Материалдар / «Эссе жазып үйренейік!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Эссе жазып үйренейік!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучингте мұғалімдерге эссе жазу құрылымын мен талаптарын үйрету, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы ой жүгірту, проблеманы шешу және қалай істеуге болатынын анықтау жағдайында мұғалімдердің эссе жаза алу қабілеттерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2022
1132
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг жоспары

Коуч:

 Утегулова Айала Нусипбаевна,Сенадилов Жұлдыз Рыскелдиевна

Сабақ тақырыбы:

«Эссе жазып үйренейік!»

Жалпы мақсат:

  Коучингте мұғалімдерге эссе жазу құрылымын мен талаптарын үйрету, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы  ой жүгірту, проблеманы шешу және қалай істеуге болатынын анықтау жағдайында мұғалімдердің эссе жаза алу қабілеттерін арттыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

 Күтілетін  

нәтижесі

Эссе жазудың талаптары, құрылымы туралы біледі, ұғынады, қолданады және оны оқу үдерісінде пайдалана    біледі. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мұғалімдердің эссе жаза алу қабілеттері артады.

Ресурстар

Сабақ жоспары,  парақ, қаламсап,  маркер, түрлі-түсті стикерлер, бояу құралдары, компьютер, презентация  тағы басқа.

 Оқыту әдістері

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу,кері байланыс

Коучинг  бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:3 минут

Амандасу

  1. Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын түсіндереді.

Тренинг: «Бұқар базары» эссе құрылымы туралы сұрақ қою.

  1. Сәлемдеседі

  2. Коучтің өткелі тұрған коучингтің тақырыбы мен мақсатын түсінеді.

Топты бөлу

(5 минут)

Мұғалімдерді эссе құрылымына байланысты топқа бөлу.Топтың ережесін сақтау үшін не істеу керек? Топқа бөліну:

«Ой тастау» айдары

1-топ: «Кіріспе ой» Эссе жазуда сіздің тобыңыздың атының маңызы неде деп ойлайсыз?Бұл бөлімде не жазылады?

2-топ: «Негізгі ой» Эссе жазуда сіздің тобыңыздың атының маңызы неде деп ойлайсыз?Бұл бөлімде не жазылады?

3-топ. «Қорытынды ой» Эссе жазуда сіздің тобыңыздың атының маңызы неде деп ойлайсыз?Бұл бөлімде не жазылады?

Эссе құрылымына байланысты бөлінеді, топтың ережесін постерге салып,іліп қояды.(сотканы сөндіру, зейін салып тыңдау)          

Ой шақыру

(7 минут)

Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, дәлелдер» Сұрақтар қойылады.

1.Эссе туралы не білесіздер?

2.Эссе жазу не үшін керек деп ойлайсыздар?

3.Оның маңызы қандай?

4.Эссе жазудың мақсаты не деп ойлайсыздар?

5.Қанша бөлімнен тұрады?

6.Сабақта немесе тәжірибелеріңізде қалай пайдалануға болады?

Мұғалімдер қойылған сұрақтарға  білетіндеріне қарай жауап береді. Тақырыпты топтық талқылауға салып, түйінді идеяларын стикерлерге жазып, қорапшаға салады.

Түсіндіру

Коуч түсіндірмесі

Өз ойларыңызды ортаға салдыңыздар.Бүгінгі коучингтің тақырыбы эссе жазу турасына болмақ.Яғни,эссе жазу қазіргі таңда оқушы үшін де, мұғалім үшін де өзекті.Эссе жазу арқылы ең үздік нәтиже көрсеткен оқушылар шетелдің оқу орыдарына грант ұтып алып жатқан жағдайлар да жоқ емес.Біліктілікті арттыруда да маңызды.Олай болса, слайдқа назар аударыңыздар.

Презентация:

Эссе дегеніміз не? Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәсеге қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.

Эссенің сипатты ерекшеліктері:Эссені дұрыс жазу үшін, алдымен оны басқа жанрлардан ажырататын ерекшеліктерді ескеру қажет.

Эссенің негізгі белгілері:

  1. Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.

  2. Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.

  3. Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.

  4. Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.

  5. Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.

  6. Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.

  7. Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.

Эссе қалай жазылады?Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын ұстанып жазса, эссе қызықты болады.

Тақырыпты қалай таңдауға болады?Егер жалпы бағыт бойынша таңдау керек тақырыптар тізімі жоқ болса, онда эссенің қандай аудиторияға керек екенін ескеру қажет. Мұнда нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін: университет оқытушысы, комиссия, әдеби қауымдастық, жұмыс беруші болуы ықтимал.

Эссені қалай бастайды?Жиі сөзшең және өз ойын қағазға түсіру қабілетіне ие адамдарда шығарманы, соның ішінде эссені бастауда қиындық туады. Бірақ, эссені қалай бастауды ойлап отыра берсең айтарлықтай көп уақыт кетеді, ал бұл шығармашылық жұмыстың үрдісін едәуір тұмандандырады.

Сондықтан, эссені қалай бастау керектігі туралы ұсынған кеңестерімізді пайдаланыңыз.

1-кеңес. Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу керек.

2-кеңес. Еркін жазу әдісін қолданыңыз. Оның мәні – болып жатқан нәрселерді миға редакциялаусыз және грамматика, пунктуация, стиль секілді т.б. ережелерге бағынбай-ақ жазуда. Бұл шығармашылық дағдарыспен күресуге және керемет идеяларды табуға көмектесетін тамаша тәсіл.

3-кеңес. Кіріспе бөлімге тоқтап қалмау керек. Алғысөзді негізгі бөлім жазылғаннан кейін де жазса болады. Бұл жағдайда эссенің не туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазу оңайырақ болады.

4-кеңес. Эссе жазудың барынша кеңінен тараған танымал нұсқаларының бірі – бірінші сұрақтан бастап, оған жауап жазу. 

Эссенің құрылымы неден тұрады?Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады.

  • Кіріспе бөлім

Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады.

Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.

  • Негізгі бөлім

Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.

  • Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін.

Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

  1. Пайымдау

  2. Түсіндіру

  3. Мысал

  4. Қорытынды пікір

  5. Тұжырым

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.

Эссе жазу бойынша кеңестер:

  1. Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.

  2. Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.

  3. Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.

  4. Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.

  5. Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.

  6. Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.

  7. Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.

  8. Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.

Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер:

Ең жиі кездесетін қателерді біле жүрген дұрыс. Себебі, олар эссені өзің жазған кезде сол қателерді жібермеуге көмектеседі.

1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.

2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді.

3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.

4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.

Жалпы, эссе жанрының артықшылығы қатаң шектеулердің болмауында. Шығармашылықтың толық еркіндігі, өз пікіріңді білдіру және ойыңмен бөлісу мүмкіндігі, мәселені қалыпсыз шешу – бұл керемет идеяларды шығаратын шығармашылық адамдарға осы жанрды тартымды ететін эссеге тән ерекшеліктер болып табылады.

Эссені бағалау критерийлері

Эссе бөлімдері белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 10 балдық жүйеде бағаланады:

  • Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10  балл;

  • Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 балл;

  • Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 балл;

  • Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 10 балл;

  • Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы – 10 балл.



Тапсырма: әр топтың алдына дайын эссе үлгісі беріледі.

Топтың бір мүшесі эссені оқиды.Нақты дәлелдеме бар.Тақырыптың ашылғандығына көз жеткізеді.

Топтық жұмыс Проблеманың шешімін қолдану:

Енді осы тәжірибе арқылы түсінгенімізді эссе жазу арқылы жүзеге асырып көрейік.

Топтар бірлесе отырып, ортақ шешім қабылдап,төменді ұсынылған тақырыптардың бірін таңдаңыздар.Осы тақырып бойынша 1-топ эссенің кіріспе бөлімін,2-топ эссенің негізгі бөлімін, 3-топ эссенің қорытынды бөлімдерін қамтып,эссе жазыңыздар.

Тақырыптар:

1.Өзіңіз өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз.

2.. «Сіздің мамандығыңыздың адам өміріндегі маңызы қандай деп ойлайсың?». Көтерілген мәселеге дәлелдер келтіріп жазыңыз.

3. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.

4. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз.

5.»Менің педагогикалық философиям» » тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз.


Топтар жалпылама бір тақырыпты таңдайды. Топ мүшелері тақырып бойынша негіздемелермен танысып, эссе құрылымын ақтап эсе жазады.Соңынан жинақтайды.Эсселерін оқиды.Бір-біріне кері байланыс береді.Топтар бір-бірін эссені бағалау шкаласы бойынша бағалайды

 Рефлексия

«Түйінді ой» әдісі

Бүгінгі тақырып бойынша сіздер қандай пікірдесіздер?

 *Нені біле алдық?

*Не қызықтырды?

*Бізге пайдасы бар ма?

*Біз бүгінгі тақырыптың мақсатына жеттік пе?  

 *Бүгінгі коучинг сабағынан қандай әсер алдыңыз?

*Бүгінгі сабақ тақырыбы сіз үшін өзекті ме?

*Сіз үшін жаңа ақпарат байқалды ма?

*Мұғалімдер өткізілген коучинг туралы пікірлерін тыңдау.

 Сұрақтарға жауап береді.

 Майшам

Үйге тапсырма

(5 минут)

Майшамды жағып, бірінші тұрған мұғалімге ұсынамын, ол мұғалім қасындағы жолдасына тілегін білдіріп, сөйтіп майшам бір - біріне жалғасады. Соңында майшамның жарық екенін, жарық нәрсенің жақсы екенін, жұмысымызда сәттілік болсын, алдымыз ашық, жарқын болсын деп тілек білдіремін. 

Мұғалімдер алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетеді





Алматы облысы Іле ауданы №40 орта мектеп















«Эссе жазып үйренейік!»













Коуч: Утегулова А.Н.,Сенадилова Ж.Р.















































Топтар бірлесе отырып, ортақ шешім қабылдап,төменді ұсынылған тақырыптардың бірін таңдаңыздар.Осы тақырып бойынша 1-топ эссенің кіріспе бөлімін,2-топ эссенің негізгі бөлімін, 3-топ эссенің қорытынды бөлімдерін қамтып,эссе жазыңыздар.

Тақырыптар:

1.Өзіңіз өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз.

2.. «Сіздің мамандығыңыздың адам өміріндегі маңызы қандай деп ойлайсың?». Көтерілген мәселеге дәлелдер келтіріп жазыңыз.

3. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.

4. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз.

1-топ: Эссенің кіріспесін жазады.

2-топ: Эссенің негізгі бөлімін жазады.

3-топ: Эссенің қорытынды бөлімін жазады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!