Эссе Мамандығым мақтанышым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Мамандығым мақтанышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе мамандық туралы жазылған.Тәрбиеші мамандығы туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



С.Сатыбалдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Балауса» шағын орталығы











«Мамандығымды мақтан етемін»

Эссе






















Дайындаған: Мубаракова Балжан Негматулловна


Қызылқоғам ауылы

2018 жыл

  

Мамандық – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.Сол өмірлік дағдысының жиынтығын мен бала тәрбиесіне арнадым.

Баланың жүрегі ақ қағаздай тап таза. Сол ақ қағазға мейірімділікті, сыпайлықты, тәртіптілікті толтырып жазу үшін, мен қолыма қаламды алдым. Сол қалам арқылы балалардың жүрегіне жол табу үшін тәрбиешінің мамандығын таңдадым.Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы.Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызуға тиістіміз.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез -келгенніне икімділік керек, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.Кей кезде мамандық таңдау ережесін білмегіндіктен өзі қызықпайтын мамандық таңдайды.Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар құрғысы келмейді.Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Дүние алдында жаңа ашылып келе жатқан кішкентай адам тәрбиеші арқылы өмірді танып-білетінін ешқашан ұмытуға болмайды. Ата-аналарды да тәрбиеші өзінің әрбір қылығымызбен тәрбиелейміз.Осы орайдағы ең күшті көмекші құралымыз әрбір адамның рухани азығының қайнар бұлағы- халықтың қағидалары мен ұлттық салт-санасы.

Ұлттық болмыс арқылы баланың дүниетанымын кеңейту, өз бетімен әрекет жасауға, сөздерді дұрыс айтуға ұмтылдыру.

Тәрбиеші мамндығының міндеті- баланы ізденіске құлшындыру, алған ұғымдарын есте сақтауларына, бір-біріне деген сыйластықты қалыптастыру. Ол үшін тәрбиеші әрбір баланың тұлғалық ерешеліктерін біліп, тұлғалық даму жағдайын бақылау бағдарламасын жасап, зерттеуі керек.

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде балабақшаларда білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісінң технологияландыру- басты мәселенің бірі. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педпгогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы. Балабақша- ол сүйкімді, ақылды, көңілді, мейірбан, шулы тамаша балалар әлемі. Осы балабақшадағы тәрбиеші мамандығының жұмысының бәрі- балалардың өсіп, демалулары үшін жасалады. Ата-аналар біздің жұмыстағы басты көмекшіміз және біз оларға көмектері үшін алғысымызды білдіреміз.

Балабақша - ол отбасы. Әр тату отбасындағыдай бізде де өзіміздің дәстүрлеріміз бар.

Балабақшаның даму бағыты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бұл мамандықпен жайқалған, гүлденген, іргесі, нақ бекіген болашағымды көре аламын. Буыны қатпаған жас жеткіншектерді жетілдіру үлкендер мына біздердің парызымыз. Саналы да зиялы және білімді буындарды биіктету біздің қолымызда. Елімнің арқасы асқақ, мерейі үстем болуына азда болса өз үлесімді қосып жатсам, ол мен үшін үлкен абырой.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі