр адам қоғамда орын алған әртүрлі жағдайға немесе оқиғаға байланысты өз пікірін білдіре алады. Адамның өз пікірімен, көзқарасымен біреулер келіссе, екінші адамдар қарсы келіп жатады. Бұл – даму заңдылығы. Алайда – пікірдің шынайылығы, сенімділігі маңызды. Ол пікірдің талданып отырған тақырыпқа сай келуіне, оны ашуына, негіздеуіне тәуелді. Келісу- келіспеу эссесін жазуда тақырыпты түсіну, оның қайшылығын анықтау маңызды болып саналады.


  • Дискуссивті эссе- мәселені шешудің бірнеше оңтайлы жолдарын немесе себептерін айқын көрсетіп, оған өзінің көзқарасын жазу.


  • Хабарламалық эссе -субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі - хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.

Салыстырмалы немесе кереғар эссе - екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтартабу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардыңарасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.


    • Салыстырмалы немесе кереғар эссе - екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтартабу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардыңарасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.


    • Әдеби эссе - басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесежұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

 

 

 

 

 

Эссе құрылымы

Қорытынды бөлім

15-20%


    • Абзацта айтылған ойлар түйіні.


    • Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы



Негізгі бөлім
60-65%


    • Тезиске қатысты пікір


    • Пікірді талқылау, ойды дәйектеу, дәлелдеу, жинақтау аргументтері



Кіріспе бөлім
15-20%


    • Тезис

Кіріспе бөлім - оқырман назарын аудару сөйлемдері және тезистік сөйлемнен тұрады, тақырыпқа қатысты түсінік беру, ой үзігі

Кіріспе бөлім - оқырман назарын аудару сөйлемдері және тезистік сөйлемнен тұрады, тақырыпқа қатысты түсінік беру, ой үзігі

Тезис

Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.

Негізгі бөлім

Негізгі бөлім


    • Тезиске қатысты пікір.


    • Пікірді талқылау, ойды дәйектеу, дәлелдеу, жинақтау аргументтері.

Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін.

Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

1. Пайымдау;

2. Түсіндіру;

3. Мысал;

4. Қорытынды пікір;

5. Тұжырым.

Қорытынды бөлім

Қорытынды бөлім

• Абзацта айтылған ойлар түйіні.

• Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы.

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады. Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.10.2023
1236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі