Материалдар / Эссе жұмысы "Әке-отбасы тірегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе жұмысы "Әке-отбасы тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әке-отбасы тірегі" тақырыбында әссе жұмысы. 2 азат жол 766 сөзден тұрады. Қоғамдағы әке бейнесін ашу, рөліне бағалау. Әке ол - асыраушы, ақылшы. Әке – отбасы қорғаны, қамалы, отбасы тірегі, діңгегі. Әке ол - бағдаршам. Әр адам өз міндетін білуі және дұрыс атқара білуі қажет. Шешім қабылдауда асықпа. Бүгініңді емес, өткеніңді емес, ертеңіңді ойлау маңызды. Ештеңе мәңгі емес. Барды барында бағалайық. Себебі, кейбіреуде олда жоқ. Тек әке емес, бізде әкелерімізге жақын болайық. Мейлі, көзден кетсе де, жүректен бейнесін, махаббатын өщіріп алмайық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2021
2754
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әке – отбасы тірегі

«Бір әкенің тәрбиесін 100 мектеп те бере алмас»

Отбасы – ағаш іспетті. Әке – тірегі, ана – тамыры, ал бұталар – балалары.Тамыр мен тірексіз бұталар да болмайды. Ал ағаш дұрыс қор жинамаса, бұталар шашырап өседі. Бұл да, тәрбие маңызының бір көрінісі. Негізінде, отбасы–шағын мемлекет. Ал ол мемлекетті ұстап тұру үшін бір ғана махаббат жеткілікскіз. Екі махаббаттың да бала өмірінде алар орны орасан зор.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас” – дейтін халық даналығындай, әке – шешенің орнын ешкім баса алмайды. Әсіресе, отбасыда әкенің атқаратын қызметі мен берер тәрбиесін қырық ағайын жабылып бере алмас. Қазақ халқы ертеден-ақ ер баланы елдің болашақ батыры, отбасы қорғаны деп қашанда жоғары қойған. Отбасыда әкені “отағасы” деп бағалап, оның әрбір айтқан сөзі заң болған. Әжем айтып отырушы еді, “Бір күні белі бүгілген, қырықтың екеуін жасаған бір кейуана әжей кетіп бара жатып, жас аяғы ауыр келіншектің жолын кеспей, қоймасына өткенін күтіп, жол беріпті. Сонда жұрт таң қалып, әжей бұныңыз қай сасқаныңыз, ол әлі сіздің жарты жасыңызға да жетпеген ғой десіпті. Сонда, әлгі әжей, кім білер, егер оның құрсағында ер бала болса қайтемін. Ер адамның жолын кескенше, аяғымды кессін – депті”. Осылай әжем ұл мен қыздың мінезі мен орнын саралап, ақылын айтып отыратын. Бұл да бір, қазақ халқының ер-азаматқа деген алғысы мен құрметі болар. Егер, осы азаматтарымыз болмағанда, қазір ұлымыз-құл, қызымыз-күң болып, көрген күні азап болар еді. Тіпті “қазақ” деген жұрт атымен жойылмасына кім кепіл. «Әке» деген сөзді естегігенде, көз алдыма дастархан басында жақындарына сүйсіне қарап, өзінің ақыл – кеңесін айтып отыратын нағыз ер-азамат елестейді. Әттең, ең өкініштісі ондай әкелер жоғалып бара жатқандай. Қазір, әкенің түрлі бейнесі бар. Біз тамсанып, мақтап отқан кейбір әкелер қазір ащы судың тұсауына байланып, сүйікті жардан, туған баладан, жақындардан, қара шаңырақтан безген немесе бездірген және ең жаманы қит етсе, жұдырық ала жүгіріп, жанұя берекетін қашырған ессіз, жауыз әкелердің бары іш қынжылтады. Ондайларды әке деуге де келмейді. Бірақ одан асып кете алмайсың. Көбісі әкеден қорыққан жөн, қатал болу керек деп санайды. Жоқ, әкеден қорықпау керек, керісінше ұялу керек. Адамдар бала тәрбиесінде осы екі нәрсені шатастырады. Ал қаталдық пен қорқу мәселесіне тоқталар болсақ, олар – баланың бойында үрей тудырып,жасқаншақтық пен тұйықтықты, ата-анаға деген реніш пен ызаны қалыптастырады Керісінше, бала тәрбиесінде еркелету, жылы сөз, сыйлық, әкемен ойынның маңызы зор. Еркелелту – ессіздік емес, еркелете отырып, жылы сөздермен тәрбиелеу. Көңіліне қарау, сыйлық беру. Ал әкемен ойын ойнау – тұнған эмоция, шынайы қуаныш. Әке құшағы мен жылы сөздері бала үшін орны бөлек бақыт қой. Осындай тәрбиені көрген бала – ата -анасынан ешнәрсе жасырмайтын, ашық, дербес болып қалыптасады. Ондай бала – ортада мәдениетті, ілтипатты, ұяң болып келеді. Ата-ана махаббатын сезінген бала оны бағалайды, басқадан жылу іздемейді. Басқаның мойнына асылмайды, қойнына жабыспайды. Тәрбиенің өзі екі түрде өрбейді: ұл бала тәрбиесі және қыз бала тәрбиесі. Ұл бала әкесіне қарап, болашақта өз бейнесін көре алуы тиіс. Ал, қыздарға әкесімен әңгімелесу өздерін нәзік сезінуге көмектеседі. Қазір, өз болмысын анықтай алмай, адасқан жастар саны артуда. Әкенің негізгі міндеті – ұл мен қызға сай дұрыс тәрбие бере білу, еркектік және қызға тән қаситеттерді бойға дарыту. Ал, қазіргі таңда, өз орнын таппай жүрген жастар әке тәрбиесінің әлсіз екендігін көрсетеді. Оған себеп, отбасы асырау үшін жұмысбастылыққа салыну. Отбасы асырау дұрыс, бірақ материалдық жағынан ғана емес, рухани тұрғыда да асырау қажет. Жұмысбастылық дұрыс, жұмысбастылыққа салыну емес. Қарым қатынастың мөлшері емес, сапасы маңызды. Осы жұмысбастылық бала мен ата – ана арасындағы басты шегара, арақашықтық. Егер, бос уақытты, демалысты отбасыға арнап, жоғарыда айтып өткен амалдармен тәрбиелей білсе, көпке үлгі отбасы қалыптасар еді деп ойлаймын. Қайта осындай тәсіл тиімдірек. Сеебебі,бала мен әке сағынысып көрісіп, іште жиналған жаңалықтармен бөлісуге асығып тұрады. Ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынаста ең маңыздысы жақындауға деген шынайы ниет. Сонда ата–ана мен бала арасына уақыт пен қашықтық кедергі бола алмайды.

Қазір ата–аналар кішігірім жанжалды ушықтырып, ажырасу дұрыс шешім деп қабылдайды. Арада бала болса, оның тағдырына, болашағына, психологиясына қалай әсер ететіне аса мән бере қоймайды. Бірақ, ата-ана жанжалы бала өміріне кесірін тигізбеуі керек. Әрбір бала бақытқа лайық. Баланың дәл сондай ата – ананың перзенті болғанына еш жазығы жоқ. Алайда, кейбір жағдайларда ажырасу дұрыс шешім болады. Оған себеп, шеттен тыс агрессия, өзіңді бақылаудан шығарып алу, ішімдік, наркотик және тағы да басқа. Бірақ, олардан да құтылуға болады. Ең бастысы өмір үшін маңызды шешім қабылдарда, өзімшілдікке басудың қажеті жоқ. Шешім өте қарапайым. Бірақ, біздің өзімшілдігіміз бізді көзсоқыр қылары соншалық, ең дұрыс шешім санадан жырақ, ал, ең қате шешім ойда тұрып қалады.

Қорытындаласақ, әке ол - асыраушы, ақылшы. Әке – отбасы қорғаны, қамалы, отбасы тірегі, діңгегі. Әке ол - бағдаршам. Әр адам өз міндетін білуі және дұрыс атқара білуі қажет. Шешім қабылдауда асықпа. Бүгініңді емес, өткеніңді емес, ертеңіңді ойлау маңызды. Ештеңе мәңгі емес. Барды барында бағалайық. Себебі, кейбіреуде олда жоқ. Тек әке емес, бізде әкелерімізге жақын болайық. Мейлі, көзден кетсе де, жүректен бейнесін, махаббатын өщіріп алмайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!